МОНТИГЕТ 10 мг №14 таб

3790 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Монтелукаст
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Пакистан
  • Өндіруші: Гетц Фарма (Пвт) Лимитед
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында белсенді зат – натрий монтелукасты, 10.40 мг, (10.00 мг монтелукастқа баламалы), қосымша заттар – микрокристалды целлюлоза (Авицел PH 102), лактоза моногидраты, гидроксипропилцеллюлоза, натрий кроскармеллозасы, магний стеараты үлбірлі қабықтың құрамы: Опадри II сары (85G32558)**. **- құрамында: гидролизденген поливинил спирті 44.00 %, тазартылған тальк 20.00 %, титанның қостотығы (Е171) 19.33 %, макрогол 12.35 %, лецитин 3.50 %, темірдің сары тотығы (Е172) 0.80 %, темірдің қара тотығы (Е172) 0.01 %.
Қолданылуы
- ингаляциялық кортикостероидтар мен қысқа әсер ететін β-агонистердің тиімділігі жеткіліксіз болған кезде жеңіл және орташа ауырлықтағы персистирленетін демікпесі бар 15 жастан бастап және одан асқан пациенттерге арналған бронх демікпесінің негізгі еміне қосымша - басым компоненті-физикалық жүктемеден туындаған бронх түйілуі болып табылатын, бронх демікпесінің профилактикасы - бронх демікпесі бар пациенттерде аллергиялық ринитті емдеу.
Қарсы көрсетілімдер
- әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - 15 жасқа дейінгі балаларға ˗ жүктілік және емізу кезеңі -тұқым қуалайтын галактоза жақпаушылығы, Lapp (ЛАПП)-лактаза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар адамдарға
Дозасы
Демікпеден немесе қатар жүретін маусымдық аллергиялық риниттен зардап шегетін ересектер мен 15 жас шамасындағы және одан үлкен жасөспірімдер үшін ұсынылатын бір реттік доза бір таблетка, 10 мг, оны күніне бір рет кешкі уақытта қабылдау керек. Пациенттерге Монтигет препаратын демікпені бақылауға тіпті қол жеткізгенде де, сондай-ақ демікпенің өршуі кезеңінде де қабылдауы керектігін айту керек. Монтигетті демікпені кешенді емдеуде бір мезгілде тағайындау. Монтигетті құрамында дәл сол белсенді ингредиент, монтелукаст бар басқа препараттармен бір мезгілде қолдану ұсынылмайды. Монтигетті бронходилататорлар және ингаляциялық глюкокортикостероидтар қабылдап жүрген пациенттің еміне қосуға болады. Монтигет ауырлығы орташа дәрежедегі персистирленетін демікпесі бар пациенттер үшін монотерапия ретінде ұсынылмайды. Персистирленетін ауырлығы жеңіл дәрежедегі демікпесі бар балаларда, монтелукастты төмен дозалы ингаляциялық кортикостероидтарға балама ретінде қолдануды тек соңғы уақытта пероральді кортикостероидтарды қабылдауды қажет ететін демікпенің күрделі ұстамасы болмаған, және ингаляциялық кортикостероидтарды пайдалана алмайтын пациенттер үшін ғана қарастыруға болады. Персистирленетін ауырлығы жеңіл дәрежедегі демікпе, симптомдардың аптасына 1 ретке қарағанда жиі, бірақ күніне 1 реттен сирек, түнгі симптомдардың айына 2 реттен жиі, бірақ аптасына 1 реттен сирек пайда болуымен, эпизодтар арасындағы кезеңде өкпе функциясының қалыпты болуымен анықталады. Егер бақылауға келгенде демікпенің жеткілікті бақылануына қол жетпеген болса (әдетте 1 айдың ішінде), онда демікпені біртіндеп емдеу жүйесіне сүйене отырып, қосымша немесе басқа қабынуға қарсы емге қажеттілікті анықтау керек. Демікпені бақылауға қатысты пациенттердің жай-күйін мезгіл-мезгіл бағалап отыру керек. Егер бронходилататорларды оқшау түрде қабылдаудың клиникалық әсері жеткіліксіз болса, бронх түйілуі бар пациенттерге Монтигет тағайындалады. Талапқа сай клиникалық әсеріне қол жеткен жағдайда (әдетте алғашқы дозасын қабылдағаннан кейін) қабылданатын бронходилататорлардың дозасы азайтылуы мүмкін. Ингаляциялық кортикостероидтар Егер Монтигет препараты ингаляциялық кортикостероидтармен емдеу кезінде қосымша ем ретінде қабылданатын болса, онда Монтигет препаратымен ингаляциялық кортикостероидтарды күрт алмастыруға болмайды. Балалар Монтигет, үлбірлі қабықпен қапталған 10 мг таблеткалары 15 жасқа толмаған балаларға арналмаған. Монтигет, үлбірлі қабықпен қапталған 10 мг таблеткалар препаратының 15 жасқа дейінгі балалардағы қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған. Егде жастағы адамдар, ауырлығы жеңіл немесе орташа дәрежедегі бүйрек немесе бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер үшін дозаны түзету қажет емес. Бауырдың ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер туралы деректер жоқ. Еркек және әйел жынысты пациенттер үшін дозалануы бірдей. Енгізу әдісі мен жолы Ішке қолданылады.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.