+89 бонус

НАПРОФФ 550 №10 таб

1780 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Напроксен
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Турция
  • Өндіруші: Уорлд Медицин Илач Сан.ве Тидж А.Ш
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында белсенді зат: 550 мг натрий напроксені, қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза рН 101, повидон К30, тальк, магний стераты, тазартылған су. Қабықтың құрамы: Опадри® Ақ (Y-1-7000) (гипромеллоза, титанның қостотығы (Е171), полиэтиленгликоль), тазартылған су.
Қолданылуы
Препараттың қабынуға қарсы әсерін, оны қолдану кезінде дамитын жағымсыз реакциялардың ауырлығын, сондай-ақ қазіргі уақытта қол жетімді қабынуға қарсы дәрілік заттардың арсеналындағы оның орнын ескере отырып, Напрофф 550 мг ересектер мен 16 жастан асқан балаларда келесі көрсетілімдер бойынша қолданылады: -ревматоидты артрит, анкилозды спондилит сияқты созылмалы қабыну ревматизмдік буын ауруларын немесе Фиссингер-Леруа-Рейтер синдромы, псориаздық артрит сияқты ұқсас синдромдар мен ауруларды, сондай-ақ артроздың кейбір мүгедек ететін және ауырсыну синдромымен бірге жүретін түрлерін ұзақ мерзімді симптоматикалық емдеу; - буыннан тыс ревматизмнің (мысалы, иық-жауырын периартриті, тендинит, бурсит), артроздың жедел ұстамаларын, бел омыртқа бөлігіндегі ауыруды, радикулалгия, тірек-қимыл аппаратының жарақаттанулары кезінде ауыру синдромын қысқа мерзімді симптоматикалық емдеу; - стоматологияда қабыну процесіне байланысты ауыру синдромын қысқа мерзімді симптоматикалық емдеу (мұндай жағдайларда қабынуға қарсы стероидты емес дәрілерді (ҚҚСД) қолданумен байланысты қауіптерді, атап айтқанда, бұрыннан бар инфекциялық процестің таралуын ескеру және оларды күтілетін ауыруды басатын әсерге байланысты бағалау қажет); - дисменореяны емдеу (оның туындау себебін анықтағаннан кейін).
Қарсы көрсетілімдер
- белсенді затқа немесе препараттың кез келген қосымша заттарына аса жоғары сезімталдық; - аллергиялық реакциялар немесе напроксенді немесе басқа ҚҚСД, ацетилсалицил қышқылы (АСҚ) сияқты ұқсас дәрілік заттарды қолданумен байланысты анамнездегі бронх демікпесі; - жүктілік кезеңі (жүктіліктің 6-шы айынан бастап немесе жүктіліктің 24-ші аптасынан кейін; - асқазан-ішектен қан кету немесе алдыңғы ҚҚСД емдеумен байланысты анамнездегі тесілу; - жедел пептиттік ойық жара, ойық жара ауруы немесе анамнездегі қайталанатын асқазан-ішектен қан кету (ойық жараның пайда болуының немесе қан кетудің дамуының екі немесе одан да көп расталған эпизодтары); - бауыр жасушаларының ауыр жеткіліксіздігі; - бүйректің ауыр жеткіліксіздігі; - жүректің ауыр жеткіліксіздігі - 16 жасқа дейінгі балалар.
Дозасы
Дозалану режимі Жағымсыз реакциялардың туындау қаупін азайту мақсатында препаратты симптомдарды жеңілдету үшін қажет болатын ең қысқа уақыт ішінде ең аз тиімді дозада қолдану керек. Егде жастағы пациенттер Егде жастағы пациенттерде препаратты жоғары дозада қолданған кезде клиникалық және зертханалық мониторингті жүргізу ұсынылады. Клиникалық зерттеулерде егде жастағы пациенттерде қан плазмасындағы ақуыздармен байланыссыз напроксен фракциясының көрсеткіші 2 есе артқаны анықталды, бұл ретте қан плазмасындағы напроксеннің жалпы концентрациясының мәні өзгерген жоқ. Ересектер мен 16 жастан асқан балалар Ревматология, гинекология Жедел ұстамаларды емдеу: 550 мг-ден 2 таблетка (тәуліктік доза 1100 мг құрайды). Демеуші емдеу: 1 таблетка 550 мг (тәуліктік доза 550 мг құрайды). Стоматология 550 мг-ден 1/2-2 таблетка (тәуліктік доза 275-1100 мг құрайды). Пациенттердің ерекше топтары Бүйрек функциясы бұзылған пациенттер Бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде препараттың дозасын төмендету туралы мәселені қарастыру керек. Енгізу әдісі және жолы Таблеткаларды дұрысы, тамақтану кезінде, бір реттік дозаны стақан сумен тұтастай жұту арқылы ішке қабылдайды. Препараттың тәуліктік дозасын 1-2 қабылдауға бөлу керек.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.