НАЗОСТЕР 0,05% 18 г спрей наз.

3540 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Мометазон
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Турция
  • Өндіруші: Санта Фарма Илач Санайи А.С.
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
1 грамм спрейдің құрамында белсенді зат - мометазон фуроат моногидраты 0.5175 мг (0.5000 мг мометазон фуроатына баламалы), қосымша заттар: дисперстік целлюлоза 65 cps, глицерин, лимон қышқылы моногидраты, натрий цитраты дигидраты, полисорбат 80, фенилэтилді спирт, бензалконий хлориді (100%), тазартылған су.
Қолданылуы
- ересектерде және 3 жастан асқан балаларда маусымдық немесе жыл бойы болатын аллергиялық ринитті емдеу - 18 жастан асқан пациенттерде мұрын полиптерін емдеу
Қарсы көрсетілімдер
- белсенді затқа, қосымша компоненттерге аса жоғары сезімталдық - мұрынның шырышты қабығымен байланысты емделмеген жергілікті инфекциялардың болуы - жақында өткерген хирургиялық операциялар немесе мұрын қуысының жарақаттары (кортикостероидтар жараның жазылуын баяулатады) - мұрын полипозын емдеген кезде 18 жасқа дейінгі балалар.
Дозасы
Маусымдық немесе жыл бойы болатын аллергиялық ринит Ересектерге (егде жастағы пациенттерді қоса) және 12 жастан асқан балаларға препараттың ұсынылатын дозасы  әр танауға тәулігіне 1 рет 2 мәрте бүркуді (әрқайсысы 50 мкг-ден) құрайды (жалпы тәуліктік доза - 200 мкг). Емдік әсерге жеткеннен кейін демеуші ем үшін дозаны әр танауға тәулігіне 1 рет 1 мәрте бүркуге дейін азайтқан дұрыс (жалпы тәуліктік доза - 100 мкг). Егер препаратты ұсынылған дозада қолданумен ауру симптомдарының айқындығы азаймаса, тәуліктік дозаны ең жоғарғысына дейін арттыруға болады: әр танауға тәулігіне 1 рет 4 мәрте бүрку (жалпы тәуліктік доза - 400 мкг). Ауру симптомдарының айқындылығы азайғаннан кейін дозаны азайту ұсынылады. 3-тен 11 жасқа дейінгі балаларға ұсынылатын дозасы әр танауға тәулігіне 1 рет 1 мәрте бүркуді (50 мкг) құрайды (жалпы тәуліктік доза - 100 мкг). Маусымдық аллергиялық риниті бар кейбір пациенттерде клиникалық  әсері емдеуді бастағаннан кейінгі алғашқы 12 сағатта-ақ байқалуы ықтимал, бірақ толық әсеріне тек 48 сағаттан соң ғана қол жеткізілуі мүмкін. Сондықтан толық клиникалық әсерге қол жеткізу үшін препаратты үнемі пайдаланып отыру маңызды. Анамнезде орташа және ауыр дәрежедегі маусымдық аллергиялық ринит симптомдары бар пациенттерге Назостер препаратымен емдеуді гүлдеу маусымы басталады деген уақыттан бірнеше күн бұрын бастау қажет. Мұрын полипозы Ересектерге (егде жастағы пациенттерді қоса) және 18 жастан асқан балаларға препараттың ұсынылатын дозасы әр танауға тәулігіне 1 рет 2 мәрте бүркуді (50 мкг-ден) құрайды (жалпы тәуліктік доза - 200 мкг). Егер препаратты ұсынылған дозада 5-6 апта бойы қолданумен ауру симптомдарының айқындығын азайтуға қол жеткізе алмаса, тәуліктік дозаны әр танауға тәулігіне 2 рет 2 мәрте бүркуге дейін арттыруға болады (жалпы тәуліктік доза - 400 мкг). Дозаны ауру симптомдары тиімді бақыланатын ең төменгі дозаға дейін түзету керек. Егер тәулігіне 2 рет қабылдағанда 5-6 аптадан кейін симптомдардың айқындығының азаюы байқалмаса, емдеудің баламалы әдістерін қарастыру қажет. Енгізу әдісі және жолы Препаратты алғаш рет қолданар алдында құтыны жақсылап сілку және  дозалағыш қондырманы шамамен 10 рет басу қажет (біртекті спрей алынғанға дейін), бұл кезде препараттың берілуі анықталады, әр басқан сайын құрамында 50 мкг мометазон (бір доза) бар шамамен 100 мг суспензия ағып шығады. Егер дозалағыш қондырма 14 күн немесе одан да көп уақыт бойы пайдаланылмаса, дозалағыш қондырманы біртекті спрей алынғанға дейін екі рет басып, қайтадан дайындау қажет. Әрбір пайдалану алдында құтыны жақсылап сілку керек. Заттаңбада көрсетілген дозалар саны пайдаланылғаннан кейін, немесе алғашқы пайдаланудан 2 ай өткен соң құтыны тастау керек.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.