+200 бонус

МОТИГАСТ-S 1 мг/мл 100 мл сусп

9:00-ден кейін қолжетімді
4005 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Домперидон
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Индия
  • Өндіруші: Brawn Laboratories Limited
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір мл суспензияның құрамында белсенді зат-1 мг домперидон, қосымша заттар: сукроза, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, понсо-4R (Е124), натрий бензоаты, лимон қышқылы моногидраты, сұйық шие эссенциясы, полисорбат-80 (Твин-80), натрий метилгидроксибензоаты, натрий пропилгидроксибензоаты, динатрий эдетаты, ксантан шайыры, сұйық сорбитол (70% кристалданбайтын), глицерин, тазартылған су.
Қолданылуы
- жүрек айну және құсу симптомдарын жеңілдету үшін
Қарсы көрсетілімдер
Домперидонды келесі жағдайларда қолдануға болмайды: - домперидонға немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - пролактин-секрецияланатын гипофиз ісігі (пролактинома) - асқазанның қозғалыс функциясын көтермелеу қауіпті болуы мүмкін асқазан-ішектен қан кету, механикалық обструкция немесе тесілуі - орташа немесе ауыр бауыр жеткіліксіздігі - жүрек өткізгіштігі аралықтарының ұзаруы, атап айтқанда QT диагностикаланған, электролиттік теңгерімнің елеулі бұзылулары немесе іркілісті жүрек жеткіліксіздігі сияқты жүрек аурулары бар пациенттерге - апоморфинді қоспағанда, QT аралығын ұзартатын препараттармен бір мезгілде қолдану - CYP3A4 күшті тежегіштерімен бір мезгілде қолдану (олардың QT аралығын ұзарту әсеріне қарамастан)
Дозасы
Домперидонды жүрек айнуы мен құсуды бақылау үшін қажетті қысқа уақыт ішінде ең аз тиімді дозада қолдану керек. Домперидонды тамақтанар алдында ішке қабылдау ұсынылады. Тамақтан кейін қабылдаған кезде препараттың сіңуі біршама баяулайды. Әрбір дозаны белгіленген уақытта қабылдау керек. Егер жоспарланған доза өткізіп алынса, оны белгіленген қабылдау режимін жаңарта отырып, жоққа шығару керек. Өткізіп алған дозаның орнын толтыру үшін препараттың өткізіп алған дозасын екі еселеуге болмайды. Ең жоғары емдеу ұзақтығы бір аптадан аспауы керек. МОТИГАСТ-S суспензия түрінде балалар тәжірибесінде қолдану ұсынылады (әсіресе 5 жасқа дейінгі балаларға). Препаратты тамақтанар алдында 15-30 минут бұрын ішке тағайындайды. Қолданар алдында шайқау керек. Ересектер мен жасөспірімдер (дене салмағы 35 кг және одан көп 12 жастан асқандар). 10 мл (1 мг/мл ішуге арналған суспензия) күніне үш ретке дейін, ең жоғары дозасы күніне 30 мл. 12 жасқа дейінгі және дене салмағы 35 кг-нан аз балалар Күніне 3 ретке дейін 0,25 мг/кг, күніне ең көбі 0,75 мг/кг. Салмағы 10 кг балалар үшін доза 2,5 мл, яғни 2,5 мг құрайды, оны күніне үш рет күніне 7,5 мг ең жоғары дозамен қабылдауға болады. Пациенттердің ерекше топтары Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер Домперидонды орташа немесе ауыр бауыр жеткіліксіздігінде қолдануға болмайды. Алайда жеңіл бауыр жеткіліксіздігінде дозаны түзету қажет емес. Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер Домперидонның жартылай шығарылу кезеңі ауыр бүйрек жеткіліксіздігінде артатындықтан, қайталап қабылдағанда домперидонның пероральді суспензиясын қабылдау жиілігін бұзылудың айқындылық дәрежесіне қарай күніне бір немесе екі рет төмендету керек және дозаны азайту қажет болуы мүмкін. Мұндай пациенттер ұзақ емдеу кезінде жүйелі түрде тексерілуі тиіс. Енгізу әдісі мен жолы Пероральді.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.