+425 бонус

НЕЙРОМИДИН 0,5% 1 мл №10 амп

9:00-ден кейін қолжетімді
8500 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Ипидакрин
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Болгария
  • Өндіруші: АО Олайнфарм
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы 1 мл ерітіндінің (1 ампула) құрамында белсенді зат: ипидакрин гидрохлориді (сусыз затқа шаққанда) 5 мг немесе 15 мг, қосымша заттар: 1 М хлорсутек қышқылы, инъекцияға арналған су.
Қолданылуы
Кешенді ем құрамында - шеткері жүйке жүйесі аурулары (неврит, полиневрит, полиневропатия, полирадикулоневропатия, миастения және түрлі этиологиядағы миастениялық синдром) - орталық жүйке жүйесі аурулары: бульбарлы салдану және парездер - қозғалыстың бұзылуымен қатар жүретін, орталық жүйке жүйесінің органикалық зақымдануы кезіндегі қалпына келу кезеңі
Қарсы көрсетілімдер
- әсер етуші затқа немесе қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - эпилепсия - гиперкинезі бар экстрапирамидалық аурулар - стенокардия - айқын брадикардия - бронх демікпесі - ішектің немесе несеп шығару жолының бітелуі - вестибулярлық бұзылыстарға бейімділік - өршу сатысындағы асқазан немесе он екі елі ішектің ойық жаралы ауруы - жүктілік және бала емізу кезеңі - 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер (дәрілік заттың балаларда қауіпсіздігін зерттеу бойынша талапқа сай зерттеулер жүргізілген жоқ).
Дозасы
Дозалану режимі Шеткері жүйке жүйесінің аурулары: - түрлі генездегі моно- және полиневропатия: күніне 1-2 рет 1 мл 5 мг/мл немесе 1 мл 15 мг/мл инъекцияға арналған ерітіндіні бұлшықет ішіне, емдеу курсы – 10-15 күн (ауыр жағдайда – 30 күнге дейін). Одан әрі емдеуді препараттың таблетка түрінде жалғастырады. - миастения және миастениялық синдром: күніне 1-2 рет 1 мл 5 мг/мл немесе 1 мл 15 мг/мл инъекцияға арналған ерітіндіні бұлшықет ішіне, әрі қарай препараттың таблетка түріне көшеді. Жалпы емдеу курсы 1-2 айды құрайды. Қажет болған жағдайда емдеуді курстар арасында 1-2 ай үзіліс жасап, бірнеше рет қайталауға болады. Орталық жүйке жүйесінің аурулары: - бульбарлы салдану және парездер: күніне 1-2 рет 1 мл 5 мг/мл немесе 1 мл 15 мг/мл инъекцияға арналған ерітіндіні бұлшықет ішіне, емдеу курсы – 10-15 күнді құрайды. Одан әрі мүмкіндік болса препараттың таблетка түріне көшеді. - орталық жүйке жүйесінің органикалық зақымдануы кезінде қалпына келу кезеңі: күніне 1-2 рет 1 мл 5 мг/мл немесе 1 мл 15 мг/мл инъекцияға арналған ерітіндіні бұлшықет ішіне 15 күнге дейін. Одан әрі мүмкіндік болса препараттың таблетка түріне көшеді. Енгізу әдісі және жолы Нейромидин 5 мг/мл және Нейромидин 15 мг/мл инъекцияға арналған ерітінділерін бұлшықет ішіне енгізеді. Емдеу ұзақтығы Дозасын және емдеу ұзақтығын аурудың ауырлық деңгейіне байланысты жеке анықтайды.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.