+393 бонус

НЕЙРОМИДИН 20 мг №50 таб

7860 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Антихолинэстеразные средства
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Латвия
  • Өндіруші: Олайнфарм АО
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Құрамы Бір таблетка құрамы белсенді зат - 20,0 мг ипидакрин гидрохлориді (сусыз затқа шаққанда), қосымша заттар: лактоза моногидраты, картоп крахмалы, кальций стеараты.
Қолданылуы
Кешенді ем құрамында шеткергі жүйке жүйесінің аурулары (неврит, полиневрит, полиневропатия, полирадикулоневропатия, миастения және шығу тегі әртүрлі миастениялық синдром); бульбарлық салданулар және парездер; қимыл-қозғалыстың бұзылуымен қатар жүретін, орталық жүйке жүйесінің органикалық зақымдануларындағы қалпына келтіру кезеңінде; жүйке жүйесінің демиелинизацияланатын ауруларында (соның ішінде жайылған склероз); шығу тегі әртүрлі жады бұзылуларында (Альцгеймер ауруы, қарттық кем ақылдылықтың басқа түрлері); ішек атониясында.
Қарсы көрсетілімдер
- ипидакринге немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - эпилепсия - гиперкинезбен бірге экстрапирамидтік аурулар - стенокардия - айқын брадикардия - бронх демікпесі - ішектің немесе несеп шығару жолдарының бітелуі - вестибулярлы бұзылыстар - асқазан мен он екі елі ішектің ойық жара ауруының өршу сатысы - жүктілік және бала емізу кезеңі - 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер (балаларда дәрілік заттың қауіпсіздігіне талапқа сай зерттеулер жүргізілген жоқ).
Дозасы
Дозалар және емдеу ұзақтығы сырқаттың ауырлығына қарай әр адамға жекелей белгіленеді. Шеткергі жүйке жүйесінің аурулары, миастенияда және миастениялық синдромда: Ішке күніне 1-3 рет 10-20 мг. Емдеу курсы бір айдан екі айға дейінді құрайды. Қажет болған кезде емдеу курсы аралықтарына 1-2 ай үзіліспен бірнеше рет қайталауға болады. Жүйке-бұлшықет өткізгіштігінің ауыр бұзылуы кезінде миастениялық кризге жол бермеу үшін қысқа мерзім ішінде 15-30 мг (1-2 мл Нейромидиннің инъекцияға арналған 15 мг/мл ерітіндісін) парентеральды енгізеді. Содан кейін емдеуді дәрілік заттың таблетка түрімен жалғастырады және дозаны күніне 5-6 рет 20-40 мг-ге дейін арттыруға болады. Шығу тегі әртүрлі жады бұзылулары (Альцгеймер ауруы, қарттық кем ақылдылықтың басқа түрлері) Дозаны және емдеу ұзақтығы әркімге жеке белгіленеді. Ең жоғары тәуліктік доза кейде 200 мг құрауы мүмкін. Емдеу курсы – бір айдан бір жылға дейін. Ішек атониясын емдеу және профилактика 1-2 апта бойы күніне 2-3 рет 20 мг.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.