+125 бонус

НЕЙРОТЕКС 50мг/мл 2мл N5 р-р д/в/м и в/в введ

9:00-ден кейін қолжетімді
2505 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Препараты для лечения заболеваний нервной системы другие
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Россия
  • Өндіруші: ЗАО «ФармФирма «Сотекс»
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір ампуланың ішінде: белсенді зат - этилметилгидроксипиридин сукцинаты -100 мг және 250 мг, қосымша заттар: натрий метабисульфиті, инъекцияға арналған су.
Қолданылуы
НЕЙРОТЕКС®, вена ішіне және бұлшықет ішіне енгізуге арналған ерітінді ересектерде қолданылады: ми қан айналымының жедел бұзылуында (кешенді ем құрамында); бассүйек-ми жарақатында, бассүйек-ми жарақатының салдарында; дисциркуляторлы энцефалопатияда; вегетативті (нейроциркуляторлы) дистонияда; шығу тегі атеросклероздық болатын жеңіл когнитивті бұзылыстарда; невроздық және невроз тәрізді жағдайлардағы үрейлі жай-күйде; жедел миокард инфарктісінде (бірінші тәуліктен бастап) кешенді ем құрамында; әртүрлі сатыдағы алғашқы ашық бұрышты глаукомада, кешенді ем құрамында; алкоголизмдегі невроз тәрізді және вегетативті-қантамырлық бұзылыстар басым болатын абстинентті синдромда; психозға қарсы дәрілік заттармен жедел уыттануда; құрсақ қуысының жедел іріңді-қабыну үдерістерінде (жедел некроздық панкреатит, перитонит) кешенді ем құрамында
Қарсы көрсетілімдер
әсер етуші затқа және қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық; жедел бүйрек жеткіліксіздігі; жедел бауыр жеткіліксіздігі;
Дозасы
Ең жоғары тәуліктік доза 1200 мг-ден аспауы тиіс. Ми қанайналымының жедел бұзылуында НЕЙРОТЕКС® кешенді емдеуде алғашқы 10-14 күнде – вена ішіне (в/і) тамшылатып 200-500 мг-ден тәулігіне 2-4 рет, содан соң - бұлшықет ішіне (б/і) 200-250 мг-ден тәулігіне 2-3 рет 2 апта бойы қолданады. Бассүйек-ми жарақатында және бассүйек-ми жарақаты салдарында НЕЙРОТЕКС® 10-15 күн бойы в/і тамшылатып 200-500 мг-ден тәулігіне 2-4 рет қолданады. Дисциркуляторлы энцефалопатияның декомпенсация сатысында НЕЙРОТЕКС® 14 күн бойы тәулігіне 1-2 рет 200-500 мг дозада в/і сорғалатып немесе тамшылатып енгізуге тағайындау керек. Содан кейін – б/і тәулігіне 100-250 мг-ден кейінгі 2 апта бойы. Дисциркуляторлы энцефалопатия курстық профилактикасы үшін НЕЙРОТЕКС® б/і 200-250 мг дозада тәулігіне 2 рет 10-14 күн бойы енгізеді. Нейроциркуляторлы дистонияда, невроздық және невроз тәрізді жағдайларда препаратты б/і тәулігіне 50-400 мг-ден 14 күн бойы енгізеді. Егде жастағы науқастарда жеңіл когнитивтік бұзылуларда және үрей тудыратын бұзылуларда препаратты б/і тәулігіне 100-300 мг дозада 14-30 күн бойы қолданады. Кешенді ем құрамында жедел миокард инфарктінде НЕЙРОТЕКС® миокард инфарктісін (нитраттар, бета-адреноблокаторлар, ангиотензин-өзгертетін фермент (АӨФ) тежегіштері, тромболитиктер, антикоагулянтты және антиагрегантты препараттар, сондай-ақ, көрсетілімдері бойынша симптоматикалық дәрілер кіретін) дәстүрлі емдеу аясында 14 тәулік бойы в/і немесе б/і енгізеді. Алғашқы 5 тәулікте НЕЙРОТЕКС® вена ішіне енгізеді, кейінгі 9 тәулікте препарат бұлшықет ішіне енгізілуі мүмкін. Препаратты вена ішіне енгізуді 30-90 минут бойы тамшылату инфузиясы (баяу) арқылы жүзеге асырады (100-150 мл 0,9 % натрий хлоридінің ерітіндісіне немесе 5 % декстроза (глюкоза) ерітіндісіне), қажет болғанда препаратты баяу сорғалатып в/і енгізуге болады, ұзақтығы кемінде 5 минут. Препаратты енгізуді (в/і немесе б/і) тәулігіне 3 рет жүзеге асырады, әр 8 сағат сайын. Тәуліктік доза дене салмағына 6-9 мг/кг құрайды, бір реттік доза дене салмағына – 2-3 мг/кг. Ең жоғары тәуліктік доза 800 мг-ден, бір реттік доза – 250 мг-ден аспауы тиіс. Әртүрлі сатыдағы ашық бұрышты глаукомада кешенді ем құрамында НЕЙРОТЕКС® б/і тәулігіне 100-300 мг-ден 1-3 рет 14 күн бойы енгізеді. Абстинентті алкогольдік синдромда НЕЙРОТЕКС® б/і немесе в/і тамшылатып 200–500 мг дозада тәулігіне 2–3 рет 5–7 күн бойы енгізеді. Психозға қарсы дәрілік препараттармен жедел уыттануда НЕЙРОТЕКС® в/і тәулігіне 200-500 мг дозада 7-14 күн бойы енгізеді. Құрсақ қуысының жедел іріңді-қабыну процестерінде (жедел некроздық панкреатит, перитонит) НЕЙРОТЕКС® операция алдындағы және операциядан кейінгі кезеңде бірінші күні тағайындалады. Енгізілетін дозалар аурудың формасы мен ауырлығына, процестің таралуына, клиникалық ағымның нұсқаларына байланысты. Препаратты тоқтату тұрақты оң клиникалық-зертханалық әсерден кейін ғана біртіндеп жүргізілуі тиіс. Жедел ісіну (интерстициальды) панкреатит кезінде НЕЙРОТЕКС® күніне 3 рет 200-500 мг, в/і тамшылатып (натрий хлоридінің 0,9% ерітіндісінде) және б/і тағайындалады. Некроздық панкреатиттің жеңіл ауырлық дәрежесі-күніне 3 рет 100-200 мг тамшылатып (натрий хлоридінің 0,9% ерітіндісінде) және б/і. Орташа ауырлық дәрежесі-күніне 3 рет 200 мг, тамшылатып в/і (0,9% натрий хлориді ерітіндісінде). Ауыр ағым-пульс-дозада алғашқы тәулікте 800 мг, екі рет енгізу режимінде; бұдан әрі тәуліктік дозаны біртіндеп төмендете отырып, күніне 2 рет 200-500 мг. Өте ауыр ағым - тәуліктік дозаны біртіндеп төмендете отырып, тәулігіне 2 рет тамшылатып (натрий хлоридінің 0,9% ерітіндісінде) 300-500 мг күйін тұрақтандыру бойынша панкреатогендік шок көріністерін тұрақты тоқтатқанға дейін тәулігіне 800 мг бастапқы дозада.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.