+260 бонус

НЕКСИУМ 20 мг №14 таб

5210 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Эзомепразол
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Швеция
  • Өндіруші: АстраЗенека АБ
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында белсенді зат - 22.30 мг немесе 44.50 мг эзомепразол магний тригидраты, 20 мг және 40 мг эзомепразолға баламалы қосымша заттар: темірдің қызыл-қоңыр тотығы (Е 172), темірдің сары тотығы (Е 172) (20 мг доза үшін), глицерин моностеараты 40-55, гидроксипропилцеллюлоза, гипромеллоза, магний стеараты, метакрил қышқылы және этилакрилат сополимері (1:1) (дисперсия 30 %), микрокристалды целлюлоза, синтетикалық парафин, макрогол, полисорбат 80, кросповидон, натрий стеарилфумараты, қант сфералары, тальк, титанның қостотығы (Е 171), триэтилцитрат
Қолданылуы
Нексиум препараты, 20 мг Ересектер Гастро-эзофагеальді рефлюкс ауруы (ГЭРА) - эрозиялық рефлюкс-эзофагитті емдеу - эрозиялық рефлюкс-эзофагит жазылуынан кейін қайталануын болдырмау үшін ұзақ жүргізілетін демеуші ем - гастро-эзофагеальді рефлюкс ауруын (ГЭРА) симптоматикалық емдеу Helicobacter pylori эрадикациясы үшін бактерияға қарсы емнің тиісті сызбаларымен біріктірілімде - Helicobacter pylori-мен астасқан он екі елі ішек ойық жарасын емдеу - Helicobacter pylori-мен астасқан асқазан мен он екі елі ішек ойық жарасының қайталану профилактикасы Қабынуға қарсы стероидты емес препараттармен (ҚҚСП) ұзақ жүргізілетін ем қажет болатын пациенттер - ҚҚСП қабылдаумен байланысты асқазан ойық жарасының жазылуы - қауіп тобына жататын пациенттерде ҚҚСП қабылдаумен байланысты асқазан мен он екі елі ішек ойық жарасының профилактикасы. Золлингер-Эллисон синдромын емдеу 12 жастан үлкен жасөспірімдер Гастро-эзофагеальді рефлюкс ауруы (ГЭРА) - эрозиялық рефлюкс-эзофагитті емдеу - эрозиялық рефлюкс-эзофагит жазылуынан кейін қайталануын болдырмау үшін ұзақ жүргізілетін демеуші ем - гастро-эзофагеальді рефлюкс ауруын (ГЭРА) симптоматикалық емдеу Helicobacter pylori-мен астасқан он екі елі ішектің ойық жарасын емдеу үшін бактерияға қарсы біріктірілген ем құрамында.
Қарсы көрсетілімдер
- эзомепразолға, орын басатын бензимидазолдарға немесе басқа қосымша заттарға аса жоғары сезімталдық - нелфинавирмен бір мезгілде қабылдау - тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы - глюкоза-галактозалық мальабсорбция немесе сахараза-изомальтаза жеткіліксіздігі - ГЭРА кезіндегі 12 жасқа дейінгі балалар - гастроэзофагеальді рефлюкс ауруынан тыс, басқа көрсетілімдер бойынша 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер Сақтықпен - бүйректің ауыр жеткіліксіздігі
Дозасы
Нексиум препараты, 20 мг Ересектер Гастро-эзофагеальді рефлюкс ауруы(ГЭРА) - эрозиялық рефлюкс-эзофагитті емдеу 4 апта бойы тәулігіне бір рет 40 мг. Алғашқы курстан кейін эзофагит жазылуы басталмаған немесе симптомдары сақталған жағдайларда қосымша 4 апталық емдеу курсы ұсынылады. эрозиялық рефлюкс-эзофагит жазылуынан кейін қайталануын болдырмау үшін ұзақ жүргізілетін демеуші ем тәулігіне бір рет 20 мг. гастроэзофагеальді рефлюкс ауруын (ГЭРА) симптоматикалық емдеу эзофагитсіз пациенттерге тәулігіне бір рет 20 мг. Егер 4 апта емдеуден кейін симптомдар жоғалмаса, пациентті қосымша тексеруден өткізу керек. Ауру симптомдары басылған соң одан кейінгі симптомдар