+120 бонус

НЕЙРОТЕКС 125мг №50 табл

9:00-ден кейін қолжетімді
2410 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Препараты для лечения заболеваний нервной системы другие
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Россия
  • Өндіруші: Рафарма АО
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында белсенді зат – этилметилгидроксипиридин сукцинаты - 125 мг, қосымша заттар: лактоза моногидраты, микрокристалды целлюлоза (МКЦ-102), картоп крахмалы, повидон (К90), натрий кроскармеллозы, магний стеараты, қабықтың құрамы: Опадрай II ақ 85F48105 (поливинил спирті, макрогол, тальк, титанның қостотығы (Е 171)).
Қолданылуы
НЕЙРОТЕКС® ересектерде қолдануға арналған: ми қанайналымының жедел бұзылуларының салдарлары кезінде, соның ішінде транзиторлық ишемиялық шабуылдардан кейін, субкомпенсация фазасында профилактикалық курстар ретінде; жеңіл бассүйек-ми жарақатында, бассүйек-ми жарақатының салдарларында; шығу тегі әр түрлі (дисциркуляторлық, дисметаболизмдік, жарақаттан кейінгі, аралас) энцефалопатияларда; вегетативтік дистония синдромында; шығу тегі атеросклероздық, жеңіл когнитивтік бұзылыстарда; невроздық және невроз тәрізді жай-күйлер кезіндегі үрейлі бұзылыстарда; жүректің ишемиялық ауруында кешенді ем құрамында; невроз тәрізді және вегетативтік-қантамырлық бұзылыстардың, постабстиненттік бұзылыстардың басымдығымен жүретін маскүнемдік кезіндегі абстиненциялық синдромды басу үшін; психозға қарсы дәрілермен жедел уыттанудан кейінгі жай-күйлерде; астениялық жағдайларда, сондай-ақ, экстремальді факторлар мен жүктемелердің әсерінен соматикалық аурулардың дамуының профилактикасы үшін; экстремальді (стрессорлық) факторлардың әсері кезінде.
Қарсы көрсетілімдер
әсер етуші затына немесе «Қосымша мәліметтер» бөлімінде атап келтірілген қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық; бауыр және/немесе бүйректің жедел жеткіліксіздігі; тұқым қуалайтын галактоза жақпаушылығы, Lapp (ЛАПП) - лактаза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар адамдарға қолдануға болмайды; жүктілік және бала емізу кезеңі; балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге.
Дозасы
Тәулігіне 3 рет 125-250 мг-ден; ең жоғары тәуліктік дозасы – 750 мг Бастапқы дозасы – тәулігіне 1-2 рет 125-250 мг (1-2 таблетка), емдік әсері алынғанға дейін біртіндеп арттырады. Енгізу әдісі мен жолы Ішке қабылдауға арналған. Қабылдау уақыты көрсетілген қолдану жиілігі Бастапқы дозасы – тәулігіне 1-2 рет 125-250 мг (1-2 таблетка), емдік әсері алынғанға дейін біртіндеп арттырады; ең жоғары тәуліктік дозасы – 800 мг (6 таблетка). Емдеу ұзақтығы Емдеу ұзақтығы – 2-6 апта; алкогольдік абстиненцияны басу үшін – 5-7 күн. Емдеуді біртіндеп, дозасын 2-3 күн ішінде азайта отырып тоқтатады. Жүректің ишемиялық ауруы бар пациенттерде емдеу курсының ұзақтығы 1,5 – 2 айдан кем емес. Қайталау курстарын (дәрігердің ұсынымы бойынша) көктем – күз мезгілдерінде жүргізген дұрыс.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.