+760 бонус

МОТИЛИУМ 10 мг №30 таб Домперидон

9:00-ден кейін қолжетімді
15200 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Домперидон
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Франция
  • Өндіруші: ООО Джонсон & Джонсон
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында белсенді зат: домперидон, 10.00 мг, қосымша заттар: лактоза моногидраты, жүгері крахмалы, микрокристалды целлюлоза, желатинделген крахмал, повидон К90, магний стеараты, гидрогенделген мақта тұқымының майы, натрий лаурилсульфаты, үлбірлі қабық: гипромеллоза 2950 5 мПа·с, натрий лаурилсульфаты, тазартылған су.
Қолданылуы
- жүрек айнуы және құсу симптомдарын жеңілдету үшін
Қарсы көрсетілімдер
домперидонға немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық пролактиннің (пролактиноманың) босап шығуымен гипофиз ісігі алынған деректер бойынша QT аралығының ұзаруын туындататын кларитромицин, эритромицин, итраконазол, пероральді қолдануға арналған кетоконазол, посаконазол, ритонавир, саквинавир, телитромицин, телапревир және вориконазол сияқты CYP3A4 күшті әсер ететін тежегіштерін біріктіре қолдану жүрек өткізгіштігінің, атап айтқанда QTc аралықтарының диагностикаланған ұзаруы бар пациенттерге, электролиттік теңгерімнің елеулі бұзылулары бар немесе іркілісті жүрек жеткіліксіздігі сияқты жүрек аурулары бар пациенттерде апоморфинді қоспағанда, QT аралығын ұзартатын басқа препараттармен бірге қолдану асқазан моторикасының стимуляциясы қауіпті болуы мүмкін кез келген жағдайларда, мысалы, асқазан-ішектен қан кету, механикалық обструкция немесе тесілуі болғанда орташа ауыр (Чайлд-Пью  жіктеуі бойынша 7-9) немесе бауырдың ауыр (Чайлд-Пью жіктеуі бойынша >9) жеткіліксіздігі бар пациенттер дене салмағы 35 кг төмен 12 жасқа дейінгі балалар лактация кезеңі
Дозасы
Мотилиум® таблеткаларын ең аз тиімді дозада және жүрек айнуы мен құсуды бақылауға қажетті ең аз қысқа уақытта қолдану керек. Ересектер мен дене салмағы 35 кг және одан жоғары 12 жастан асқан балалар Бір реттік доза - 1 таблеткадан (10 мг), ең жоғары тәуліктік доза 3 таблетканы (30 мг) құрайды. Жеңіл (Чайлд-Пью жіктеуі бойынша 5-6) бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде препарат дозасын түзету талап етілмейді. 60 жастан асқан пациенттер Мотилиум® қабылдау алдында дәрігерден кеңес алуы тиіс. Енгізу әдісі және жолы Ішке. Қабылдау уақыты көрсетілген қолдану жиілігі Мотилиум® таблеткаларын тамақтанудан 15-30 минут бұрын қабылдау ұсынылады, егер препарат тамақтанғаннан кейін қабылданса, домперидонның сіңірілуі баяулауы мүмкін. Таблеткаларды тәулігіне 3 рет қабылдау керек. Емдеу ұзақтығы Мотилиум® үздіксіз қабылдау ұзақтығы бойынша 7 күннен аспауы тиіс. Бүйрек жеткіліксіздігі Бүйректің ауыр жеткіліксіздігі (сарысудағы креатинин деңгейі > 6 мг/100 мл болғанда, яғни, > 0,6 ммоль/л) жағдайында домперидонның жартылай шығарылу кезеңі ұлғаятындықтан, Мотилиум®т аблеткасын қабылдау жиілігін жеткіліксіздік ауырлығына қарай тәулігіне 1 немесе 2 ретке дейін төмендету керек және препарат дозасын төмендету де талап етілуі мүмкін. Бүйректің ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер тұрақты тексерілуі қажет.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.