НЕБИДО 4 мл №1 флакон

36430 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Тестостерон
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Германия
  • Өндіруші: Байер Фарма АГ
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы Препараттың 1 құтысы ішінде белсенді зат – 1000.0 мг тестостерон ундеканоаты қосымша заттар: бензилбензоат, тазартылған майсана майы.
Қолданылуы
- клиникалық және биохимиялық расталған тестостерон тапшылығы бар ер адамдарда гипогонадизм кезінде тестостеронмен орын басатын ем
Қарсы көрсетілімдер
Небидо® келесі ер адамдарда қолдануға болмайды: қуықасты немесе сүт безінің андрогенге тәуелді обыры бар қазіргі кезде немесе анамнезінде бауыр ісігі бар әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдығы бар Небидо® әйелдерде қолдануға болмайды.
Дозасы
Құрамында 1000 мг тестостерон ундеканоаты бар Небидо® препаратының 1 құтысының ішіндегісін 10-14 аптада бір рет енгізеді. Инъекциялардың мұндай жиілігінде тестостеронның жеткілікті деңгейінің сақталуы қамтамасыз етіледі және заттың жинақталуы болмайды. Емнің  басталуы Емдеуді бастар алдында тестостеронның қан сарысуындағы деңгейінің шамасын анықтау керек. Сарысудағы тестостерон деңгейіне және клиникалық симптомдарға байланысты инъекциялар арасындағы бірінші аралықты 6 аптаға тең болатын ең төменгісіне дейін қысқартуға болады, кейінгі демеуші ем үшін аралықтары 10-14 аптаны құрайды. Мұндай жүктемелік дозалау режимінде тепе-тең концентрациясына жылдам жетуі мүмкін. Демеу және емдеуді әр адамға жекелей реттеу Инъекциялар арасындағы аралық 10-14 апта ұсынылған диапазон шегінде қалуы тиіс. Демеуші ем кезінде сарысудағы тестостерон деңгейіне ұдайы бақылау жүргізу ұсынылады. Тестостерон деңгейлерін анықтаулар инъекциялар арасындағы аралықтың соңында, клиникалық көріністерін ескере отырып жүргізілуі тиіс. Сарысудағы тестостеронның деңгейлері қалыпты көрсеткіштері ауқымының төменгі үштен бірінде тұруы тиіс; егер олар нормадан төмен болса, онда инъекциялар арасындағы аралықты қысқарту қажет. Сарысудағы тестостеронның концентрациялары жоғары болса, бұл аралықты ұзартудың мақсатқа сай болатындығы жөнінде мәселені қарастыруға болады. Үйлесімсіздігі Үйлесімділікті зерттеудің болмауына байланысты осы дәрілік препаратты басқа дәрілік заттармен араластыруға болмайды. Енгізу әдісі және жолы Бұлшықет ішіне енгізуге арналған. Инъекцияларды өте баяу (екі минут ішінде)жүргізу керек. Небидо® қатаң түрде тек бұлшықет ішіне енгізуге арналған. Бұлшықет ішіне енгізу кезіндегі жалпы сақтық шараларын сақтай отырып Небидо® бөксе бұлшықетіне терең енгізілуін мұқият қадағалау керек. Препараттың тамырға енгізілуіне жол бермеу үшін, ерекше сақтық таныту керек (Енгізілуі бөлімін қараңыз). Құтының ішіндегісі ашылғаннан кейін бірден бұлшықет ішіне енгізіледі. Конец формы Суық температурада сақтау шартында майлы ерітіндінің қасиеттері уақытша өзгеруі мүмкін (мысалы, тұтқырлықтың жоғарылауы, бұлыңғырлануы мүмкін). Егер препарат суық температурада сақталса, қолданар алдында ерітіндіні алдын ала бөлме температурасына немесе дене температурасына дейін жеткізу қажет. Ерітіндіні бұлшықет ішіне енгізер алдында құтыны қарап шығу қажет. Бөлшектерден бос, мөлдір ерітіндіні ғана пайдалану керек. Бұл препарат тек бір рет енгізуге арналған. Ерітіндінің пайдаланылмаған қалдығын жергілікті талаптарға сәйкес жою керек. Құты тек бір рет енгізуге арналған. Құтының ішіндегісін шприцке ерітіндіні сорып алғаннан кейін, бұлшықет ішіне бірден енгізу керек. Пластик қақпақты (A) шешіп алғаннан кейін металл сақинаны (B) немесе қысқыш қақпақты (C) шешіп алуға болмайды.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.