+35 бонус

НАЗИВИН 0,01% 5 мл капли наз.

700 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Оксиметазолин
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Португалия
  • Өндіруші: P&G Health Germany GmbH
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір мл ерітіндінің құрамында белсенді зат - 0,1 мг, 0,25 мг оксиметазолин гидрохлориді, қосымша заттар: лимон моногидраты қышқылы, натрий цитраты дигидраты, глицерол (85 %), бензалконий хлориді (50 % ерітінді), тазартылған су.
Қолданылуы
ринит (тұмау) көрініс беруімен жедел респираторлық аурулар аллергиялық ринит вазомоторлық ринит ринитпен үйлесімде мұрынның қосалқы қуыстарының қабынуы (синусит) және евстахий түтігінің катар қабынуы кезінде секреция дренажын жақсарту диагностикалық процедуралар алдында мұрын қуысының шырышты қабығының ісінуін жою
Қарсы көрсетілімдер
оксиметазолинге немесе кез келген қосымша заттарға аса жоғары сезімталдық атрофиялық ринит транссфеноидальді гипофизэктомиядан немесе қатты ми қабығына басқа хирургиялық араласымдардан кейінгі жай-күй Називин®, 0,025 % мұрынға тамызатын дәрісін 1 жасқа дейінгі жаңа туған балаларда және сәбилерде қолдануға болмайды
Дозасы
Називин® 0,01% мұрынға тамызатын дәрі 4 аптаға дейінгі сәбилерге күніне 2-3 рет әр мұрын жолына 1 тамшыдан қолданылады. Өмірінің 5-ші аптасынан бастап және 1 жасқа дейін – күніне 2-3 рет әр мұрын жолына 1-2 тамшыдан. Дозалау дәлдігін қамтамасыз ету мақсатында Називин® 0,01% тамшысының құтысында тамшы саны белгіленген бөліктерге бөлінген тамшуыр бар. Мысалы, егер 1 тамшы тағайындалса, онда тамшуырды 1 белгісіне дейін ерітіндімен толтыру керек. Сондай-ақ, келесі емшараның тиімділігі дәлелденген: баланың жасына қарай 0,01% ерітіндінің 1-2-тамшысын мақтаға тамызады және мұрын жолдарын сүртеді. Називин® 0,025 % мұрынға тамызатын дәрі 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға әр мұрын жолына 1-2 тамшыдан тәулігіне 2-3 рет тағайындалады. Құрамында оксиметазолин бар мұрынға тамызатын дәріні, егер емдеуші дәрігер басқаша тағайындамаса, 5-7 күннен артық қолдануға болмайды. Препаратты қолданудың кез келген қайталанатын курсының алдында бірнеше күнді құрайтын ем қабылдамайтын кезең болуы керек. Ұсынылғаннан жоғары дозаларды дәрігердің бақылауымен ғана қолдану керек. Називин®, 0,01 % және 0,025 % бір реттік дозасын тәулігіне 3 реттен жиі қолдануға болмайды. Енгізу әдісі мен жолы Називин®, 0,01% және 0,025% тамшылары интраназальді қолдануға арналған.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.