+63 бонус

МОНОСАН 40 мг №30 таб

1260 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Изосорбида мононитрат
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Чешская Республика
  • Өндіруші: ПРО.МЕД.ЦС Прага а.о.
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында белсенді зат - 20 және 40 мг изосорбид мононитраты (25 немесе 50 мг лактозамен сұйылтылған изосорбидке-5-мононитратқа баламалы), қосымша заттар: түйіршіктелген лактоза: сәйкесінше 75 мг және 150 мг, микрокристалды целлюлоза, жүгері крахмалы, тальк, магний стеараты.
Қолданылуы
- стенокардияның профилактикасында және ұзаққа созылатын емінде
Қарсы көрсетілімдер
органикалық нитраттарға немесе препараттың «Дәрілік препараттың құрамы» тармағында аталған кез келген қосымша заттарына аса жоғары сезімталдық силденафил фосфодиэстеразасы тежегішін (виагра) бір мезгілде қабылдау, өйткені силденафил нитраттардың гипертензияға қарсы әсерін көтермелейді айқын артериялық гипотензия (систолалық қысым 90 мм с.б.-ден азырақ) миокард инфарктісінің жедел сатысы сол жақ қарынша функциясының жедел жеткіліксіздігі қан айналымының жедел бұзылуы (шок, соның ішінде, кардиогендік, қантамырлық коллапс) гиповолемия гипертрофиялық обструкциялық кардиомиопатия перикард қуысының тампонадасы, констриктивті перикардит бассүйекішілік қан құйылулар, геморрагиялық инсульт, бассүйек-ми жарақаттары ауыр аортальді және субаортальді стеноз, ауыр митральді стеноз жабық бұрышты глаукома айқын анемия жүктілік (I триместр) және лактация кезеңі 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер галактозаның тұқым қуалайтын жақпаушылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбция синдромы немесе Лапп лактаза тапшылығы. Қолданған кездегі қажетті сақтандыру шаралары Изосорбид мононитратын сақтықпен қолданыңыз: жүрек бұлшықетінің ішкі бөлігінің тарылуымен (гипертрофиялық обструктивті кардиомиопатия), жүрек қысу сөмкесінің қабынуымен (констриктивті перикардит) немесе жүрек сөмкесінің тампонадасымен (перикард тампонадасы). төмен толтыру қысымымен, мысалы, жедел миокард инфарктісі жағдайында, сол жақ қарыншаның функциясының төмендеуі (сол жақ жүрек жеткіліксіздігі). Систолалық қысымды 90 мм сын. бағ. төмен түсірмеу керек. егер сізде сол жақ қарыншаның жүрек қақпақшалары тарылса (аорта және/немесе митральді қақпақшалардың стенозы). егер сізде төмен қысымға байланысты қан айналымы бұзылса (ортостаздық дисрегуляция). бассүйекішілік қысымның жоғарылауымен байланысты ауруларда (осы уақытқа дейін қысымның одан әрі жоғарылауы венаға химиялық тектес препарат - глицерол тринитратының жоғары дозалары енгізілген кезде ғана байқалды). Моносан® препараты кенеттен жүрек ауыруын (мысалы, стенокардияның жедел ұстамасын) және жедел миокард инфарктісін емдеуге жарамайды. Препаратты қабылдау кезінде өкпенің ауамен нашар қамтамасыз етілген учаскелерінде қан ағынын салыстырмалы түрде қайта бөлу салдарынан артериялық қандағы оттегінің уақытша төмендеуі мүмкін, бұл коронарлық тамырларда қан айналымы бұзылған пациенттердің жүрек бұлшықетіне оттегінің жеткіліксіз түсуіне әкелуі мүмкін.
Дозасы
Барлық көрсетілімдер үшін дозалау режимі жекелей сезімталдықты ескеріп және аурудың ауырлығына байланысты белгілейді. Емдеуді төмен дозадан бастап, оны қажетті деңгейге дейін баяу арттырады. Бастапқы дозасы – күніне 1- 2 рет 10-20 мг. Ең төмен бір реттік доза – 10 мг. Содан кейін дозаны біртіндеп тәулігіне 1-2 реттік 20-40 мг-ге дейін арттырады. Бір реттік дозаларды қабылдау арасындағы аралық кем дегенде 8 сағатты құрауы тиіс. Клиникалық әсерінің айқындылығына байланысты 3-5 күн емдеуден кейін препараттың бір реттік дозасын осындай қабылдау ретімен тәулігіне 60-80 мг-ге дейін арттыруға болады. Ең жоғары тәуліктік доза - 80 мг. Түнгі ұстамалары жиі болатын нұсқалық стенокардияда препаратты таңертең және тура ұйқыға жатар алдында  қабылдаған жөн. Емдеу күрт емес, біртіндеп тоқтатылуы тиіс, өйткені "тоқтату феноменін" жоққа шығаруға болмайды. Енгізу әдісі мен жолы Тамақтанудан 1 сағат бұрын немесе тамақтан кейін 2 сағаттан соң ішке қабылданады. Таблеткаларды шайнамай, аздаған мөлшерлі сұйықтықпен ішіп, тұтастай қабылдайды.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.