+219 бонус

МОНКАСТА 10 мг №28 таб

4390 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Монтелукаст
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Словения
  • Өндіруші: КРКА, д.д., Ново место
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Үлбірлі қабықпен қапталған бір таблетканың құрамында белсенді зат - 10,4 мг натрий монтелукасты (10 мг монтелукастқа баламалы) қосымша заттар: целлактоза 80*, микрокристалды целлюлоза, натрий кроскармеллозасы, магний стеараты үлбірлі қабық (жабынға арналған қоспа): гипромеллоза, титанның қостотығы (Е171), тальк, пропиленгликоль, темірдің сары тотығы (Е172), темірдің қызыл тотығы (Е172) * Целлактоза 80 альфа-лактоза моногидратынан және целлюлоза ұнтағынан тұратын кептірілген спрей болып табылады.
Қолданылуы
- ауырлығы жеңіл және орташа дәрежедегі персистерленетін демікпесі бар 15 жастан үлкен пациенттерде бронх демікпесін базалық емдеуге қосымша ретінде (ингаляциялық кортикостероидтардың және қажет болғанда қолданылатын қысқа әсерлі β-агонистердің клиникалық әсерлері жеткіліксіз болғанда) - бронх демікпесі бар пациенттерде аспиринге сезімталдықты емдеу және дене жүктемесінен туындаған бронхтың түйілуіне профилактика жүргізу үшін - бронх демікпесі бар пациенттерде аллергиялық ринитті емдеу үшін
Қарсы көрсетілімдер
- препараттың әсер етуші затына немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
Дозасы
Ұсынылатын доза бронх демікпесі немесе демікпесі және қатар жүретін маусымдық аллергиялық риниті бар 15 жастағы және одан үлкен пациенттер үшін кешке тәулігіне 10 мг (1 таблетка) құрайды. Жалпы нұсқаулар Монкаста® препаратының бронх демікпесі барысының көрсеткіштеріне емдік әсері бір күннің ішінде дамиды. Пациенттерге Монкаста® препаратын тіпті бронх демікпесін бақылау кезеңінде, сондай-ақ бронх демікпесінің өршу кезеңінде қабылдауды жалғастыруға кеңес берген жөн. Монкаста® препаратын құрамында белсенді зат түріндегі монтелукаст бар басқа препараттармен бір мезгілде қабылдауға болмайды. Бронх демікпесін емдеудің басқа әдістеріне қатысты Монкаста® препаратымен емдеу Монкаста® препараты пациентті емдеудің бұрыннан бар сызбасына қосылуы мүмкін. Ингаляциялық кортикостероидтар Монкаста® препаратымен емдеуді ингаляциялық кортикостероидтарды және қажеттілігі жөнінен қысқа әсерлі β-агонистерді қолдану демікпені клиникалық бақылауды жеткілікті түрде қамтамасыз ете алмаған пациенттерде қосымша ем ретінде қолдануға болады. Егер Монкаста® препараты ингаляциялық кортикостероидтармен емдеген кезде қосымша ем ретінде қолданылса, оны ингаляциялық кортикостероидтарға бірден алмастырмау керек. Монкаста® препараты ингаляциялық кортикостероидтарға алмастырылмауы тиіс. Пациенттердің ерекше топтары Егде жастағы пациенттерде және бүйрек немесе бауыр функциясының ауырлығы жеңіл және орташа дәрежедегі жеткіліксіздігі бар пациенттерде дозаны түзетудің қажеті жоқ. Бауыр функциясының ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде препаратты қолдану жөнінде деректер жоқ. Еркектерге және әйелдерге бірдей дозалар қолданылады.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.