+90 бонус

НАЗОЛ АДВАНС 10 мл спрей

1800 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Оксиметазолин
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Италия
  • Өндіруші: Байер Консьюмер Кэр АГ
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы 1 мл препараттың құрамында белсенді заттар - оксиметазолин гидрохлориді 0,5 мг; қосымша заттар: ментол (левоментол), рацемиялық камфора (камфора), эвкалиптол (цинеол), сусыз бензалконий хлориді, полисорбат 80, пропиленгликоль, динатрий фосфаты дигидраты, натрий дигидрофосфат дигидраты, динатрий эдетаты дигидраты, концентрацияланған хлорсутек қышқылы, тазартылған су.
Қолданылуы
ДП ересектерге, 6 жастан асқан балаларға қолдануға көрсетілген Суық тию және пішен қызбасы салдарынан мұрынның бітеліп қалғандығын жеңілдету үшін. ринит құбылыстарымен (тұмау) байқалатын жедел респираторлық аурулар аллергиялық ринит вазомоторлық ринит мұрынның қосалқы қуыстары қабынған кезде (синусит) секреция дренажын жақсарту ринитпен астасқан евстахиит мұрын қуысының шырышты қабығының ісінуін диагностикалық емшаралардың алдында жою.
Қарсы көрсетілімдер
оксиметазолинге, басқа адренергиялық дәрілерге немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық МАО тежегіштерін қабылдап жүрген пациенттерге немесе олардың осының алдындағы 2 аптада қабылдаған пациенттерге жабықбұрышты глаукомасы бар пациенттерге транссфеноидальді гипофизэктомиядан кейінгі пациенттерге терінің немесе мұрынның кіреберіс шырышты қабығының қабынуы және қабыршық түзілуі (құрғақ ринит) жағдайында ауыр дәрежедегі артериялық гипертензия, айқын атеросклероз, жүрек ырғағының бұзылулары қант диабеті, гипертиреоз бүйректің шығару функциясының бұзылуымен жүретін аурулары, қуықасты безінің гипертрофиясы салдарынан несеп шығарудың қиындауы 6 жасқа дейінгі балаларға
Дозасы
Ересектер мен 10 жастан асқан балаларға әр мұрын жолына 2 бүркуден. 6 жастан 10 жасқа дейінгі балаларға (ересектердің қадағалауымен) 1 бүркуден. Бүркуді кемінде 12 сағаттан соң қайталау керек. Енгізу әдісі және жолы Пайдаланар алдында құтыны жақсылап сілкіңіз. Әр мұрын жолына кезек бүркіңіз, бүріккен кезде басыңызды кері шалқайтпаңыз. Құтыны тігінен ұстаңыз. Емдеу ұзақтығы Емдеу ұзақтығы 7 күннен аспауы тиіс. Емдеу ұзақтығы арттырылған жағдайда дәрігерге қаралу қажет.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.