МОНКАСТА 5 мг №28 жевательных таблеток

3480 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Монтелукаст
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Словения
  • Өндіруші: КРКА, д.д., Ново место
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында белсенді зат – 4,16 мг натрий монтелукасты (4 мг монтелукастқа баламалы) немесе 5,20 мг (5 мг монтелукастқа баламалы) қосымша заттар: маннитол, микрокристалды целлюлоза, натрий кроскармеллозасы, гидроксипропилцеллюлоза, аспартам, темірдің қызыл тотығы (Е172), шиенің хош иістендіргіші, магний стеараты.
Қолданылуы
Монкаста®, шайнайтын 4 мг таблеткалар - ауырлығы жеңіл және орташа дәрежедегі персистерленетін демікпесі бар 2-5 жастағы балаларда, ингаляциялық кортикостероидтардың және қажет болғанда қолданылатын қысқа әсерлі β-агонистердің клиникалық әсерлері жеткіліксіз болғанда, бронх демікпесін базалық емдеуге қосымша ретінде - жеңіл дәрежедегі персистерленетін бронх демікпесі бар (пероральді кортикостероидтарды қабылдауды қажет ететін бронх демікпесінің күрделі ұстамаларынсыз) 2-5 жастағы пациенттерді ингаляциялық кортикостероидтардың төмен дозаларымен баламалы емдеу үшін - дене жүктемелерімен байланысты бронхтың түйілу ұстамаларына профилактика жүргізу үшін Монкаста®, шайнайтын 5 мг таблеткалар - ауырлығы жеңіл және орташа дәрежедегі персистерленетін демікпесі бар 6-14 жастағы балаларда, ингаляциялық кортикостероидтардың және қажет болғанда қолданылатын қысқа әсерлі β-агонистердің клиникалық әсері жеткіліксіз болғанда, бронх демікпесін базалық емдеуге қосымша ретінде - бронх демікпесі бар аспиринге сезімтал пациенттерді емдеу және дене жүктемесінен туындаған бронхтың түйілуіне профилактика жүргізу үшін - бронх демікпесі бар пациенттерде аллергиялық ринитті емдеу үшін
Қарсы көрсетілімдер
- препараттың әсер етуші затына немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
Дозасы
Осы препаратты емдеуші дәрігердің немесе фармацевттің нұсқауын әрдайым дәл орындай отырып, қабылдау керек. Препаратты қабылдауда күмән пайда болса, емдеуші дәрігерден немесе фармацевттен кеңес алған жөн. - Дәрігердің нұсқауына сәйкес, тәулігіне бір рет Монкастаның тек бір таблеткасын қабылдау ұсынылады. - Препаратты ауру симптомдары жоқ болған кезде де, сонымен қатар демікпенің жедел ұстамалары дамыған кезде де қабылдау керек. 2-ден 5 жасқа дейінгі балалар Ұсынылатын доза тәулігіне бір рет кешке Монкаста® 4 мг препаратының шайнайтын бір таблеткасын құрайды. 6-дан 14 жасқа дейінгі балалар Ұсынылатын доза тәулігіне бір рет кешке Монкаста® 5 мг препаратының шайнайтын бір таблеткасын құрайды. Монкаста® препаратын қабылдаған кезде сіз құрамында монтелукасттың осындай белсенді компоненті бар қандай да бір басқа препараттарды қабылдамағаныңызға көз жеткізуіңіз керек. Енгізу әдісі және жолы Ішке қабылдауға арналған. Таблетканы жұтар алдында шайнау керек. Қабылдау уақыты көрсетілген қолдану жиілігі Монкаста® препаратының шайнайтын таблеткаларын тамақ ішуден 1 сағат бұрын немесе тамақтанудан кейін 2 сағаттан соң қабылдау керек. Емдеу ұзақтығы Монкаста® препараты сізде/сіздің балаңызда препаратты қабылдаған жағдайда ғана демікпені емдеуі мүмкін. Moнкастаны қабылдау ұзақтығын сіздің дәрігеріңіздің нұсқауларына сәйкес орындау маңызды. Препарат сізде/сіздің балаңызда бронх демікпесінің барысын бақылауға көмектеседі.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.