бақылануына тәулігіне 20 мг көмегімен қол жеткізуге болады. Симптомдар жаңғыруында препаратты «қажеттілігі бойынша» қабылдау режиміне ауысуға, яғни тәулігіне бір рет 20 мг Нексиум препаратын қабылдауға болады. ҚҚСП қабылдап жүрген және асқазан мен он екі елі ішек ойық жарасы дамитын қауіп тобына жататын пациенттер үшін «қажеттілігі бойынша» режимінде емдеуді ұзарту ұсынылмайды. Helicobacter pylori эрадикациясы үшін бактерияға қарсы емнің тиісті сызбаларымен біріктірілімде Helicobacter pylori-мен астасқан асқазан мен он екі елі ішек ойық жарасының жазылуы және Helicobacter pylori-мен астасқан асқазан мен он екі елі ішек ойық жарасының қайталану профилактикасы Нексиум препараты 20 мг дозада 1 г дозадағы амоксициллин және 500 мг дозадағы кларитромицинмен біріктірілімде; барлық препараттарды 7 күн бойы тәулігіне екі рет қабылдау керек. Қабынуға қарсы стероидты емес препараттармен (ҚҚСП) ұзақ уақыт емдеу қажет болатын пациенттер - ҚҚСП қабылдаумен байланысты асқазан ойық жарасының жазылуы Әдеттегі доза тәулігіне бір рет 20 мг құрайды. Емдеу ұзақтығы 4-8 апта. - қауіп тобына жататын пациенттерде ҚҚСП қабылдаумен байланысты асқазан мен он екі елі ішек ойық жарасының профилактикасы тәулігіне бір рет 20 мг. Золлингер-Эллисон синдромын емдеу Нексиум препаратының бастапқы ұсынылатын дозасы тәулігіне екі рет 40 мг құрайды. Әріқарай дозаны әркімге жеке таңдау және көрсетілімдер бойынша емдеуді жалғастыру керек. Қолда бар деректер бойынша, көптеген пациенттер препаратты тәулігіне 80-нен 160 мг дейінгі эзомепразол дозаларында қолдана алады. Тәулігіне 80 мг-ден артық дозаларды бөліп, тәулігіне 2 рет қабылдау керек. 12 жастан үлкен жасөспірімдер Гастро-эзофагеальді рефлюкс ауруы (ГЭРА) - эрозиялық рефлюкс-эзофагитті емдеу 4 апта бойы тәулігіне бір рет 40 мг. Алғашқы курстан кейін эзофагит жазылуы басталмаған немесе симптомдар сақталған жағдайларда емдеудің қосымша 4 апталық курсы ұсынылады. - эрозиялық рефлюкс-эзофагит жазылуынан кейін қайталануын болдырмау үшін ұзақ жүргізілетін демеуші ем тәулігіне бір рет 20 мг. - гастро-эзофагеальді рефлюкс ауруын (ГЭРА) симптоматикалық емдеу эзофагитсіз пациенттерге тәулігіне бір рет 20 мг. Егер 4 апта емделуден кейін симптомдар басылмаса, пациентті қосымша тексеруден өткізу керек. Ауру симптомдары басылған соң одан кейін симптомдардың бақылануына тәулігіне 20 мг көмегімен қол жеткізуге болады. Helicobacter pylori-мен астасқан он екі елі ішек ойық жарасын емдеу Тиісті біріктірілген емді таңдағанда бактериялық төзімділігі, емдеу курсының ұзақтығы (ең көп жиі емдеу ұзақтығы 7 күн, бірақ кейде 14 күнге дейін) және бактерияға қарсы дәрілерді талапқа сай қолдану бойынша ресми ұлттық, аймақтық және жергілікті нұсқаулар ескерілу керек. Емдеу дәрігердің бақылауымен жүргізілуі тиіс. Ұсынылатын доза: Дене салмағы Доза 30-40 кг Екі антибиотикпен біріктірілім: Нексиум препараты 20 мг дозада, амоксициллин 750 мг дозада және кларитромицин 7.5 мг/кг дозада дене салмағына, барлық препараттарды 1 апта бойы тәулігіне екі рет қабылдау керек. > 40 кг Екі антибиотикпен біріктірілім: Нексиум препараты 20 мг дозада, амоксициллин 1 г дозада және кларитромицин 500 мг дозада, барлық препараттарды 1 апта бойы тәулігіне екі рет қабылдау керек.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.