МОНТУМ КИДС 5мг №10 таб жев

9:00-ден кейін қолжетімді
1785 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Монтелукаст
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Индия
  • Өндіруші: Кусум Хелткер Пвт. Лтд.
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы Бір таблетканың құрамында: белсенді зат – 4.160 мг натрий монтелукасты (4.0 мг монтелукастқа баламалы) немесе 5.200 мг (5.0 мг монтелукастқа баламалы), қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза РН 112, гидроксипропилцеллюлоза, натрий кроскармеллозасы, темірдің қызыл тотығы (Е172), аспартам, шие дәмдік қоспасы**, маннитол, магний стеараты. ** Шие дәмдік қоспасының құрамы: жүгері мальтодекстрині, хош иістендіргіш заттар, бензил спирті (E1519), табиғи хош иістендіргіш заттар, триэтилцитрат (E1505), хош иістендіргіш қосылыстар
Қолданылуы
ингаляциялық кортикостероидтарды қабылдаумен жеткілікті түрде бақыланбайтын, сондай-ақ қысқа әсер ететін бета-агонистерді "қажеттілігіне қарай" қолдану демікпені жеткілікті клиникалық бақылауды қамтамасыз етпейтін, персистирлеуші демікпесі жеңілден орташа ауырлық дәрежесіне дейінгі пациенттерде бронх демікпесінің базалық еміне қосымша. соңғы уақытта пероральді кортикостероидтарды қолдануды талап ететін демікпенің күрделі ұстамалары болмаған, сондай-ақ ингаляциялық кортикостероидтарды пайдалана алмайтын науқастарда ауырлығы жеңіл дәрежедегі персистирлеуші демікпесі бар пациенттерде ингаляциялық кортикостероидтардың төмен дозаларының орнына таңдау емі ретінде басым компоненті дене жүктемесімен индукцияланған бронх түйілуі болатын демікпенің профилактикасы.
Қарсы көрсетілімдер
- әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - фенилкетонуриясы бар адамдар - 2 жасқа дейінгі балалар (4 мг шайнайтын таблетка), 6 жасқа дейін (5 мг шайнайтын таблетка)
Дозасы
2 жастан 5 жасқа дейінгі балаларға арналған доза тәулігіне, кешке 1 шайнайтын таблетканы (4 мг) құрайды. 6 жастан 14 жасқа дейінгі балаларға арналған доза тәулігіне, кешке 1 шайнайтын таблетканы (5 мг) құрайды. МОНТУМ® Кидс тамақтанудан 1 сағат бұрын немесе тамақтан кейін 2 сағаттан соң қабылдануы керек. Жалпы ұсыныстар МОНТУМ® Кидс препаратының бронх демікпесін бақылау көрсеткіштеріне емдік әсері бірінші күн ішінде дамиды. Пациент демікпе бақылауына қол жеткізілсе де, сондай-ақ демікпе ағымының нашарлау кезеңдерінде де МОНТУМ® Кидс қабылдауды жалғастыруы тиіс. МОНТУМ® Кидс препаратын құрамында дәл сондай әсер етуші заты – монтелукаст бар препараттармен бір мезгілде қолдануға болмайды. Бүйрек функциясы бұзылған немесе бауыр функциясы жеңілден орташа ауырлыққа дейін бұзылған пациенттер үшін дозаны түзетудің қажеті жоқ. Бауыр функциясының бұзылуының ауыр түрімен ауыратын пациенттерге қатысты деректер жоқ. Ұлдар мен қыздарға арналған доза бірдей. Ауырлығы жеңіл дәрежедегі персистирлеуші демікпесі бар балаларда ингаляциялық кортикостероидтардың төмен дозаларының орнына таңдау емі ретінде. Монтелукаст ауырлығы орташа дәрежедегі персистирлеуші демікпесі бар пациенттер үшін монотерапия ретінде ұсынылмайды. Монтелукастты ауырлығы жеңіл дәрежедегі персистирлеуші демікпесі бар балаларда төмен дозалы ингаляциялық кортикостероидтарға балама ем ретінде қолдануды тек соңғы уақытта пероральді кортикостероидтарды қолдануды талап ететін демікпенің елеулі ұстамалары болмаған пациенттер үшін, сондай-ақ ингаляциялық кортикостероидтарды пайдалана алмайтын науқастар үшін қарастыру керек. Ауырлығы жеңіл дәрежедегі персистирлеуші демікпесі симптомдарының аптасына 1 реттен жиі, бірақ күніне 1 реттен аз пайда болуы ретінде анықталады, түнгі симптомдарының пайда болуы айына 2 реттен жиі, бірақ аптасына 1 реттен аз кездеседі, эпизодтар арасындағы кезеңдерде өкпенің функциясы қалыпты. Егер бақылауға қаралуда демікпені жеткілікті бақылауға қол жеткізу мүмкін болмаса (әдетте 1 ай бойы), демікпені емдеудің бірізді жүйесіне сүйене отырып, қосымша немесе басқа қабынуға қарсы емнің қажеттілігін қарастыру керек. Демікпені бақылауға қатысты пациенттердің жағдайын мезгіл-мезгіл бағалау керек. Басым компоненті дене жүктемесімен индукцияланған бронх түйілуі болатын балалардағы демікпенің профилактикасы 2 жастан 5 жасқа дейінгі пациенттерде дене жүктемесімен индукцияланған бронх түйілуі ингаляциялық кортикостероидтарды қолдану талап етілетін персистирлеуші демікпенің негізгі көрінісі болуы мүмкін. Пациенттердің жағдайын монтелукастпен емдеудің 2-4 аптасынан кейін бағалау керек. Егер жеткілікті жауапқа қол жеткізілмесе, қосымша немесе басқа ем туралы мәселені қарастыру керек. Демікпені емдеудің басқа әдістеріне байланысты МОНТУМ® Кидс препаратымен емдеу. Егер МОНТУМ® Кидс препаратын ингаляциялық кортикостероидтармен емдеу кезінде қосымша ем ретінде қолданса, ингаляциялық кортикостероидтарды МОНТУМ® Кидс препаратымен күрт ауыстыруға болмайды. Препаратты кезекті қабылдауды өткізіп алған жағдайда пациент препараттың келесі дозасын әдеттегі уақытта қабылдауы тиіс. Пациент қатарынан 2 дозаны қабылдамауы тиіс. Енгізу әдісі және жолы Сәби МОНТУМ® Кидс препаратын тек ересектердің бақылауымен қабылдауы тиіс. Таблетканы шайнай алмайтын балалар үшін препарат түйіршіктер түрінде тағайындалады. 2 жастан 5 жасқа дейінгі балаларға арналған доза тәулігіне, кешке 1 шайнайтын таблетканы (4 мг) құрайды. 6 жастан 14 жасқа дейінгі балаларға арналған доза тәулігіне, кешке 1 шайнайтын таблетканы (5 мг) құрайды. МОНТУМ® Кидс тамақтанудан 1 сағат бұрын немесе тамақтан кейін 2 сағаттан соң қабылдануы керек.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.