+82 бонус

НАЗИВИН СЕНСИТИВ 22,5 мкг/доза, спрей назальный, 10 мл

1650 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Оксиметазолин
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Испания
  • Өндіруші: Famar Health Care Services Madrid S.A.U.
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
1 мл ерітіндінің құрамында белсенді зат - оксиметазолин гидрохлориді 0,500 мг қосымша заттар: лимон қышқылының моногидраты, натрий цитраты дигидраты, глицерин (85 %), тазартылған су.
Қолданылуы
Називин дозаланған мұрын спрейі 0.05% препаратының емдік әсері 25 секундтан басталады, әсер ету ұзақтығы 12 сағатқа созылады. ринитпен байқалатын (мұрынның бітелуі) жедел респираторлық ауруларда аллергиялық ринитте вазомоторлық ринитте мұрын қуысы қосалқы қойнауларының қабынуы кезінде секреция дренажын жақсартуда (синуситте) ринитпен астасқан евстахиитте диагностикалық емшаралар алдында мұрын қуысы шырышты қабығының ісінуін қайтаруда
Қарсы көрсетілімдер
оксиметазолинге немесе кез келген қосымша затқа жоғары сезімталдық атрофиялық ринит 0,05% Називин® Сенситив мұрын спрейі 6 жасқа дейінгі балаларға қолданылмауы тиіс қатты ми қабығына транссфеноидальді гипофизэктомиядан немесе басқа да хирургиялық араласулардан кейінгі жай күй
Дозасы
Қолдану тәсілі және дозалары Називин® Сенситив 0,05 % (спрейдің 1 дозасы (45 мкл) құрамында 22,5 мкг оксиметазолин бар) мұрын спрейі мұрын ішіне қолдануға арналған. 0,05 Називин® Сенситив мұрын спрейін ересектерге және 6 жастан асқан балаларға әрбір мұрын жолына 1 бүркуден тәулігіне 2-3 рет тағайындайды. Құрамында оксиметазолин бар мұрын спрейін, егер емдеуші дәрігер басқаша тағайындамаса, 7 күннен артық қолдануға болмайды. Препаратты қолданудың кез келген қайталау курсы алдында бірнеше күндік ем жүргізілмейтін кезең болуы тиіс. Ұсынылғаннан жоғары дозаларды тек дәрігердің бақылауымен ғана қолдануға болады. ДП стандартты қолдану кезінде көрініс табатын жағымсыз реакциялардың сипаттамасы және осы жағдайда қабылдануы керек шаралар Жағымсыз құбылыстардың жиілігін анықтау келесі критерийлерге сәйкес жүргізіледі: өте жиі (≥ 1/10), жиі (≥ 1/100 <1/10 дейін), кейде (≥ 1/1000 <1/100 дейін), сирек (≥1/10000 <1/1000 дейін), өте сирек (<1/10000). Жиі ( ≥ 1%-дан < 10% дейін): мұрын шырышты қабығының ашуын немесе құрғауын сезіну түшкіру, әсіресе сезімтал пациенттерде Жиі емес (≥ 0,1%-дан < 1% дейін): шырышты қабықтың домбығуы және ісінуі (мұрынның бітелу сезімі) анағұрлым қарқынды болуы мүмкін (реактивті гиперемия), мұрыннан қан кету жоғары сезімталдық реакциялары (ангионевроздық ісіну, бөртпе, қышыну). Сирек (≥ 0,01 %-дан < 0,1% дейін): жүрек қағуының жиілеуі, тамыр соғуының жиілеуі және артериялық қысымының жоғарылауы Өте сирек 0,01% және бірлі-жарым жағдайлар: мазасыздық, ұйқысыздық, шаршау (ұйқышылдық, тыныштандыратын әсері), бас ауыру, елестеулер (әсіресе балаларда) аритмиялар сәбилер мен жаңа туған нәрестелердегі апноэ құрысулар Күтілген дәрілік реакциялар туындағанда медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық дерекқорға тікелей хабарласыңыз Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК http://www.ndda.kz

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.