+477 бонус

НЕКСЕЛИМ 40 мг №28 капс

9:00-ден кейін қолжетімді
9550 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Дулоксетин
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Казахстан
  • Өндіруші: Нобел Алматинская Фармацевтическая Фабрика
Нұсқаулық
Құрамы
Бір капсуланың құрамында белсенді зат - 117.40 мг және 234.80 мг дулоксетин микропеллеттері (сәйкесінше 20.00 мг және 40.00 мг дулоксетинге баламалы) Капсула қабығының құрамы: 20 мг доза үшін: корпусы: жылтыр көк FCF (Е133), титанның қостотығы (Е171), желатин қақпақшасы: жылтыр көк FCF (Е133), титанның қостотығы (Е171), желатин 40 мг доза үшін: корпусы: темірдің қызыл тотығы (Е172), темірдің сары тотығы (Е172), титанның қостотығы (Е171), желатин қақпақшасы: жылтыр көк FCF (Е133), титанның қостотығы (Е171), желатин Микропеллеттердің құрамы: 22.433 мг және 44.866 мг дулоксетин гидрохлориді (20.00 мг және 40.00 мг баламалы), бейтарап пеллеттер, гидроксипропилметилцеллюлоза 603, сахароза (кристалды қант), тальк, триэтилцитрат, гипромеллоза ацетаты сукцинаты-LF (HPMC-AS-LF), аммиак ерітіндісі (25 %), Opadry ақ 02А28361 Opadry ақ 02А28361 құрамы: НРМС 2910/ Гипромеллоза (Е464), титанның қостотығы (Е171), тальк.
Қолданылуы
Ересектер - әйелдерде стресстен болатын несеп ұстамауының орташа және ауыр дәрежесін емдеу үшін қолданылады.
Қарсы көрсетілімдер
- әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - бауыр жеткіліксіздігі нәтижесінде туындаған бауыр аурулары - НЕКСЕЛИМ моноаминоксидазаның (МАО) селективті емес, қайтымды емес тежегіштерімен біріктіріп қолданылмауы тиіс - НЕКСЕЛИМ флувоксамин, ципрофлоксацин немесе эноксацин сияқты CYP1A2 тежегіштерімен біріктіріп қолданылмауы тиіс, себебі мұндай біріктірілім дулоксетиннің плазмадағы концентрациясының жоғарылауына алып келеді - бүйректің ауыр жеткіліксіздігі (креатинин клиренсі <30 мл/мин) - бақыланбайтын гипертониясы бар пациенттерге, себебі бұл пациенттерді гипертониялық криз қаупіне ұшыратуы ықтимал - 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер
Дозасы
НЕКСЕЛИМ препаратының ұсынылатын дозасы ас ішуге байланыссыз күніне екі рет 40 мг құрайды. Емнің тиімділігі мен жағымдылығын бағалау үшін 2-4 апта емдеуден соң пациенттер қайтадан тексерілуі тиіс. Кейбір пациенттерде доза ұсынылған күніне екі рет 40 мг дозаға дейін арттырылғанша, екі апта бойы күніне екі рет 20 мг дозада бастапқы емдеу кезінде оң нәтиже алынуы мүмкін. Дозаны арттыруды баяулатуға болады, бұл жүрек айнуы мен бас айналу қаупін жоққа шығармайды. Сондай-ақ 20 мг дозасы да қолданылады. Алайда, қолда тек күніне екі рет 20 мг дулоксетиннің тиімділігіне қатысты шектеулі деректер бар. Дулоксетиннің тиімділігі 3 айдан артық уақытқа созылған плацебо-бақыланатын зерттеулерде бағаланбады. Емнің тиімділігін жүйелі уақыт аралықтары сайын қайтадан бағалап отыру керек. НЕКСЕЛИМ препаратын жамбас түбі бұлшықеттерін жаттықтырумен біріктіру тек дәрі-дәрмекпен жүргізілетін емге қарағанда, тиімдірек болуы мүмкін. Емдеуді бастар алдында жамбас түбі бұлшықеттерін қатарластыра жаттықтыру мәселесін қарастыру ұсынылады. Пациенттердің ерекше топтары Бауыр жеткіліксіздігіне шалдыққан пациенттер НЕКСЕЛИМ препараты бауыр жеткіліксіздігінің нәтижесінде туындаған аурулары бар әйелдерде қолданылмауы тиіс. Бүйрек жеткіліксіздігіне шалдыққан пациенттер Жеңіл және орташа бүйрек жеткіліксіздігіне (креатинин клиренсі 30-дан 80 мл/мин-ге дейін) шалдыққан пациенттерде дозаны түзету қажеттілігі жоқ. НЕКСЕЛИМ препаратын бүйрек жеткіліксіздігінің ауыр түріне (креатинин клиренсі <30 мл/мин) шалдыққан пациенттерде қолдануға болмайды. Балалар Қауіпсіздігі мен тиімділігі туралы деректердің болмауына байланысты балалар мен жасөспірімдерде дулоксетинді қолдану ұсынылмайды. Егде жастағы пациенттер Егде жастағы адамдарды емдеу кезінде сақтық танытқан жөн. Емдеуді тоқтату Емдеуді күрт тоқтатпау керек. Емдеуді тоқтатқан жағдайда, тоқтату синдромының қаупін азайту үшін НЕКСЕЛИМ  препаратының дозасын 1-2 апта ішінде біртіндеп азайту керек. Егер жағымсыздық симптомдары дозасын азайтқаннан кейін немесе емдеуді тоқтатқан кезде көрініс берсе, бұрын жазып берілген дозаны қайта жаңғыртуға болады. Кейіннен, дәрігер дозаны төмендетуді жалғастыруы, бірақ жылдамдығы баяуырақ болуы мүмкін. Енгізу әдісі мен жолы Пероральді.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.