+74 бонус

НАЛГЕЗИН 275 мг №10 таб

1480 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Напроксен
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Словения
  • Өндіруші: КРКА, д.д., Ново место
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы 1 таблетканың құрамында белсенді зат – 275 мг натрий напроксені (251 мг напроксенге баламалы) қосымша заттар: повидон, микрокристалды целлюллоза, тальк, магний стеараты, тазартылған су үлбірлі қабық: Опадрай YS-1R-4215 (индигокармин алюминий лагы (E132), титанның қостотығы (E171), гипромеллоза және макроголдан тұрады)
Қолданылуы
Налгезин® төмендегі кезінде ересектерге көрсетілген: ревматоидты артрит остеоартрит (дегенеративті артрит) шорбуынданатын спондилит  жедел подагра  тірек-қимыл аппаратының жедел аурулары дисменорея
Қарсы көрсетілімдер
- әсер етуші затына немесе қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық. Кросс-сезімтал реакцияларға потенциалды болғандықтан, напроксенді аспирин немесе демікпе синдромын, ринит, мұрын полиптерін немесе есекжемді туындататын пациенттерге қабынуға қарсы стероидты емес басқа / ауыруды басатын препараттарды қолдануға болмайды. Бұл реакциялар фатальді болуы мүмкін. Бұндай пациенттерде напроксенге ауыр анафилаксиялық реакциялар туралы хабарланды. - анамнезіндегі бронх түйілуі, бронх демікпесі, мұрын полиптері, ринит, есекжем, ацетилсалицил қышқылын немесе қабынуға қарсы стероидты емес басқа препараттарды (ҚҚСП) қабылдауға байланысты анафилаксиялық немесе анафилактоидты реакциялар болуы - бауыр, бүйрек немесе жүректің ауыр жеткіліксіздігі - жүктіліктің үшінші триместрі - ҚҚСП алдыңғы емдеуге байланысты өршу фазасындағы немесе анамнездегі асқазанның және (немесе) он екі елі ішектегі ойық жара ауруы, асқазан-ішек қан кетулері (ойық жара немесе қан кетулерінің екі немесе одан көп расталған жеке-дара көріністері), анамнездегі асқазан-ішек қан кетулері - балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерде (құрамында Е132 бояғышы болуына байланысты)
Дозасы
Жағымсыз реакцияларды, симптомдарын бақылауға алу үшін қажетті өте қысқа уақыт ішінде ең төмен тиімді дозасын қолдана отырып азайтуға болады Ересектер Ревматоидтық артрит, остеоартрит және шорбуынданатын спондилоартрит 500 мг-ден (2 таблеткадан) 1100 мг (4 таблеткаға) дейін, 2 қабылдауға бөлінген 12 сағаттық аралықпен немесе балама ретінде - бір рет. Жедел подагра Бастапқы доза 825 мг (3 таблетканы) құрайды, содан соң ұстамалар тоқтағанша әрбір 8 сағат сайын 275 мг-ден. Тірек-қимыл аппаратының жедел аурулары және дисменорея Бастапқы доза - 550 мг (2 таблетка), содан соң қажеттілігіне қарай, ең жоғары 1375 мг тәуліктік дозада (5 таблетка) қабылдаудың бірінші күнінен кейін, дозаны 6-8 сағат аралықпен 275 мг дейін төмендетеді. Жүктеме доза Таңертең немесе кешке бір рет қабылдағанда келесі жағдайлардағы жедел фаза уақытында жүктеме дозасы күніне 825 мг (3 таблетка) немесе 1100 мг (4 таблетка) ұсынылады: түнде қатты ауыруы бар немесе таңғы қимыл шектелісі бар пациенттерде напроксенмен ем бастаған пациенттерде ревматизмге қарсы басқа қосылыстардың жоғары дозаларынан ауысқаннан кейін остеоартроз кезінде, басым симптомы ауырсыну болған кезде Пациенттердің ерекше топтары Балалар Налгезин® балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерде қолдану ұсынылмайды («Қолдануға болмайтын жағдайлар» бөлімін қараңыз). Егде жастағы пациенттер Егде жастағы пациенттерде напроксеннің плазмадағы жалпы концентрациясы өзгермесе де, напроксеннің плазмадағы байланыспаған бөлігі артатыны анықталған. Бұл құбылыстың напроксенді дозалауға әсері белгісіз. Егде жастағы пациенттерде қолданылатын басқа препараттар сияқты, егде жастағы пациенттерде жағымсыз әсерлердің даму қаупінің жоғарылауына байланысты ең төмен тиімді дозаны және емдеудің ең аз ұзақтығын қолдану қажет. Пациентті ҚҚСП емдеу кезінде асқазан-ішектен қан кетуге қатысты тұрақты бақылау керек. Егде жастағы пациенттерде элиминациясының азаю әсерін «Қолдану кезіндегі қажетті сақтандыру шаралары» бөлімінен қараңыз. Бүйрек және бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер Бүйрек немесе бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде препараттың төмен дозалары ұсынылады. Напроксен бастапқы креатинин клиренсі 30 мл/мин аз пациенттерге қарсы көрсетілімде, өйткені ауыр бүйрек жеткіліксіздігі бар немесе диализдегі пациенттерде напроксен метаболиттерінің жинақталуы бақыланды. Емді белгілі бір уақыт аралығынан кейін жүйелі түрде қайта қарау керек және егер пайдасы бақыланбаса немесе жақпаушылығы туындаса емді тоқтату керек. Енгізу әдісі және жолы Пероральді қабылдауға арналған. Ас ішу кезінде немесе одан кейін қабылдаған дұрыс.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.