НАФТИЗИН 0,1% 10 мл кап

310 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Нафазолин
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Украина
  • Өндіруші: Фармак ОАО
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір мл ерітіндінің құрамында белсенді зат – нафазолин нитраты 0,5 мг (0,05 % ерітінді) немесе 1 мг (0,1% ерітінді), қосымша заттар: бор қышқылы, инъекцияға арналған су.
Қолданылуы
жедел ринитте мұрын қосалқы қойнауларының қабынуында евстахиитте ортаңғы құлақтың қабынуында диагностикалық және емдік шаралар кезінде ісінуді азайту үшін
Қарсы көрсетілімдер
препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық мұрын шырышты қабығының құрғақ қабынуы
Дозасы
Емдік мақсатта. Ересектер мен және 15 жастан асқан балаларға – әр мұрын жолына 0,05 % - 0,1 % ерітінді 1-3 тамшыдан. 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларға әр мұрын жолына 0,05 % ерітіндіні 1 тамшыдан, 6-дан 15 жасқа дейінгі балаларға – 1-2 тамшыдан қолданады. Нафтизин-Фармак® препаратын күніне 3 рет қолданады, бірақ 4 сағаттан жиі емес. Нафтизин-Фармак® препаратын ересектерге 1 аптадан көп және балаларға 3 тәуліктен артық қолдануға болмайды. Нафтизин-Фармак® препаратын қайтадан бірнеше тәуліктен соң ғана қолдануға болады. Мұрыннан қан кеткен жағдайда препараттың 0,05 % ерітіндісіне малынған тампондарды пайдалану керек. Диагностикалық мақсатта. Мұрын қуысын тазалағаннан кейін әр мұрын жолына 0,05 % - 0,1 % ерітіндіні 3-4 тамшыдан тамызады немесе 0,05 % - 0,1% ерітіндіге малынған тампонды 1-2 минут салады. Дауыс байламдары ісінген жағдайда 1-2 мл препаратты көмей шприцімен бүрку керек. Енгізу әдісі және жолы Мұрын ішіне енгізу тәсілі. Нафтизин-Фармак® препаратын басты сәл артқа шалқайтып, әр мұрын жолына және оны сол жақ танауға тамызғанда оңға, ал оң жақ танауға тамызғанда солға қисайтып тамызады. Артық дозаланған жағдайда қолдану қажет шаралар Симптомдары: препаратты артық дозалау немесе кездейсоқ жұту препараттың жүйелік әсер ету симптомдары: ашушаңдық, қатты тершеңдік, бас ауыру, тремор, жүрек қағуын сезіну, тахикардия, гипертензиямен көрініс береді. Терінің бозаруы, цианоз, қызба, жүрек айну, түйілулер, жүрек ұстамасы, жүректің тоқтап қалуы, өкпе ісінуі, тыныс алудың бұзылуы, психикалық бұзылулар пайда болуы мүмкін. Орталық жүйке жүйесін бәсеңдетуші әсері мынадай симптомдармен білінеді: дене температурасының төмендеуі, брадикардия, қатты тершеңдік, ұйқышылдық, шок жағдайы, апноэ, кома. Кездейсоқ артық дозалану кезінде препарат қолдануды тоқтатып және дереу дәрігерге қаралу керек. Емі: симптоматикалық. Артық дозалану қаупі ересектерге қарағанда, жағымсыз әсерге сезімталдығы басым балаларда арта түседі. Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінің кеңесіне жүгіну бойынша нұсқаулар Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінің кеңесіне жүгініңіз. ДП стандартты қолдану кезінде көрініс табатын жағымсыз реакциялардың сипаттамасы және осы жағдайда қабылдануы керек шаралар (қажет болса) Дәрілік заттың жағымсыз реакцияларының даму жиіліктерін бағалау критерийлері: өте жиі (≥1/10); жиі (≥1/100-ден <1/10-ға дейін); жиі емес (≥1/1000-нан <1/100-ге дейін); сирек (≥1/10000-нан <1/1000-ға дейін); өте сирек (<1/10000), жиілігі белгісіз (реакциялардың пайда болу жиіліктерін қолда бар деректер бойынша бағалау мүмкін емес). Нафтизин-Фармак® препаратының ұсынылған дозаларын сақтағанда әдетте жақсы көтерімді. Бірлі-жарым жағдайларда жағымсыз құбылыстары туындайды. Сирек: жүрек айнуы, бас ауыруы, ашушаңдық, тремор тахикардия, артериялық қысымның жоғарылауы, жүрек қағуы реактивті гиперемия, қатты тершеңдік ашыту сезімі немесе мұрынның құрғауы мұрын қуысының шырышты қабатының ісінуі (7 күннен астам қолданған кезде) атрофиялық ринит Өте сирек: препараттың әсері әлсіреткеннен кейін мұрынның қарқынды бітелуі Ересектерге бір аптадан астам және балаларға 3 күннен аса қолдану немесе өте жиі қолдану препаратқа дағдылануды туындатуы мүмкін, бұл оны қолданудан кейін мұрын шырышты қабығының ісінуімен қатар жүреді. Ұзақ қолдану цилиарлық белсенділіктің бәсеңдеуіне және мұрын шырышты қабығының қайтымсыз зақымдануына, мұрын шырышты қабығының құрғап қабынуына әкелуі мүмкін. Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК http://www.ndda.kz.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.