+160 бонус

МОНТЕМАК 4 мг №30 таб

9:00-ден кейін қолжетімді
3210 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Монтелукаст
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Индия
  • Өндіруші: Маклеодс Фармасьютикалс Лтд
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында белсенді зат – 4.16 мг немесе 5.20 мг натрий монтелукасты (4 мг немесе 5 мг монтелукастқа баламалы), қосымша заттар: маннитол, микрокристалды целлюлоза (Avicel PH 101), натрий кроскармеллозасы, темірдің (III) қызыл тотығы (Е172), гидроксипропилцеллюлоза, натрий эдетаты, магний стеараты, аспартам, шие дәмі бар хош иістендіргіш (FL SD 594).
Қолданылуы
қажет болған жағдайда ингаляциялық кортикостероидтармен және қысқа мерзімді әсер ететін β-агонистермен емдеуден клиникалық әсері жеткіліксіз болған кезде персистерлейтін жеңіл және орташа ауырлықтағы дәрежедегі 2-ден 14 жасқа дейінгі балаларға арналған бронх демікпесінің негізгі еміне қосымша ретінде жақында демікпені емдеу үшін пероральді кортикостероидтарды қабылдамаған және ингаляциялық кортикостероидтарды қолдана алмайтындығын көрсеткен жеңіл персистерлейтін демікпесі бар 2 жастан 14 жасқа дейінгі пациенттерге арналған төмен дозалы ингаляциялық кортикостероидтарға балама ретінде 2 жастағы және одан асқан пациенттерде демікпенің алдын алу мақсатында дене жүктемесінен туындаған бронх түйілу профилактикасы
Қарсы көрсетілімдер
- әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - фенилкетонурия - 2 жасқа дейінгі балалар (4 мг доза үшін) - 6 жасқа дейінгі балалар (5 мг доза үшін)
Дозасы
Монтемак 4 мг және 5 мг шайнайтын таблеткаларын тамақ ішуге дейін 1 сағат бұрын немесе тамақ ішкен соң 2 сағаттан кейін қабылдау керек. 6 жастан 14 жасқа дейінгі балаларға ұсынылатын доза тәулігіне 1 рет, кешке 5 мг (1 шайнайтын таблетка) құрайды. 2 жастан 5 жасқа дейінгі балаларға ұсынылатын доза тәулігіне 1 рет, кешке 4 мг (1 шайнайтын таблетка) құрайды. Жалпы ұсынымдар Бүйрек немесе бауыр функциясының жеңілден орташа ауырлыққа дейінгі бұзылулары бар пациенттер үшін дозаны түзетудің қажеті жоқ. Бауыр функциясының бұзылуының ауыр түрімен ауыратын пациенттерге қатысты деректер жоқ. Ұлдар мен қыздарға арналған доза бірдей. Монтемак ауырлық деңгейі жеңіл персистерлейтін демікпе кезінде ингаляциялық кортикостероидтардың төмен дозаларының орнына емдеудің балама әдісі ретінде қолданылады. Монтемак ауырлық деңгейі орташа персистерлейтін демікпесі бар пациенттер үшін монотерапия ретінде ұсынылмайды. Ауырлығы жеңіл дәрежедегі персистерлейтін демікпесі бар балаларда төмен дозалы ингаляциялық кортикостероидтарға балама ретінде Монтемакты қолдануды тек соңғы уақытта пероральді кортикостероидтарды қолдануды талап ететін және ингаляциялық кортикостероидтарды пайдалана алмайтын демікпенің ауыр ұстамалары болмаған пациенттер үшін ғана қарастырған жөн. Персистерлейтін жеңіл дәрежедегі демікпе симптомдарының аптасына 1 реттен жиі, бірақ күніне 1 реттен сирек, түнгі симптомдардың пайда болуы айына 2 реттен жиі, бірақ аптасына 1 реттен сирек пайда болуы, көріністер арасындағы кезеңдерде өкпенің қалыпты функциясы ретінде анықталған. Егер кезекті тексерілуде демікпені жеткілікті бақылауға қол жеткізілмесе (әдетте 1 ай бойы), демікпені емдеудің бірізді жүйесіне негізделген қосымша немесе басқа қабынуға қарсы емнің қажеттілігін анықтау керек. Демікпені бақылауға қатысты пациенттердің жағдайын мезгіл-мезгіл бағалау керек. Демікпені емдеудің басқа әдістеріне байланысты Монтемакпен емдеу. Егер Монтемак ингаляциялық кортикостероидтармен емдеу кезінде қосымша ем ретінде қолданылса, Монтемак препаратымен ингаляциялық кортикостероидтарды күрт ауыстыруға болмайды. Енгізу әдісі мен жолы Ішке қабылдау үшін. Таблеткаларды жұту алдында шайнау керек. Қабылдау уақыты көрсетілген қолдану жиілігі Тәулігіне 1 рет, кешке, шамамен күн сайын бір уақытта қабылдау. Емдеу ұзақтығы Бронх демікпесі ағымының көрсеткіштері өзгерген Монтемактың емдік әсері 1 күн ішінде дамиды. Пациенттерге, егер демікпе бақылауына қол жеткізілсе де, сондай-ақ демікпе ағымының нашарлау кезеңдерінде Монтемакты қабылдауды жалғастыру керек екендігі хабарлануы керек.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.