+134 бонус

НЕКСИВОЛ 5 мг №28 таб.

2680 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Небиволол
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Казахстан
  • Өндіруші: ТОО Абди Ибрахим Глобал Фарм
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында белсенді зат - 5.45 мг небиволол гидрохлориді (5 мг небивололға баламалы), қосымша заттар: лактоза моногидраты, жүгері крахмалы, микрокристалды целлюлоза (101 типі), натрий кроскармеллозасы (Acdisol), гидроксипропилметилцеллюлоза E5, полисорбат 80, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы (Аэросил 200), магний стеараты.
Қолданылуы
Нексивол препараты: - эссенциальді гипертензияда - стандартты ем әдістеріне қосымша ретінде ≥ 70 жастағы егде пациенттерде ауырлығы жеңіл және орташа дәрежедегі тұрақты созылмалы жүрек жеткіліксіздігін емдеуде қолданылады.
Қарсы көрсетілімдер
- әсер етуші затқа немесе «Қосымша мәліметтер» бөлімінде тізбеленген қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - бауыр жеткіліксіздігі немесе бауыр функциясының бұзылуы - жедел жүрек жеткіліксіздігі, кардиогенді шок немесе декомпенсация сатысындағы созылмалы жүрек жеткіліксіздігі - синустық түйіннің әлсіздік синдромында, оның ішінде синоаурикулярлық блокадада, - екінші және үшінші дәрежедегі атриовентрикулярлық блокадада (жасанды ырғақ жетекшісі болмаған жағдайда), - анамнезінде бронх демікпесі - емделмеген феохромоцитома кезінде - метаболизмдік ацидозда - брадикардия (ем басталғанға дейін ЖЖЖ минутына 60 қағудан аз), - артериялық гипотензия (систолалық артериялық қысым < 90 мм сын. бағ.) - шеткері қан айналымының күрделі бұзылулары - 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер
Дозасы
Эссенциальді гипертензия Ересектер Дозасы тәулігіне 1 таблетканы (5 мг) құрайды. Гипотензиялық әсері 1-2 апта емделуден кейін көрініс береді. Кейде ұтымды әсеріне 4 апта өткен соң ғана жетеді. Басқа гипотензиялық дәрілермен біріктіру -адренорецепторлар блокаторларын монотерапия ретінде де, басқа гипотензиялық дәрілермен біріктіріп те қолдануға болады. Әлі күнге дейін қосымша гипотензиялық әсері 5 мг Нексиволдың 12,5-25 мг гидрохлортиазидпен біріктірілімінде ғана байқалды. Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер Бүйрек жеткіліксіздігінен зардап шегетін науқастарға ұсынылған бастапқы дозасы тәулігіне 2,5 мг құрайды. Қажет болса, тәуліктік дозаны 5 мг дейін арттыруға болады. Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер Препаратты бауыр жеткіліксіздігі немесе бауыр функциясының бұзылуы бар пациенттерде қолдануға қатысты деректердің шектеулі ғана саны бар. Осы себепті ондай пациенттерде Нексивол қолдануға болмайды. Егде жастағы пациенттер 65 жастан асқан пациенттерге ұсынылған бастапқы доза тәулігіне 2,5 мг құрайды. Қажет болса, тәуліктік дозаны 5 мг дейін арттыруға болады. Алайда, препаратты 75 жастан асқан пациенттерде қолдану тәжірибесінің жеткіліксіздігін ескеріп, оны осы пациенттерге тағайындағанда сақ болу және мұқият бақылау талап етіледі. Балалар мен жасөспірімдер Препаратты 18 жасқа толмаған балалар мен жасөспірімдерде қолдануға қатысты зерттеулер жүргізілмеген. Осы себепті бұл жас тобында препаратты қолдану ұсынылмайды. Жүректің созылмалы жеткіліксіздігі бар пациенттер Жүректің тұрақты созылмалы жеткіліксіздігін емдеу жекеше оңтайлы демеуші дозасына жеткенше дозаны баяу титрлеуден басталуы тиіс. Мұндай пациенттерге препарат, егер оларда жүректің тұрақты созылмалы жеткіліксіздігі оның соңғы 