+125 бонус

НЕЛАДЕКС капли глазные/ушные, 5 мл

2510 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Дексаметазон в комбинации с противомикробными препаратами
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Турция
  • Өндіруші: World Medicine Ilac San. ve Tic. A.S.
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы 1 мл препараттың құрамында белсенді заттар: дексаметазон 1,0 мг, неомицин сульфаты 3500 ХБ, полимиксин В сульфаты 6000 ХБ, қосымша заттар: гипромеллоза, бензалконий хлориді, динатрий эдетаты, натрий хлориді, полисорбат 80, натрий гидроксиді немесе хлорсутек қышқылы, инъекцияға арналған су.
Қолданылуы
Дәрілік препарат ересектер мен 8 жастан асқан балаларға қолдануға арналған. Көздің беткейлік бактериялық инфекциямен бірге жүретін немесе кортикостероидтармен емдеуге болатын бактериялық инфекция қаупі бар қабыну жағдайлары, мысалы: - қабақтың немесе көз алмасының конъюнктивасының қабыну жағдайлары - көздің мөлдір қабығы мен алдыңғы бөлігінің қабынуы - көздің алдыңғы бөлігінің созылмалы увеиті - мөлдір қабықтың химиялық заттармен, радиациямен, термиялық күйіктермен немесе бөгде затпен зақымдануы (қарсы көрсетілімдерді ескере отырып).
Қарсы көрсетілімдер
- әсер етуші заттарға немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - қарапайым эпителийлік герпестік кератит - сиыр шешегі, желшешек және мөлдір қабықтың немесе конъюнктиваның басқа да вирустық инфекциясы (герпес зостер вирусынан туындаған кератиттен басқа) - көз құрылымдарының зең аурулары - көздің микобактериялық инфекциялары - препаратты қолдану мөлдір қабықтан асқынбаған бөгде затты алып тастағаннан кейін және мөлдір қабықтың беткейлік эпителийін қамтыған кез келген басқа инфекция немесе зақымдану кезінде қолдануға болмайды.
Дозасы
Қолданар алдында жақсылап шайқаңыз. Конъюнктивалық қалтаға 1-2 тамшыдан тамызу керек. Ауыр инфекциялық процесс дамыған жағдайда препаратты әр сағат сайын тамызады, қабыну құбылыстары азайған сайын препаратты инстилляциялау жиілігі төмендейді. Жеңіл бұзылулар кезінде препаратты күніне 4-6 рет тамызады. Пациенттердің ерекше топтары Балалар Балалардағы Неладекс препаратының қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталған жоқ. Егде жастағы пациенттер Доза ересектердегідей. Бауыр және бүйрек функциясының жеткіліксіздігі бар пациенттер Пациенттердің осы топтарында Неладекс препаратын қолдану зерттелген жоқ. Алайда әсер етуші заттардың жүйелі сіңірілуінің төмен болуына байланысты препаратты жергілікті тамызғаннан кейін дозаны түзету талап етілмейді. Енгізу әдісі мен жолы Офтальмологияда қолдануға арналған. Құтыны ашқаннан кейін препаратты қолданар алдында алғашқы ашылуын бақылауды қамтамасыз ететін үзу сақинасын алыңыз. Тамшылатқыш пен суспензияның ластануын болдырмау үшін сақ болу керек және тамшылатқыштың ұшын қабаққа, көздің айналасына немесе басқа беткейлерге тигізбеу керек. Қолданғаннан кейін құтыны мықтап жабылған қалыпта сақтаңыз. Көзге тамызатын дәріні қолданғаннан кейін жүйелі резорбцияны төмендету үшін келесі шараларды қабылдаған пайдалы: Қабақты 2 минутқа жабыңыз. Көз жасы өзегін саусағыңызбен 2 минут жабыңыз.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.