+178 бонус

МУПОБЕЛ 2% 15 г крем

3570 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Мупироцин
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Казахстан
  • Өндіруші: НобелАФФ
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
1 г кремнің құрамында белсенді зат – 23.43 мг мупироцин кальций дигидраты (20.00 мг мупироцинге баламалы); қосымша заттар: сұйық парафин, полоксиэтиленгликоль 1000 моноцетил эфирі, стеарил спирті, цетил спирті, феноксиэтанол, бензил спирті, ксантан шайыры, тазартылған су.
Қолданылуы
МУПОБЕЛ® кремі Staphylococcus aureus салдарлы инфекциясы және Streptococcus pyogenes сезімтал шағын лазерлік зақымданулар сияқты жарақаттық зақымдануларда, тігілген жаралар мен сызаттарды емдеуге арналған (ұзындығы 10 см-ге дейін немесе ені 100 см2-ге дейін).
Қарсы көрсетілімдер
- мупироцинге немесе препараттың басқа компоненттеріне белгілі аса жоғары сезімталдық - интраназальді және интраокулярлық пайдалану
Дозасы
Ересектер және 1 жастан асқан балалар Препаратты зақымданған теріге күніне 3 рет жағады. Егде жастағы пациенттер Дозаны түзету қажет емес. Бүйрек функциясы бұзылған пациенттер Дозаны түзету қажет емес. Бауыр функциясы бұзылған пациенттер Дозаны түзету қажет емес. МУПОБЕЛ® басқа препараттармен бірге мупироциннің еру мүмкіндігіне және оның тұрақтылығының төмендеуіне байланысты қолдануға болмайды, бұл бактерияға қарсы әсердің жеткіліксіздігіне әкелуі мүмкін. Енгізу жолы және тәсілі Сыртқа жергілікті қолдану үшін. Кремнің аздаған мөлшерін терінің зақымданған аумағына жұқа қабаттап таза мақта немесе дәкенің көмегімен жағады. Өңделген аумаққа таңғышты қоюға болады. Теріні өңдегеннен кейін кремнің қалдығы қалмау үшін қолды жуу керек. Емдеу аяқталғаннан кейін препараттың кез-келген пайдаланылмаған қалдығы жойылуы тиіс. Емдеу ұзақтығы Жүргізіліп жатқан емнің клиникалық жауабына байланысты емдеу ұзақтығы – 10 күнге дейін. Егер клиникалық жауапқа 3-5 күн ішінде қол жетпесе, емді қайта қарау керек. Емнің ең ұзақ мерзімі 10 күн. Артық дозалану жағдайында қабылдануы қажетті шаралар Мупироцинмен дозаланудың шектеулі тәжірибесі бар. Мупироцинмен артық дозалануды арнайы емдеу жоқ. Препаратты ішке әдейі қабылдаған жағдайда симптоматикалық ем және пациенттің жағдайына тиісті бақылау жүргізу қолданылады. Одан әрі емдеу пациенттің клиникалық жағдайына сәйкес жүзеге асырылуы тиіс. Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінен кеңес алу бойынша ұсынымдар Дәрілік препаратты қабылдамас бұрын, дәрігердің немесе фармацевттің кеңесіне жүгініңіз. ДП стандартты қолдану кезінде көрініс табатын жағымсыз реакциялардың сипаттамасы және осы жағдайда қабылдануы керек шаралар (қажет болса) Кездесу жиілігі былай анықталады: өте жиі (≥1/10), жиі (≥1/100 және <1/10), жиі емес (≥1/1 000 және <1/100), сирек (≥1/10 000 және <1/1 000), өте сирек (<1/10 000) немесе белгісіз (жиілігі қолда бар деректер бойынша бағалануы мүмкін емес). Жиі - терінің аса жоғары сезімталдық реакциялары: есекжем, қышыну, эритема, кремді жаққан жерде күйдіру сезімі, жанаспалы дерматит, бөртпе Өте сирек - жүйелік аллергиялық реакциялар, анафилаксияны, жайылған бөртпені, есекжемді, ангионевроздық ісінуіді қоса Күтілген дәрілік реакциялар туындаса медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігін және осындай хабарламаны нұсқайтын алуан түрлі жолдарын қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласыңыз Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің «Дәрілік заттарды және медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК http://www.ndda.kz

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.