+84 бонус

НЕЙРОНОВА 2мл №5 амп

1690 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Витамин В1 в комбинации с витамином В6 и/или витамином В12
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Казахстан
  • Өндіруші: АО Химфарм
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы 2 мл препараттың құрамында белсенді заттар: тиамин гидрохлориді 100.00 мг (100 % затқа шаққанда) пиридоксин гидрохлориді 100.00 мг (100 % затқа шаққанда) цианокобаламин 1.00 мг, (100 % затқа шаққанда) қосымша заттар: лидокаин гидрохлориді (100 % затқа шаққанда), бензил спирті, натрий полифосфаты, калий гексацианоферраты (III), натрий гидроксиді, 1 М натрий гидроксиді ерітіндісі немесе 1 М хлорсутек қышқылы (рН 3.0-тен 5.0-ге дейін), инъекцияға арналған су.
Қолданылуы
В1, В6 және В12 дәрумендерінің тапшылығы расталған, тамақ өнімдерімен толықтыру мүмкін емес айқын жүйелі неврологиялық ауруларды емдеу
Қарсы көрсетілімдер
әсер етуші заттар тиамин гидрохлоридіне, пиридоксин гидрохлоридіне, цианокобаламинге немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық декомпенсацияланған жүрек жеткіліксіздігі, жүрек өткізгіштігінің бұзылуы жүктілік және бала емізу кезеңі 12 жасқа дейінгі балалар
Дозасы
Дозалану режимі НЕЙРОНОВА® препараты тек бұлшықет ішіне инъекция түрінде ғана енгізіледі (б/і). Ампула ашылғаннан кейін микробиологиялық тұрғыдан препарат дереу енгізілуге жатады. Препаратты вена ішіне (в/і) енгізуге болмайды, кездейсоқ венаға түскен кезде пациентті дәрігер бақылауы тиіс немесе симптомдардың ауырлығына байланысты ауруханаға жатқызылуы тиіс. Қандағы препарат концентрациясының жоғарғы деңгейіне тез қол жеткізу үшін айқын ауыру синдромы жағдайларында емдеуді 5-10 күн бойы күнделікті 2,0 мл-ден бастаған жөн. Ауыру синдромы жойылғаннан кейін және аурудың жеңіл формаларында одан әрі ішке қабылдауға арналған дәрілік түрімен емдеуге, немесе ішке қабылдауға арналған дәрілік түрімен емдеудің жалғасу мүмкіндігімен неғұрлым сирек инъекцияларға (2-3 апта бойы аптасына 2-3 рет) ауысады. Дәрігердің апта сайын тексеруі ұсынылады. Ішке қабылдауға арналған дәрілік түрімен емдеуге ауысуды барынша мүмкін болатын қысқа мерзімде жүзеге асырған жөн. Ең жоғарғы бір реттік доза: 2,0 мл, Ең жоғарғы тәуліктік доза: 2,0 мл, Пациенттердің ерекше топтары Балалар 12 жасқа дейінгі балаларға қолдануға болмайды. Егде жастағы пациенттер Қолда бар деректер негізінде егде жастағы пациенттерде ұсынылатын дозада препаратты қолдану бойынша қандай да бір шектеулер жоқ. Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер Бауыр функциясы бұзылған пациенттерде препарат әдеттегі дозада қолданылуы мүмкін. Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер Бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде препарат әдеттегі дозада қолданылуы мүмкін. Енгізу әдісі және жолы Инъекцияларды терең бұлшықет ішіне жасайды. Қабылдау уақыты көрсетілген қолданылу жиілігі Енгізу жиілігі: тәулігіне бір рет. Емдеу ұзақтығы Емдеу ұзақтығын емдеуші дәрігер анықтайды

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.