+149 бонус

НАЗАРЕЛ -Тева 50 мкг №120 доз спрей наз

2980 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Флутиказон
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Чешская Республика
  • Өндіруші: Тева Чешские Предприятия с.р.о.
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір дозаның құрамында белсенді зат – флутиказон пропионаты 50 мкг қосымша заттар: полисорбат 80, микрокристалды целлюлоза және натрий кармеллозасы (Avicel RС 591), сусыз глюкоза, бензалконий хлориді (50% ерітінді), фенилэтил спирті, тазартылған су.
Қолданылуы
- жыл бойы және маусымдық аллергиялық риниттердің (пішен қызбасын қоса алғанда) профилактикасы және емінде
Қарсы көрсетілімдер
- препарат компоненттерінің кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - 4 жасқа дейінгі балалар
Дозасы
Мұрынға арналған сулы Назарел-Тева спрейі тек мұрын ішіне қолдануға арналған. Көзге тигізбеңіз. Ересектер және 12 жастан асқан балалар Жыл бойы және маусымдық аллергиялық ринит профилактикасы және емі. Тәулігіне бір рет әр мұрын жолына екі бүрку, дұрысы таңертең. Кейбір жағдайларда тәулігіне екі рет әр мұрын жолына екі бүрку қажет болуы мүмкін. Емдік әсеріне жеткеннен кейін тәулігіне бір рет әрбір мұрын жолына бір бүрку демеуші дозаны қолдануға болады. Егер аурудың белгілері қайтадан пайда болса, дозаны сәйкесінше арттыруға болады. Аурудың симптомдарын бақылауға қол жеткізу үшін қажетті ең аз дозаны пайдалану керек. Ең жоғары тәуліктік доза әрбір мұрын жолына төрт бүркуден аспауы тиіс. Егде жастағы пациенттер: Ересектерге арналған әдеттегі доза қолданылады. 12 жасқа дейінгі балалар: 4-11 жастағы балаларда маусымдық және жыл бойы аллергиялық риниттің профилактикасы және емі үшін әр мұрын жолына тәулігіне бір рет, дұрысы таңертең бір бүрку ұсынылады. Кейбір жағдайларда әр мұрын жолына тәулігіне екі рет бір бүрку қажет болуы мүмкін. Ең жоғары тәуліктік доза әрбір мұрын жолына екі бүркуден аспауы тиіс. Аурудың симптомдарын бақылауға қол жеткізу үшін қажетті ең аз дозаны пайдалану керек. Толық емдік әсерге қол жеткізу үшін препаратты тұрақты түрде қолдану керек. Жедел әсердің болмауын пациентке түсіндіру керек, өйткені емнің басталуынан 3-4 күн өткен соң ең жоғары емдік әсер пайда болады. Енгізу әдісі мен жолы Ингаляциялық Мұрынға арналған спрейді қалай қолдануға болады: Құтыны сілкіңіз және шаңнан қорғайтын қақпағын алыңыз. Мұрын жолдарын мұқият тазалаңыз. Саусағыңызбен бір мұрын жолын басып, спрейдің ұшын екіншісіне енгізіңіз. Құты тік тұратындай етіп басты сәл еңкейтіңіз. Ашық мұрын жолымен баяу дем алыңыз және аздаған аэрозоль ағынын алу үшін аппликаторды бір уақытта басыңыз. Ауыз арқылы дем шығарыңыз. Дәрігердің тағайындауына сәйкес басуларды бірнеше рет қайталаңыз. Сол емшараны басқа мұрын жолына орындаңыз. Аппликаторды қолданғаннан кейін оны таза шүберекпен сүртіңіз және шаңнан қорғайтын қақпақты кигізіңіз. Емдеу курсының ұзақтығын емдеуші дәрігер анықтайды. Назарел-Тева спрейдің құтысын алғаш қолданар алдында аппликаторды біртекті спрей пайда болғанға дейін 6 ретке дейін басып, босатып, дайындыққа келтіру қажет. Егер препаратты 7 күннен аса пайдаланбаған болса, оны толықтай бүрку пайда болғанға дейін қондырманы жеткілікті мөлшерде басып-босатып дайындап алады. Жедел емдік әсердің болмауы барынша жеңілденуіне емдеу басталғаннан 3–4 күн өтпей ертерек қол жеткізілмеуімен түсіндіріледі.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.