+137 бонус

НАРАЙЯ №28 таб

2750 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Дроспиренон и этинилэстрадиол
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Чехия
  • Өндіруші: Зентива к.с.
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы Бір таблетканың құрамында белсенді заттар: 3.00 мг дроспиренон 0.02 мг этинилэстрадиол, қосымша заттар: лактоза моногидраты, желатинделген крахмал, повидон К 30, натрий кроскармеллозасы, полисорбат 80 (твин 80), магний стеараты, қабығы: Опадрай II қызғылт: ішінара гидролизденген поливинил спирті, титанның қостотығы (Е 171), макрогол 3350, тальк, темірдің сары тотығы (Е172), темірдің қызыл тотығы (Е172), темірдің қара тотығы (Е172). Бір плацебо таблетканың құрамында қосымша заттар: сусыз лактоза, повидон К 30, магний стеараты, қабығы: Опадрай II ақ: ішінара гидролизденген поливинил спирті, титанның қостотығы (E171), макрогол 3350, тальк.
Қолданылуы
- оральді контрацепция үшін Нарайяны тағайындау туралы шешімді әйелде бар қауіп факторларын, атап айтқанда вена тромбоэмболиясы даму қаупін, және басқа біріктірілген гормональді контрацептивтермен салыстырғанда, Нарайяны қабылдау аясындағы вена тромбоэмболиясының даму қаупін бағалауды ескере отырып, жекелей тәртіпте қабылдау керек.
Қарсы көрсетілімдер
Төменде аталған жай-күйлердің қандай-да біреуі бар болса, біріктірілген пероральді контрацептивтер қолданылмауы тиіс. Егер бұл жай-күйлердің қандай-да біреуі қабылдау аясында дамыса, препарат дереу тоқтатылуы тиіс. - әсер етуші заттарына немесе қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - қауіп факторларымен бірлескен немесе онсыз веналық тромбоэмболия немесе оның анамнезде болуы (мысалы, терең веналар тромбозы, өкпе артериясының тромбоэмболиясы) - веналық тромбоэмболияға тұқым қуалауға негізделген немесе жүре пайда болған бейімділік (белсендірілген С протеинге резистенттілік (Лейден V факторын қоса), антитромбин III, С протеин немесе S протеин тапшылығы) - ұзақ иммобилизациямен ауқымды хирургиялық араласымдар - артериялық тромбоэмболия немесе оның анамнезде болуы, атап айтқанда миокард инфарктісі және ми қан айналымы бұзылуы - веналық немесе артериялық тромбоздың күрделі немесе көптеген қауіп факторлары болуы - анамнезде тромбоз хабаршыларының болуы (мысалы, ми қан айналымының өтпелі бұзылуы немесе стенокардия) - инсульт немесе оның анамнезде болуы - ауыр артериялық гипертензия - микро - немесе макроангиопатия көріністерімен жүретін қант диабеті - көрудің шығу тегі қантамырлық бұзылуы - сүт безінің және жыныс мүшелерінің диагнозы анықталған немесе күдік болған, гормонға тәуелді қатерлі ісіктері - бүйректің ауыр жеткіліксіздігі немесе бүйректің жедел жеткіліксіздігі - бауырдың күрделі аурулары немесе олардың анамнезінде болуы («бауырдың» функционалдық тестілерінің көрсеткіштері қалыпқа келгенге дейін) - бауыр ісігі немесе олардың анамнезде болуы (қатерсіз немесе қатерлі) - панкреатит немесе оның анамнезде болуы, егер ол ауыр гипертриглицеридемиямен байланысты болса - тұқым қуалайтын галактоза жақпаушылығы, Lapp (ЛАПП)-лактаза ферменті тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар адамдарға - этиологиясы белгісіз қынаптық қан кетулер - ошақтық неврологиялық сипмтоматикалы бас сақинасы - этиологиясы белгісіз аменорея
Дозасы
Дозалану режимі Нарайя таблеткаларын қаптамада көрсетілген ретімен күн сайын белгілі бір уақытта аздаған су мөлшерімен ішке қабылдау керек. 28 күн бойы үзіліссіз тәулігіне бір таблеткадан қабылданады. Әр келесі қаптаманы қабылдау алдыңғы қаптамадан соңғы таблетканы қабылдаудан кейінгі келесі күні басталады. Тоқтату қан кетуі әдетте плацебо таблеткаларын (блистердің соңғы қатары) қабылдаудың 2-3-ші күні басталып, жаңа қаптаманы қабылдау басталғанша аяқталмауы мүмкін. Енгізу әдісі мен жолы Ішке қабылдау үшін.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.