+157 бонус

НАЗОФЕРОН 100000МЕ/мл 5 мл капли наз

3145 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Интерферон альфа-2b
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Украина
  • Өндіруші: Фармак ОАО
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір мл препараттың құрамында белсенді зат: адамның рекомбинантты альфа-2b интерфероны - 100000 ХБ кем емес, қосымша заттар: трометамол, трометамол гидрохлориді, гипромеллоза, динатрий эдетаты, лизин гидрохлориді, калий хлориді, метилпарагидроксибензоат (Е 218), тазартылған су.
Қолданылуы
1 айдан бастап балаларда және ересектерде жедел респираторлық вирустық инфекциялардың (ЖРВИ) профилактикасы және емдеу.
Қарсы көрсетілімдер
интерферон альфа-2b және препарат құрамына кіретін басқа да компоненттерге аса жоғары сезімталдық анамнездегі аллергиялық аурулардың ауыр түрлері жүктілік немесе бала емізу кезеңі
Дозасы
ЖРВИ ауруларының алғашқы белгілерінде (5 күн бойы) 1 айлықтан 1 жасқа дейінгі балаларға – 1 тамшыдан әрбір мұрын жолына тәулігіне 5 рет (бір реттік доза – 8000 ХБ, тәуліктік доза – 40000 ХБ); 1-ден 3 жасқа дейінгі балаларға – 2 тамшыдан әрбір мұрын жолына тәулігіне 3-4 рет (бір реттік доза – 16000 ХБ, тәуліктік доза – 48000-64000 ХБ); 3-тен 14 жасқа дейінгі балаларға – 2 тамшыдан әрбір мұрын жолына тәулігіне 4-5 рет (бір реттік доза – 16000 ХБ, тәуліктік доза – 64000-80000 ХБ); 14-тен 18 жасқа дейінгі балаларға – 2 тамшыдан әрбір мұрын жолына тәулігіне 5-6 рет (бір реттік доза – 16000 ХБ, тәуліктік доза – 80000-96000 ХБ); Ересектерге – 3 тамшыдан әрбір мұрын жолына тәулігіне 5-6 рет (бір реттік доза – 24000 ХБ, тәуліктік доза – 120000-144000 ХБ). Респираторлық вирустық инфекциялардың профилактикасы үшін Науқаспен қарым-қатынас кезінде және қатты салқындағанда, жоғарғы тыныс жолдарының ауруларынан жиі әрі ұзақ уақыт зардап шегетін пациенттерде – жасына қарай дозалануына сәйкес тәулігіне 2 рет 5-7 күн бойы. Қажет болған жағдайда профилактикалық курстар қайталанады. Науқаспен бір реттік қарым-қатынас кезінде бір рет қолдану жеткілікті. Ұйымдасқан ұжымдарда (балалардың және ересектердің) аурудың маусымдық жоғарылауы кезінде «қауіп» топтарының – медицина қызметкерлерінің, мұғалімдердің арасында – жасына қарай дозалануына сәйкес бір рет таңертең 1-2 күн аралықпен. Енгізу әдісі және жолы Тамшылатқышпен тығындалған құтыдағы мұрынға тамызатын дәріні пайдалану сызбасы: 1. Құтыдан қорғағыш қалпақшасын шешу керек. 2. Құтыны қондырғысымен төмен қарата бұрып, тамшыны алғашқы қолданудың алдында сорғы-дозаторға бірнеше рет басу арқылы тексеріс жасау керек. 3. Қондырманың ұшын кезектестіріп әр мұрын жолына салып, дозаға сәйкес қанша қажет болса сонша рет сорғы-дозаторды басу керек. 4. Қолданғаннан кейін құты қалпақшасын жабу керек.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.