+95 бонус

НЕБИЛЕТ 5 мг №28 таб Небивалол

1910 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Небиволол
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Германия
  • Өндіруші: Берлин-Хеми АГ(Менарини Групп)
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында: белсенді зат – небиволол гидрохлориді 5,45 мг, 5,00 мг небивололға баламалы қосымша заттар: полисорбат 80, гипромеллоза 2910 15 мПас, лактоза моногидраты, жүгері крахмалы, натрий кроскармеллозасы, микрокристалды целлюлоза, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, магний стеараты.
Қолданылуы
- Эссенциальді артериялық гипертонияны емдеу - Егде жастағы ≥ 70 жастағы пациенттерде стандарты емдеу әдісіне қосымша ретінде жеңіл және орташа дәрежелі ауырлықтағы жүректің тұрақты созылмалы жеткіліксіздігін емдеуде.
Қарсы көрсетілімдер
- әсер етуші затқа немесе «құрамы» бөлімінде көрсетілген қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - бауыр жеткіліксіздігі немесе бауыр функциясының бұзылуы - инотропты әсерге ие әсер етуші заттарды вена ішіне енгізуді талап ететін жүректің жедел жеткіліксіздігі, кардиогендік шок немесе жүрек жеткіліксіздігінің декомпенсация кезеңдері. Бұдан басқа да -адреноблокаторлар секілді, Небилет® төмендегі жағдайларда қарсы көрсетілімді: • синоатриальді блокаданы қоса, синусты түйін әлсіздігі синдромы (sick-sinus-syndrom) • II және III дәрежедегі АВ-блокада (кардиостимуляторсыз) • анамнезінде бронхтүйілуі және бронх демікпесі • емделмеген феохромоцитома • метаболизмдік ацидоз • брадикардия (емді бастағанға дейін жүректің жиырылу жиілігі минутына 60 төмен), • артериялық гипотензия (систолалық артериялық қысым 90 мм с.б. төмен), • шеткері қанайналымының ауыр бұзылулары.
Дозасы
Эссенциальді гипертензия Ересектер Доза тәулігіне 1 таблетканы (5 мг небиволол) құрайды; оны дұрысы әрдайым тәуліктің бір мезгілінде қабылдау керек. Гипотензиялық әсер емнің 1-2 аптасынан кейін байқалады. Кейде оңтайлы әсерге 4 апта өткеннен кейін жетеді. Басқа гипотензиялық дәрілермен біріктірілімде -адренорецепторлары блокаторларын монотерапия үшін де, сондай-ақ басқа гипотензиялық дәрілермен біріктірілімде де қолдануға болады. Осыған дейін қосымша гипотензиялық әсері Небилет® 5  мг-де 12,5-25 мг гидрохлортиазидпен біріктірілімінде ғана байқалды. Пациенттердің ерекше топтары Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер Бүйрек жеткіліксіздігінен зардап шегетін пациенттер үшін, ұсынылған бастапқы доза тәулігіне 2,5 мг құрайды. Қажет болғанда тәуліктік дозаны 5 мг дейін жоғарылатуға болады. Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер Препаратты бауыр жеткіліксіздігі бар немесе бауыр функциясы бұзылған пациенттерде қолдануға қатысты деректер саны шектеулі. Осы себепті Небилет® осындай пациенттерге қарсы көрсетілген. Егде жастағы пациенттер 65 жастан асқан пациенттер үшін ұсынылған бастапқы доза тәулігіне 2,5 мг құрайды. Қажет болғанда тәуліктік дозаны 5 мг дейін жоғарылатуға болады. Препаратты 75 жастан асқан пациенттерде қолдану тәжірибесінің жеткіліксіз екенін ескеріп, осы пациенттерге оны тағайындағанда сақ болып, мұқият бақылау жүргізу талап етіледі.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.