НЕ-БОЛ 100 мг/5 мл сусп. д/приема вн. 100 мл

9:00-ден кейін қолжетімді
1050 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Ибупрофен
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Индия
  • Өндіруші: ТОО «РМ ФАРМ»
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
5 мл дайын суспензияның құрамында белсенді зат – ибупрофен, 100 мг қосымша заттар: полисорбат 80 (Твин-80), натрий метилпарагидроксибензоаты, натрий пропилпарагидроксибензоаты, натрий бензоаты, сахароза, глицерин, сусыз коллоидты кремний (аэросил), сусыз лимон қышқылы, кошенелді қанқызыл  бояғыш 4R (Е124), сұйық апельсин эссенциясы, натрий кроскармеллозасы, аспартам, натрий гидроксиді, тазартылған су.
Қолданылуы
- жеңіл және орташа қарқындылықтағы ауырсыну синдромын симптоматикалық емдеуде: бас ауыруы, тіс ауыруы, бұлшықеттік, ревматизмдік және басқа ауырсыну түрлерінде - тұмау және суық тию ауруларында
Қарсы көрсетілімдер
әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық демікпе, есекжем немесе басқа аллергиялық реакциялар түрінде көрінетін ацетилсалицил қышқылына және басқа да қабынуға қарсы стероидты емес препараттарға аса жоғары сезімталдық ҚҚСП пайдалану арқылы алдыңғы емдеумен байланысты анамнезінде асқазан-ішектен қан кету немесе тесілуі, геморрагиялық диатездер, гипопротромбинемия, гемофилия асқазан-ішектен қан кету, қайталанатын пептидтік ойықжара (дәлелденген ойық жараның немесе қан кетудің екі немесе одан да көп нақты айқындалған көріністері), Крон ауруы бронх демікпесі қан түзудің бұзылуы және гемокоагуляция жүрек функциясының ауыр жеткіліксіздігі (NYHA IV) артериялық гипертензияның ауыр ағымы аортокоронарлық шунттау жүргізгеннен кейінгі жай-күй К дәруменінің тапшылығы церебральдік-васкулярлық немесе басқа да қан кету расталған гиперкалиемия ішектің қабыну аурулары көру жүйкесінің аурулары, скотома, амблиопия, түстерді көрудің бұзылуы вестибулярлық аппараттың патологиясы, естудің төмендеуі глюкоза-6-фосфатдегидрогеназа тапшылығы портальді гипертензия шумақтық сүзілу жылдамдығы 30 мл/мин төмендегенде бауыр немесе бүйрек функциясының ауыр бұзылулары 3 айға дейінгі балалар. жүктіліктің үшінші триместрі және лактация кезеңі Сақтықпен: - егде жас - цитопения (лейкопения және анемия)
Дозасы
Ересектер мен 3 айдан асқан және одан үлкен балаларға ұсынылады: Дене салмағы 5 кг-нан аз балаларға ұсынылмайды. Ең жоғары тәуліктік дозасы баланың дене салмағына тәулігіне 30 мг аспауы керек. Салмағы 30 кг-нан аз балаларда жалпы тәуліктік дозасы 500 мг-нан  аспауы керек. Дозалар арасындағы аралық 6-8 сағатты құрауы керек. 3 - 6 айлық сәбилер  (~5-7 кг): 2,5 мл-ден күніне үш рет. 6 -12 айлық сәбилер (~7-10 кг): 2,5 мл-ден күніне үш рет. 1 -2 жастағы балалар (~10-14.5 кг): 2,5 мл күніне 3-4 рет. 3-7 жастағы балалар (~14.5-25 кг): 5 мл күніне 3-4 рет. 8-12 жастағы балалар (~25-40 кг): 10 мл күніне 3-4 рет. Ересектер: 200-400 мг әр 4-6 сағат сайын Енгізу әдісі мен жолы Препаратты ішке, тамақтанғаннан кейін қабылдайды. Емдеу ұзақтығы Препарат 3 күннен асырмай қысқа уақытқа ішке қолдануға арналған. Жағымсыз реакциялардың даму қауіптерін азайту мақсатында ибупрофенді ең төменгі тиімді дозадан және клиникалық әсерге қол жеткізу үшін қажетті ең аз қысқа кезең бойы қабылдау керек. Ең төмен тиімді доза симптомдарды жеңілдету үшін қажетті ең қысқа уақыт кезеңі ішінде пайдаланылуы тиіс. Егер сізде инфекция болса, симптомдар (мысалы, безгек және ауырсыну) сақталса немесе нашарласа, дереу дәрігерге жүгініңіз.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.