+176 бонус

НАЗОФЕРОН 100000МЕ/мл 5мл спрей наз

3525 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Интерферон альфа-2b
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Украина
  • Өндіруші: Фармак ОАО
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір мл препараттың құрамында белсенді зат: – адамның рекомбинантты альфа-2b интерфероны - 100000 ХБ кем емес, қосымша заттар: трометамол, трометамол гидрохлориді, гипромеллоза, динатрий эдетаты, лизин гидрохлориді, калий хлориді, метилпарагидроксибензоат (Е 218), тазартылған су.
Қолданылуы
1 жастан бастап балаларда және ересектерде жедел респираторлық вирустық инфекциялардың (ЖРВИ) профилактикасы және емдеу.
Қарсы көрсетілімдер
интерферон альфа-2b және препарат құрамына кіретін басқа да компоненттерге аса жоғары сезімталдық анамнездегі аллергиялық аурулардың ауыр түрлері жүктілік немесе бала емізу кезеңі
Дозасы
1 спрей-доза = дозаторды 1 рет тез басу. ЖРВИ ауруларының алғашқы белгілерінде (5 күн бойы) 1-ден 3 жасқа дейінгі балаларға – 2 спрей-дозадан әрбір мұрын жолына тәулігіне 3-4 рет (бір реттік доза – 20000 ХБ, тәуліктік доза – 60000-80000 ХБ); 3-тен 14 жасқа дейінгі балаларға – 2 спрей-дозадан әрбір мұрын жолына тәулігіне 4-5 рет (бір реттік доза – 20000 ХБ, тәуліктік доза – 80000-100000 ХБ); 14-тен 18 жасқа дейінгі балаларға – 2 спрей-дозадан әрбір мұрын жолына тәулігіне 5-6 рет (бір реттік доза – 20000 ХБ, тәуліктік доза – 100000-120000 ХБ); Ересектерге – 3 спрей-дозадан әрбір мұрын жолына тәулігіне 5-6 рет (бір реттік доза – 30000 ХБ, тәуліктік доза – 150000-180000 ХБ). Респираторлық вирустық инфекциялардың профилактикасы үшін Науқаспен қарым-қатынас кезінде және қатты салқындағанда, жоғарғы тыныс жолдарының ауруларынан жиі әрі ұзақ уақыт зардап шегетін пациенттерде – жасына қарай дозалануына сәйкес тәулігіне 2 рет 5-7 күн бойы. Қажет болған жағдайда профилактикалық курстар қайталанады. Науқаспен бір реттік қарым-қатынас кезінде бір рет бүрку жеткілікті. Ұйымдасқан ұжымдарда (балалардың және ересектердің) аурудың маусымдық жоғарылауы кезінде «қауіп» топтарының – медицина қызметкерлерінің, мұғалімдердің арасында – жасына қарай дозалануына сәйкес бір рет таңертең 1-2 күн аралықпен. Енгізу әдісі және жолы Мұрынға арналған спрейді пайдалану сызбасы: Құтыдан қорғағыш қалпақшасын шешу керек. Бүріккішті басу арқылы іске қосу (сынама бүрку). Тік қалыпта тұрып, қондырманың ұшын әрбір мұрын жолына кезек-кезек салып, сорғы-дозаторды басу керек. Қолданғаннан кейін құты қалпақшасын жабу керек.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.