+130 бонус

МОТИНОРМ 10 мг №30 таб

2600 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Домперидон
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Индия
  • Өндіруші: Медлей Фармасьютикалз Лтд.
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында белсенді зат - домперидон 10 мг қосымша заттар: лактоза моногидраты, магний стеараты, крахмал
Қолданылуы
- жүрек айнуы мен құсу симптомдарын жеңілдету үшін
Қарсы көрсетілімдер
- домперидонға немесе қосымша заттардың кез-келгеніне белгілі аса жоғары сезімталдық; - гипофиздің пролактин-секрециялайтын ісігі (пролактинома); - асқазан моторикасының стимуляциялануы қауіпті болуы мүмкін кез-келген жағдайларда, мысалы, асқазан-ішектен қан кеткен, механикалық обструкция немесе тесілу болған кезде; - бауыр жеткіліксіздігінің ауыр және орташа дәрежесі; - жүрек өткізгіштігі аралықтарының, атап айтқанда QT аралығының ұзаруы диагнозы қойылған, электролиттер теңгерімінің елеулі бұзылулары немесе жүректің іркілісті жеткіліксіздігі сияқты жүрек аурулары бар пациенттерге; - апоморфинді қоспағанда, QT аралығын ұзартатын басқа препараттармен бір мезгілде қолдану; - CYP3A4 әсері күшті тежегіштерімен бір мезгілде қолдану (олардың QT аралығын ұзартуға қабілеттілігіне қарамастан); - тұқым қуалайтын галактоза жақпаушылығы, Lapp (ЛАПП)-лактаза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар адамдарға;
Дозасы
Дозалану режимі Жүрек-қантамыр құбылыстарының даму қаупін төмендету үшін Жүрек-қантамырлық құбылыстардың даму қаупін төмендету үшін домперидонды ең төмен тиімді дозасында және жүрек айнуы мен құсуды бақылауға алу үшін қажетті барынша қысқа мерзімде қолдану керек. Ересектер және жасөспірімдер (12 жастан асқан, дене салмағы 35 кг-ден жоғары) 10 мг-ден – күніне 3 реттен аспайды. Ең жоғары тәуліктік дозасы 30 мг. Балалар 12 жасқа дейінгі балаларда домперидонды қолданудың тиімділігі анықталмаған. 12 жастан асқан және дене салмағы 35 кг-ден аз жасөспірімдерде домперидонды қолданудың тиімділігі анықталмаған. Егде жастағы пациенттер 60 жастан асқан пациенттер препаратты қабылдар алдында дәрігермен кеңесуі керек. Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер Бауыр функциясының ауыр және орташа дәрежелі бұзылулары кезінде домперидонды қолдануға болмайды. Бауыр функциясының жеңіл дәрежелі бұзылулары кезінде дозалау режимін түзету қажет емес. Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер Бүйрек функциясының ауыр бұзылулары кезінде домперидонның жартылай шығарылу кезеңі ұзаратындықтан, қайталап қолданған кезде қабылдау жиілігін бұзылулардың ауырлығына байланысты күніне 1-2 ретке дейін төмендету қажет, сондай-ақ дозасын төмендету қажет болуы мүмкін. Бүйрек функциясының ауыр дәрежелі бұзылулары бар пациенттерді ұдайы тексеріп отыру керек. Енгізу әдісі және жолы Ішке қолдануға арналған. Қабылдау уақытын көрсете отырып қолдану жиілігі Препаратты тамақтанғанға дейін қолдану ұсынылады. Оны тамақтанғаннан кейін қабылдаған жағдайда сіңірілуі баяулауы мүмкін. Пациент препаратты тағайындалған уақытында қабылдауы керек. Емдеу ұзақтығы Қабылдау ұзақтығы бір аптадан аспауы тиіс.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.