+290 бонус

МОНТИГЕТ 4 мг №14 саше

5800 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Монтелукаст
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Пакистан
  • Өндіруші: Гетц Фарма (Пвт) Лимитед
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір сашенің ішінде белсенді зат – 4,16 мг натрий монтелукасты (4,0 мг монтелукастқа баламалы); қосымша заттар: маннитол, гипромеллоза (Фармакоат 606), магний стеараты, шие хош иістендіргіші.
Қолданылуы
- талап бойынша қысқа мерзімдік әсер ететін β-агонистермен және ингаляциялық кортикостероидтармен емдеуден клиникалық әсері жеткіліксіз болғанда, 6 айдан 5 жасқа дейінгі пациенттер үшін демікпені қосымша емдеуде - пероральді кортикостероидтарды қабылдауды қажет ететін бронх демікпесінің күрделі ұстамаларынсыз жеңіл дәрежедегі персистерленетін демікпесі бар пациенттерде ингаляциялық кортикостероидтардың аз дозаларының орнына 2-5 жастағы пациенттер үшін демікпені емдеудің балама тәсілі ретінде, сондай-ақ, ингаляциялық кортикостероидтарды көтере алмаушылықта - 2 жастан асқан пациенттер үшін физикалық белсенділікпен байланысты бронхоспазм ұстамаларының алдын алу.
Қарсы көрсетілімдер
-әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық ˗жүктілік және бала емізу кезеңі.
Дозасы
Балалар дәріні тек ересектердің бақылауымен қабылдаулары қажет. 6 айдан бастап 5 жасқа дейінгі балалар үшін доза – тәулігіне 1 рет кешкілік, 4 мг бір саше түйіршіктен. Осы жас тобындағыларға дозаны түзету қажет емес. Персистерленетін демікпесі бар 6 айдан 2 жасқа дейінгілерде монтелукастты педиатрияда қолдану тиімділігі туралы клиникалық зерттеулердің деректері шектеулі. 2-4 апта сайын емдеу тиімділігін бақылап отыру қажет. Емдік әсері болмаған кезде ем тоқтатылуы тиіс. Монтигет, педиатриялық түйіршіктері 6 айға дейінгі балаларға ұсынылмайды. Жалпы ұсыныстар Монтигет препаратының емдік әсері бронх демікпесі барысының көрсеткіштерінің өзгеруімен қабылдаудың бірінші күні ішінде дамиды. Пациенттерге және олардың ата-аналарына Монтигет препаратын демікпені бақылауға қол жеткізілгеннің өзінде де, сондай-ақ, демікпе барысының нашарлау кезеңінде де қабылдау керектігін хабарлау керек. Дозалау ер балалар мен қыздар үшін бірдей. Монтигет ауырлығы жеңіл дәрежедегі персистерленетін демікпеде ингаляциялық кортикостероидтардың төмен дозаларының орнына емдеудің баламалы әдісі ретінде Монтигет орташа ауырлық дәрежесіндегі персистерленетін демікпесі бар пациенттер үшін монотерапия ретінде ұсынылмайды. Монтелукастты жеңіл ауырлық дәрежесіндегі персистерленетін демікпесі бар 2-ден 5 жасқа дейінгі балалар үшін төмен дозалы ингаляциялық кортикостероидтарға балама ретінде қолдануды пероральді кортикостероидтар қолдануды қажет ететін күрделі демікпе ұстамалары болмаған жағдайда және егер пациент ингаляциялық кортикостероидтар пайдалануға қабілеті болмаса ғана қарастыру керек. Ауырлығы жеңіл дәрежелі персистерленетін демікпе демікпенің симптомдарының аптасына 1 реттен жиірек, бірақ күніне 1 реттен сирек пайда болуы, түнгі симптомдардың айына 2 реттен жиірек, бірақ аптасына 1 реттен сирек пайда болуы, көріністер арасындағы кезеңдерде өкпе функциясы қалыптағыдай болу ретінде анықталған. Егер соңғы қорытынды тексерілуге келгенде демікпені жеткілікті түрде бақылауға қол жеткізілмесе (әдетте алғашқы ай ішінде), демікпені бірізді емдеу жүйесіне негізделе отырып, қосымша немесе басқа қабынуға қарсы ем қажеттілігін анықтау керек. Демікпені бақылауға қатысты пациенттің жай-күйіне ауық-ауық баға беріп отыру қажет. Монтигет, 2-ден 5 жасқа дейінгі пациенттерде дене жүктемесінен кейін демікпенің профилактикасы үшін. 2-ден 5 жасқа дейінгі пациенттерде дене жүктемесімен индукцияланған бронх түйілуі ингаляциялық кортикостероидтарды қолдануды қажет ететін персистерленетін демікпенің негізгі көрінісі болуы мүмкін. Монтелукастпен 2-4 апта емдегеннен кейін пациенттің жай-күйіне баға беру керек. Егер қанағаттанарлық нәтижеге қол жеткізілмесе, қосымша емді қарастыру немесе емді алмастыру қажет. Демікпені емдеудің басқа әдістеріне байланысты Монтигет препаратымен емдеу. Егер Монтигет препаратын ингаляциялық кортикостероидтармен емдеген кезде қосымша ем ретінде қолданса, Монтигет препаратымен ингаляциялық кортикостероидтарды күрт алмастыруға болмайды. Пациенттердің ерекше топтары Балалар Монтигет, педиатриялық түйіршіктері 6 айға дейінгі балаларға ұсынылмайды. Егде жастағы пациенттер Егде жастағы пациенттерде қолданылмайды. Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер Жеңіл және орташа ауырлық дәрежесіндегі бауыр функциясының бұзылуы бар пациенттер үшін дозаны түзетудің қажеті жоқ. Бауыр функциясының ауыр түрдегі бұзылуы бар пациенттерге қатысты деректер жоқ. Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер Бүйрек функциясы бұзылған пациенттер үшін дозаны түзету қажет емес. Енгізу әдісі мен жолы Ішке қолданылады. Түйіршіктерді сумен іше отырып жұту керек, салқын немесе бөлме температурасында аз мөлшердегі жұмсақ тағаммен (мысалы, алма езбесі, балмұздақ, сәбіз және күріш) араластыруға болады. Сашені қолдану қажеттілігі болмаса алдын ала ашпаңыз. Сашені ашқаннан кейін препараттың барлық дозасын 15 минут ішінде қолдану керек. Тағаммен араластыру кезінде барлық порцияны бірден қолдану керек, тағаммен араласқан препараттың қалдықтарын сақтауға болмайды. Монтигет, педиатриялық түйіршіктері сұйықтықта ерітуге арналмаған, бірақ оларды ішуге болады. Монтигет педиатриялық түйіршіктерін қабылдау ас ішуге байланысты емес. Емдеу ұзақтығы Монтелукастпен 2-4 апта емдегеннен кейін пациенттің жағдайын бағалау қажет. Егер қанағаттанарлық нәтижеге қол жеткізілмеген болса, қосымша емдеуді немесе емді ауыстыруды қарастыру қажет.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.