+172 бонус

МОНТИГЕТ 4 мг №14 таб

3440 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Монтелукаст
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Пакистан
  • Өндіруші: Гетц Фарма (Пвт) Лимитед
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында белсенді зат - 4.16 мг натрий монтелукасты (4 мг монтелукастқа баламалы) қосымша заттар - гидроксипропилцеллюлоза (Klucel LF PHARM), микрокристалды целлюлоза 102 премиум, маннитол, аспартам, натрий кроскармеллозасы, магний стеараты, темірдің қызыл тотығы (Е172), шие хош иістендіргіші.
Қолданылуы
- талап бойынша қысқа мерзімдік әсер ететін β-агонистермен және ингаляциялық кортикостероидтармен емдеуден клиникалық әсері жеткіліксіз болғанда, жеңіл және орташа ауырлық дәрежесіндегі персистерленетін демікпесі бар 2-5 жастағы пациенттер үшін бронх демікпесін негізгі емдеуге қосымша ретінде - жеңіл дәрежедегі персистерленетін демікпе кезінде ингаляциялық кортикостероидтардың төмен дозаларының орнына 2-5 жастан асқан пациенттер үшін демікпені емдеудің балама тәсілі ретінде (пероральді кортикостероидтарды қабылдауды қажет ететін бронх демікпесінің күрделі ұстамаларынсыз, сондай-ақ, ингаляциялық кортикостероидтарды көтере алмаушылықта) - 2 жастан асқан пациенттер үшін дене жүктемелерімен байланысты бронх түйілуі ұстамаларының профилактикасы үшін.
Қарсы көрсетілімдер
- әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - жүктілік және бала емізу кезеңі - фенилкетонурия
Дозасы
Балаларға дәрілік препаратты  тек бақылаумен қабылдау қажет. Таблеткаларды шайнай алмайтын балалар үшін препараттың түйіршіктер түрінде шығарылған түрі бар. 2-ден 5 жасқа дейінгі (қоса алғанда) балалар үшін дозасы тәулігіне 1 рет, кешке, 4 мг 1 шайнайтын таблетканы құрайды. Осы жас топтарында дозаны түзетудің қажеті жоқ. Препаратты қолдану бойынша жалпы ұсынымдар Демікпе көріністерін бақылау бойынша Монтигеттің емдік әсері 1 тәулік ішінде дамиды. Демікпені бақылауға қол жеткізілсе де, сондай-ақ демікпе ағымының нашарлауы кезеңінде Монтигет қабылдауды жалғастыру керектігін пациенттерге хабарлаған жөн. Жеңіл дәрежедегі персистерленетін демікпе кезінде ингаляциялық ГКС төмен дозаларының орнына баламалы емдеу тәсілі ретінде Монтелукастты ауырлық дәрежесі қалыпты персистерленетін демікпесі бар пациенттерде монотерапия үшін қолдануға болмайды. Монтелукастты жеңіл дәрежедегі персистерленетін демікпесі бар балаларда төмен дозалы ингаляциялық глюкокортикостероид (ГКС) препараттарына балама ретінде қолдануды соңғы уақытта ГКС пероральді қолдануды талап ететін бронх демікпесінің күрделі ұстамалары болмаған немесе ингаляциялық ГКС қабылдай алмайтын пациенттерде ғана қарастыруға болады. Жеңіл дәрежедегі персистерленетін демікпе симптомдары аптасына 1 реттен жиі, бірақ тәулігіне 1 реттен сирек, түнгі симптомдары айына 2 реттен жиі, бірақ аптасына 1 реттен сирек симптомдардың көрініс беруімен және көріністер арасында өкпенің қалыпты функциясымен бронх демікпесі ретінде анықталады. Егер демікпені қанағаттанарлық бақылауға одан әрі қол жеткізілмеген болса (әдетте 1 ай ішінде), бронх демікпесін емдеудің кезеңдік жүйесі негізінде қабынуға қарсы емнің қосымша немесе өзге де құралдарына қажеттілікті бағалау қажет. Пациенттерде демікпені бақылауды мезгіл-мезгіл бағалау қажет. 2-ден 5 жасқа дейінгі пациенттерде дене жүктемесінен болатын демікпенің профилактикасына арналған Монтигет 2-ден 5 жасқа дейінгі пациенттерде дене жүктемесімен индукцияланған бронх түйілуі ингаляциялық кортикостероидтарды қолдануды қажет ететін персистерленетін демікпенің негізгі көрінісі болуы мүмкін. Монтигет препаратын бронх демікпесін емдеудің басқа әдістерімен бірге қолдану Монтигетпен емдеу ингаляциялық глюкокортикостероидтар еміне қосымша болған жағдайда, ингаляциялық ГКС Монтигетпен күрт ауыстыруға болмайды. Енгізу әдісі мен жолы Ішке қолданылады, жұтар алдында таблетканы мұқият шайнау керек. Қабылдау уақыты көрсетілген қолдану жиілігі Монтигетті тәулігіне 1 рет, кешке, тамақ ішуге дейін 1 сағат бұрын немесе тамақ ішкеннен кейін 2 сағаттан соң қабылдаған жөн. Емдеу ұзақтығы Монтелукастпен 2-4 апта емдегеннен кейін пациенттің жағдайын бағалау қажет. Егер қанағаттанарлық нәтижеге қол жеткізілмеген болса, қосымша емдеуді немесе емді ауыстыруды қарастыру қажет.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.