6 ай ішіндегі жедел декомпенсация көріністерінсіз орын алған жағдайда, тағайындалады. Жүректің созылмалы жеткіліксіздігін емдеуді тәжірибелі дәрігер жүргізуі тиіс. Нексивол препаратымен емдеуді бастар алдында диуретиктер және/немесе дигоксин және/немесе АӨФ тежегіштері және/немесе ангиотензин II рецепторларының антагонистері қамтылатын жүрек-қантамыр препараттарын қабылдайтын пациенттерде осы дәрі-дәрмектердің іріктелген дозасы соңғы 2 апта бойы тұрақты болуы тиіс. Бастапқы дозаны, осы орайда біреуден екі аптаға дейінгі аралықтарды ұстанып және пациенттегі осы дозаның көтерімділігіне сүйеніп, мына сызба бойынша титрлеу керек: Тәулігіне бір рет 1,25 мг Нексивол препараты, тәулігіне бір рет 2,5 мг дейін, сонан соң тәулігіне бір рет 5 мг дейін, ал артынан тәулігіне бір рет 10 мг дейін арттыруға болады. Ең жоғары ұсынылатын дозасы тәулігіне бір рет 10 мг Нексивол препаратын құрайды. Емдеудің басында және дозаны әр арттырған сайын пациент клиникалық жағдайдың тұрақты күйде қалатынына көз жеткізу үшін (әсіресе, артериялық қысым, жүректің жиырылу жиілігі, өткізгіштік бұзылуы, сондай-ақ жүрек жеткіліксіздігінің ауырлап кету симптомдары тұрғысынан) 2 сағаттан кем емес уақыт бойы тәжірибелі дәрігердің бақылауында болуы тиіс. Жағымсыз әсерлердің пайда болуы пациенттердің бәрінің бірдей ең жоғары ұсынылатын дозалармен емделмеуі мүмкіндігіне әкелуі мүмкін. Қажет болса, шегіне жеткен дозаны қайтадан сатылап азайтуға немесе, тиісінше, оған қайта оралуға болады. Жүрек жеткіліксіздігінің өршуінде немесе препаратты көтере алмаушылықта оны титрлеу фазасында Нексивол препаратының дозасын әуелі азайту немесе, қажет болса (ауыр гипотония пайда болғанда, өкпенің жедел ісінуімен жүрек жеткіліксіздігі өршігенде, кардиогенді шок дамуында, симптоматикалық брадикардияда немесе АВ блокадасында), дереу оны тоқтату ұсынылады. Әдетте, тұрақты жүректің созылмалы жеткіліксіздігін Нексивол препаратымен емдеу ұзақ мерзімді болып табылады. Нексивол препаратымен емдеуді күрт тоқтатуға болмайды, өйткені, бұл жүрек жеткіліксіздігінің уақытша өршуіне әкелуі мүмкін. Егер препаратты тоқтату қажет болса, дозаны сатылап төмендетіп, оны бір апталық аралықпен екі есе азайту керек. Таблеткаларды ас ішу кезінде қабылдауға болады. Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер Дозаны ең жоғары көтерімдісіне дейін титрлеу әркімге жеке жүргізілетіндіктен, оны ауырлық дәрежесі жеңілден орташаға дейінгі бүйрек жеткіліксіздігінде түзету талап етілмейді. Ауыр дәрежедегі бүйрек жеткіліксіздігі бар (сарысу креатинині ≥ 250 мкмоль/л) науқастарда препаратты қолдану тәжірибесі жоқ. Сондықтан осы пациенттерде Нексивол препаратын қолдану ұсынылмайды. Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде препаратты қолдануға қатысты деректердің шектеулі ғана саны бар. Осы себепті мұндай пациенттерде Нексивол препаратын қолдануға болмайды. Егде жастағы пациенттер Дозаны ең жоғары көтерімдісіне дейін титрлеу әркімге жеке жүргізілетіндіктен, оны түзету талап етілмейді. Балалар мен жасөспірімдер Препаратты 18 жасқа толмаған балалар мен жасөспірімдерде қолдануға қатысты зерттеулер жүргізілмеген. Осы себепті бұл жас тобында препаратты қолдану ұсынылмайды. Енгізу әдісі және жолы Препаратты ішке қабылдау керек. Қабылдау уақыты көрсетілген қолдану жиілігі Таблеткаларды үнемі тәуліктің белгілі бір мезгілінде қабылдаған дұрыс. Препаратты ас ішу кезінде қабылдауға болады.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.