+273 бонус

НАЗОЛ БЭБИ 1,25% 10 мл наз кап

9:00-ден кейін қолжетімді
5460 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Фенилэфрин
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Италия
  • Өндіруші: Байер Консьюмер Кэр АГ
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
1 мл препараттың құрамында: белсенді зат – фенилэфрин гидрохлориді 1,25 мг, қосымша заттар: бензалконий хлориді, глицерол, макрогол 1500, динатрий фосфатының дигидраты, калий дигидрофосфаты, динатрий эдетатының дигидраты, тазартылған су.
Қолданылуы
Мұрын арқылы тыныс алуды жеңілдету үшін: тұмауда, суық тию ауруларында пішен қызбасында немесе жедел ринитпен немесе синуситпен қатар жүретін жоғарғы тыныс жолдарының басқа аллергиялық ауруларында жедел ортаңғы отитте (мұрын-жұтқыншақ шырышының ісінуін азайтуға арналған қосымша дәрі ретінде)
Қарсы көрсетілімдер
Препарат төмендегі пациенттерге қарсы көрсетілімде: препарат ингредиенттеріне жеке жоғары сезімталдықта артериялық гипертензияның ауыр түрі болуында жедел жүрек-қан тамыр аурулары бар тахиаритмияда ауыр тиреотоксикозда қант диабетінде транссфеноидальді гипофизэктомядан кейін мұрын алдының терісінің немесе шырышты қабығының қабынуы және қабық түзілуі (құрғақ ринит) жағдайында МАО тежегіштерін алған пациенттерге немесе оларды алдындағы 2 аптада алған пациенттерге 2 айға дейінгі балалық кезеңде
Дозасы
2 айдан 1 жасқа дейінгі балаларға: арасын жиілетпей, әр 4 сағаттан соң әрбір мұрын қуысына 1 тамшыдан. 1 жастан 2 жасқа дейінгі балаларға: арасын жиілетпей, әр 4 сағаттан соң әрбір мұрын қуысына 1-2 тамшыдан. 2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға: арасын жиілетпей әр 4 сағаттан соң әрбір мұрын қуысына 2-3 тамшыдан. Енгізу әдісі және жолы Пипетканы жеңіл басып, жатқан күйде мұрынға тамызады. Осы күйді бірнеше минут сақтау керек. Қабылдау уақытын көрсетумен қолдану жиілігі Ұсынылған дозалау режимінен асырмау керек. Күніне төрт реттен жиі пайдалануға болмайды. Емдеу ұзақтығы Емдеу курсы - 3 күннен аспау керек. Артық дозаланған жағдайда қолдану қажет шаралар Артық дозалану жағдайында (әсіресе ұзақ емдегенде) жүйелік жағымсыз әсерлері болуы мүмкін (жүрек ырғағының бұзылуы, артериялық гипертензия, үрейлену және елестеулер). Емі симптоматикалық. ДП стандартты қолдану кезінде көрініс беретін жағымсыз реакциялар сипаттамасы және осы жағдайда (қажет болса) қабылдау керек шаралар Жиі: күйдіру, түшкіру, мұрынның шаншуы Сирек: аллергиялық реакциялар (қышыну немесе есекжем, қолдың,беттің немесе тамақтың ісінуі, кеуде қысылуы, тыныс алудың қиындауы) ырғақ бұзылуы, артериялық гипертензия Өте сирек: бас ауыруы, бас айналуы, мазасыздық Фенилэфринді жергілікті қолданғанда жақсы жағымды және жағымсыз әсерлері, егер олар пайда болса, әркез жедел емес және қысқа мерзімдік сипатта болады. Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаса медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласыңыз «Байер КАЗ» ЖШС Тимирязев к-сі, 42, 15 павильон, 301 кеңсе 050057 Алматы, Қазақстан Республикасы, тел: +7 701 715 78 46 (тәулік бойы) тел: +7 727 258 80 40, ішкі 106 (жұмыс уақытында) факс: +7 727 258 80 39 e-mail: pv.centralasia@bayer.com

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.