+145 бонус

МОТИНОРМ 60 мл сироп

2910 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Домперидон
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Индия
  • Өндіруші: Medley Pharmaceuticals Limited
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Құрамы 5 мл шәрбаттың құрамында белсенді зат – 5 мг домперидон, қосымша заттар: сүт қышқылы, 70% сорбитол ерітіндісі, глицерин, карамель (Е150а), сахароза, метилпарагидроксибензоат, пропилпарагидроксибензоат, пропиленгликоль, құлпынай хош иістендіргіші, тазартылған су.
Қолданылуы
- жүрек айнуы және құсу симптомдарын жеңілдету үшін
Қарсы көрсетілімдер
домперидонға немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық гипофиздің пролактин бөліп шығаратын ісігі (пролактинома) алынған деректер бойынша QT аралығының ұзаруын туындататын кларитромицин, эритромицин, итраконазол, пероральді қолдануға арналған кетоконазол, посаконазол, ритонавир, саквинавир, телитромицин, телапревир және вориконазол сияқты CYP3A4 әсері күшті тежегіштерін біріктіріп қолдану жүрек өткізгіштігі, атап айтқанда QTc аралықтарының диагностикаланған ұзаруы бар пациенттерге, электролиттік теңгерімнің елеулі бұзылулары бар немесе жүректің іркілісті жеткіліксіздігі сияқты жүрек аурулары бар пациенттерде апоморфинді қоспағанда, QT аралығын ұзартатын басқа препараттармен бірге қолдану асқазан моторикасының стимуляциясы қауіпті болуы мүмкін кез келген жағдайларда, мысалы, асқазан-ішектен қан кету, механикалық обструкция немесе тесілуі болғанда тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы бар пациенттерге глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар адамдарға ¶ бауырдың орташа ауыр (Чайлд-Пью  жіктемесі бойынша 7-9) немесе ауыр (Чайлд-Пью жіктемесі бойынша >9) жеткіліксіздігі бар пациенттер 12 жасқа дейінгі, дене салмағы 35 кг төмен балалар лактация кезеңі
Дозасы
Домперидонды жүрек айнуы мен құсуды бақылауға қажетті ең қысқа уақыт ішінде ең төменгі тиімді дозада пайдалану керек. Домперидонды тамақтанар алдында ішке қабылдау ұсынылады. Тамақтан кейін қабылдағанда препараттың сіңірілуі біршама баяулайды. Препаратты тамаққа дейін 15-30 минут бұрын ішке тағайындайды. Қолданар алдында ішінде шәрбат бар құтыны сілку керек. 12 жастан асқан және салмағы 35 кг және одан жоғары балалар 10 мг-ден күніне 3 ретке дейін, ең жоғары дозасы күніне 30 мг. Бауыр жеткіліксіздігі Бауырдың жеңіл жеткіліксіздігі бар (Чайлд-Пью жіктемесі бойынша 5-6) пациенттерде препараттың дозасын түзету қажет емес. Бүйрек жеткіліксіздігі Бүйректің ауыр жеткіліксіздігі (сарысудағы креатинин деңгейі > 6 мг/100 мл, яғни, > 0,6 ммоль/л болғанда) жағдайында домперидонның жартылай шығарылу кезеңі ұлғаятындықтан, Мотинорм® шәрбәтын қабылдау жиілігін жеткіліксіздіктің ауырлығына қарай тәулігіне 1 немесе 2 ретке дейін төмендету керек және препарат дозасын төмендету де талап етілуі мүмкін. Бүйректің ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерге тұрақты тексеру жүргізу қажет. Балалар популяциясы 12 жасқа дейінгі балаларда домперидонның тиімділігі анықталмаған. 12 жастан асқан, дене салмағы 35 кг-ден аз жасөспірімдерде домперидонның тиімділігі анықталмаған.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.