+71 бонус

НАЗОЛ 10 мл спрей

1420 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Оксиметазолин
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Италия
  • Өндіруші: Байер Консьюмер Кэр АГ
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы 1 мл препараттың құрамында белсенді зат - оксиметазолин гидрохлориді 0,5 мг; қосымша заттар: бензалконий хлориді, макрогол 400, повидон, пропиленгликоль, динатрий фосфаты дигидраты, натрий дигидрофосфаты дигидраты, динатрий эдетаты дигидраты, концентрацияланған хлорсутек қышқылы, тазартылған су.
Қолданылуы
ДП ересектерге, 6 жастан бастап балаларға қолдануға арналған Суық тию мен пішен қызбасына байланысты мұрынның бітелуін жеңілдету үшін. ринит түрінде байқалатын жедел респираторлық ауруларда (тұмауда) аллергиялық ринит вазомоторлық ринит мұрынның қосалқы қойнауларының қабынуы кезінде секреция дренажын жақсарту үшін (синуситте) ринитпен астасқан евстахиит диагностикалық емшаралар алдында мұрын қуысы шырышты қабығының ісінуін қайтаруда
Қарсы көрсетілімдер
оксиметазолинге, басқа адренергиялық дәрілерге немесе препарат ингредиенттеріне жекелей жоғары сезімталдық МАО (моноаминоксидаза) тежегіштерін қабылдап жүрген пациенттерге немесе олардың осының алдындағы 2 аптада қабылдаған пациенттерге жабықбұрышты глаукомасы бар пациенттерге транссфеноидальді гипофизэктомиядан кейінгі пациенттерге терінің немесе мұрынның кіреберіс шырышты қабығының қабынуы және қабыршық түзілуі (құрғақ ринит) жағдайында ауыр дәрежедегі артериялық гипертензия, айқын атеросклероз, жүрек ырғағының бұзылулары қант диабеті, гипертиреоз бүйректің шығару функциясының бұзылуымен жүретін аурулары, қуықасты безінің гипертрофиясы салдарынан несеп шығарудың қиындауы 6 жасқа дейінгі балаларға
Дозасы
Ересектер мен 10 жастан асқан балаларға әр мұрын жолына 2 бүркуден. 6 жастан 10 жасқа дейінгі балаларға (ересектердің қадағалауымен) 1 бүркуден. Бүркуді кемінде 12 сағаттан соң қайталау керек. Енгізу әдісі және жолы Қолданар алдында құтыны жақсылап шайқаңыз. Әр мұрын жолына кезек бүркіңіз, бүріккен кезде басыңызды кері шалқайтпаңыз. Құтыны тігінен ұстаңыз. Емдеу ұзақтығы Емдеу ұзақтығы 7 күннен аспауы тиіс. Емдеу ұзақтығы арттырылған жағдайда дәрігерге қаралу қажет.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.