НАЛГЕЗИН ФОРТЕ 550 мг №10 таб

1280 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Напроксен
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Словения
  • Өндіруші: KRKA, d.d., Novo mesto
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы 1 таблетканың құрамында белсенді зат – 550 мг натрий напроксені (500 мг напроксенге баламалы), қосымша заттар: повидон К30, микрокристалды целлюллоза, тальк, магний стеараты, тазартылған су үлбірлі қабық: Опадрай 02F205004 көк (құрамы: гипромеллоза, макрогол/полиэтиленгликоль 8000, титанның қостотығы (E171), индигокармин бояғышы алюминий лагы (E132))
Қолданылуы
Налгезин® форте ересектерге арналған: ревматоидты артрит остеоартрит (дегенеративті артрит) шорбуынданатын спондилит  жедел подагра тірек-қимыл аппаратының жедел бұзылуы  дисменорея
Қарсы көрсетілімдер
- әсер етуші затына немесе қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық. Кросс-сезімтал реакцияларға потенциалды болғандықтан, напроксенді аспирин немесе демікпе синдромын, ринит, мұрын полиптерін немесе есекжемді туындататын пациенттерге қабынуға қарсы стероидты емес басқа / ауыруды басатын препараттарды қолдануға болмайды. Бұл реакциялар фатальді болуы мүмкін. Бұндай пациенттерде напроксенге ауыр анафилаксиялық реакциялар туралы хабарланды. - анамнезіндегі бронх түйілуі, бронх демікпесі, мұрын полиптері, ринит, есекжем, ацетилсалицил қышқылын немесе қабынуға қарсы стероидты емес басқа препараттарды (ҚҚСП) қабылдауға байланысты анафилаксиялық немесе анафилактоидты реакциялар болуы - ауыр бауыр, бүйрек немесе жүректің жеткіліксіздігі - жүктіліктің үшінші триместрі - ҚҚСП алдыңғы емдеуге байланысты өршу фазасындағы немесе анамнездегі асқазанның және (немесе) он екі елі ішектегі ойық жара ауруы, асқазан-ішек қан кетулері (ойық жара немесе қан кетулерінің екі немесе одан көп расталған жеке-дара көріністері), анамнездегі асқазан-ішек қан кетулері - балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерде (құрамында Е132 бояғышы болуына байланысты)
Дозасы
Ересектер Ревматоидты артрит, остеоартрит және шорбуынданатын спондилоартрит 550 мг-ден 1100 мг дейін, 2 қабылдауға бөлінген 12 сағаттық аралықпен немесе баламалы ретінде - бір рет. Жедел подагра Бастапқы доза 825 мг құрайды, содан соң ұстамалар тоқтағанша әрбір 8 сағат сайын 275 мг-ден. Тірек-қимыл аппаратының жедел бұзылуы және дисменорея Бастапқы доза 550 мг, ең жоғары тәуліктік дозада 1375 мг қабылдаудың бірінші күнінен кейін, содан соң қажет болуына қарай дозаны 6-8 сағат аралықпен 275 мг дейін төмендетеді. Жүктеме доза Таңертең немесе кешке бір рет қабылдағанда келесі жағдайлардағы жедел фаза уақытында жүктеме дозасы күніне 825 мг немесе 1100 мг ұсынылады: түнде қатты ауыруы бар немесе таңғы қимыл шектелісі бар пациенттерде напроксенмен ем бастаған пациенттерде ревматизмге қарсы басқа препараттың жоғары дозаларынан ауысқаннан кейін остеоартроз кезінде, басым симптомы ауырсыну болған кезде Пациенттердің ерекше топтары Балалар Налгезин® форте балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерде қолдану ұсынылмайды («Қолдануға болмайтын жағдайлар» бөлімін қараңыз). Егде жастағы пациенттер Егде жастағы пациенттерде напроксеннің плазмадағы жалпы концентрациясы өзгермесе де, напроксеннің плазмадағы байланыспаған бөлігі артатыны анықталған. Бұл құбылыстың напроксенді дозалауға әсері белгісіз. Егде жастағы пациенттерде қолданылатын басқа препараттар сияқты, егде жастағы пациенттерде жағымсыз әсерлердің даму қаупінің жоғарылауына байланысты ең төмен тиімді дозаны және емдеудің ең аз ұзақтығын қолдану қажет. Пациентті ҚҚСП емдеу кезінде асқазан-ішектен қан кетуге қатысты тұрақты бақылау керек. Егде жастағы пациенттерде элиминациясының азаю әсерін «Қолдану кезіндегі қажетті сақтандыру шаралары» бөлімінен қараңыз. Бүйрек және бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер Бүйрек немесе бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде препараттың төмен дозалары ұсынылады. Напроксен бастапқы креатинин клиренсі 30 мл/мин аз пациенттерге қарсы көрсетілімде, өйткені ауыр бүйрек жеткіліксіздігі бар немесе диализдегі пациенттерде напроксен метаболиттерінің жинақталуы бақыланды. Емді белгілі бір уақыт аралығынан кейін жүйелі түрде қайта қарау керек және егер пайдасы бақыланбаса немесе жақпаушылығы туындаса емді тоқтату керек. Енгізу әдісі және жолы Ішке қабылдауға арналған. Дұрысы тамақ ішу кезінде немесе одан кейін қабылдау.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.