НАЗОНЕКС 50 мкг №140 доз спрей наз

7310 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Мометазон
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Бельгия
  • Өндіруші: Шеринг-Плау Лабо Н.В.
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір грамм препараттың құрамында белсенді зат - сусыз мометазон фуроаты 0.50 мг, қосымша заттар: целлюлоза ВР65 cps, глицерин, лимон қышқылының моногидраты, натрий цитратының дигидраты, полисорбат 80, бензалконий хлориді, тазартылған су.
Қолданылуы
ересектер мен 3 жастан асқан балаларда маусымдық немесе жыл бойы аллергиялық ринит симптомдарын емдеуде 18 жастан асқан ересек пациенттерде мұрын полиптерін емдеуде
Қарсы көрсетілімдер
- белсенді затқа немесе мұрын спрейінің қандай да бір белсенді емес компоненттеріне аса жоғары сезімталдық - мұрынның шырышты қабығының зақымдануымен емделмеген жергілікті инфекцияның болуы (мысалы, қарапайым герпес) - жақында болған хирургиялық операциялар немесе мұрын қуысының жарақаттары (кортикостероидтар жараның жазылуын баяулатады, сондықтан жара толық жазылғанға дейін жергілікті интраназальді қолдану үшін кортикостероидтарды тағайындауға болмайды)
Дозасы
Маусымдық немесе жыл бойы аллергиялық ринит 12 жастан асқан жасөспірімдерде және егде пациенттерді қоса ересектерде препараттың ұсынылған дозасы әрбір танауға тәулігіне 1 рет 2 бүркуді (әрқайсысы 50 мкг) құрайды (жалпы тәуліктік доза препараттың 200 мкг құрайды). Демеуші ем ретінде оң клиникалық әсерге қол жеткізгеннен кейін дозаны әрбір танауға 1 бүркуге дейін төмендету ұсынылады (жалпы тәуліктік доза – 100 мкг). Егер ауру симптомдарының басылуына қол жеткізу мүмкін болмаса, доза ең жоғары тәуліктік дозаға дейін ұлғайтылуы және әрбір танауға тәулігіне 1 рет 4 бүркуді құрауы мүмкін (жалпы тәуліктік доза – 400 мкг). Ауру симптомдары жеңілдегеннен кейін дозаны азайту ұсынылады. 3 жастан 11 жасқа дейінгі балаларда ұсынылатын доза әрбір танауға тәулігіне 1 рет 1 бүркуді (әрқайсысы 50 мкг) құрайды (жалпы тәуліктік доза – 100 мкг). Маусымдық аллергиялық риниті бар кейбір пациенттерде клиникалық әсердің басталуы ем басталғаннан кейінгі алғашқы 12 сағатта байқалуы мүмкін, дегенмен толық әсерге тек 48 сағаттан кейін қол жеткізуге болады. Сондықтан толық клиникалық әсерге қол жеткізу үшін препаратты үнемі қолдану керек. Анамнезінде орташа және ауыр дәрежедегі маусымдық аллергиялық ринит симптомдары бар пациенттерге Назонекс® мұрын спрейімен емдеуді гүлдену маусымының күтілетін басталғанға дейін бірнеше күн бұрын бастау қажет. Мұрын полипозы Полипозды емдеу үшін ұсынылатын бастапқы доза әрбір танауға тәулігіне 1 рет 2 бүркуді (әрқайсысы 50 мкг) құрайды (жалпы тәуліктік доза – 200 мкг). Егер емнің 5-6 аптасынан кейін ауру симптомдарының басылуына қол жеткізу мүмкін болмаса, дозаны әрбір танауға тәулігіне 2 рет 2 бүркуге дейін арттыруға болады (жалпы тәуліктік доза – 400 мкг). Дозаны аурудың симптомдары тиімді бақыланатын ең төменгі дозаға дейін төмендету керек. Егер емнің 5-6 аптасынан кейін тәулігіне 2 рет тағайындаған кезде симптомдардың жақсаруы байқалмаса, пациенттің жай-күйіне қайта бағалау жүргізу және емдеу стратегиясын қайта қарау керек. Мұрын полипозын емдеуге арналған Назонекс® мұрын спрейінің тиімділігі мен қауіпсіздігін зерттеу төрт айға созылды. Педиатриялық пациенттер Маусымдық аллергиялық және жыл бойы ринит Назонекс® мұрын спрейінің тиімділігі мен қауіпсіздігі 3 жасқа дейінгі балаларда анықталған жоқ. Мұрын полипозы Назонекс® мұрын спрейінің қауіпсіздігі мен тиімділігі балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерде анықталған жоқ. Енгізу әдісі мен жолы Бірінші дозаны енгізер алдында құтыны сілкіп, дозалау құрылғысын 10 рет басу қажет (біртекті спрей пайда болғанша). Егер мұрын спрейі 14 күн немесе одан да ұзақ уақыт бойы қолданылмаса, спрейдің біркелкі шашырауы байқалғанша 2 рет басу арқылы қайта «калибрлеу» қажет. Әрбір қолданар алдында спрей құтысын қатты сілку керек. Ішінде спрейі бар құты алғашқы пайдаланғаннан кейін 2 айдан соң немесе көрсетілген бүркулер санынан кейін жарамсыз болады.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.