МОМАТ А 150 мкг/доза 15мл спрей наз

4250 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Мометазон, комбинации
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Индия
  • Өндіруші: Д-р Редди'с Лабораторис Лимитед
Нұсқаулық
Құрамы
1 г препараттың құрамында (1 доза) белсенді заттар: микрондалған мометазон фуроаты, 0.714 (0.050) мг, азеластин гидрохлориді, 2.000 (0.140) мг, қосымша заттар: авицел RC-591 (микрокристалды целлюлоза, натрий кармеллозасы), натрий кармеллозасы, сусыз глюкоза, лимон қышқылы моногидраты, натрий цитраты, полисорбат 80 (жақсы тазартылған твин 80), бензалконий хлориді, динатрий эдетаты, неотам, тазартылған су.
Қолданылуы
Препарат симптомдарды жеңілдетуге арналған: - маусымдық аллергиялық ринитте - жыл бойғы аллергиялық ринитте
Қарсы көрсетілімдер
- әсер етуші заттарына немесе қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - мұрын қуысына жақында жасалған хирургиялық операция немесе мұрын жарақаты (кортикостероидтар жараның жазылуын баяулатады, сондықтан жара толық жазылғанша мұрын ішіне арналған кортикостероидарды тағайындамау керек) - 12 жасқа дейінгі балаларға
Дозасы
Пайдаланар алдында құтыны жоғары және төмен еңкейтіп, 5 секунд бойы абайлап сілку, содан соң қорғаныш қалпақшасын алу керек. Момат А мұрын спрейін алғаш пайдаланар алдында сорғыны 6 рет басып және жіберіп, спрейді дайындаған жөн. Егер Момат А мұрын спрейі 7 күннен астам уақыт бойы пайдаланылмаса, сорғыны басып және жіберіп, оны екі рет немесе аздап бүркілгенге дейін қайталау қажет. Әрбір пайдаланар алдында спрейдің құтысын жақсылап сілку, мұқият сіңбіріп алу, содан соң, басты алға сәл еңкейтіп, мұрын арқылы баяу тыныс алып, спрейді танау ішіне бүрку қажет. Ауыз арқылы дем алады. Ересектер мен 12 жастағы және одан үлкен жасөспірімдер: Әрбір танауға 1 бүркуден күніне 2 рет. Егер 14 күн емдеуден кейін жақсару болмаса, симптомдары нашарласа немесе жаңа симптомдар пайда болса, пациент дәрігерге көрінуге тиіс. Момат А дәрігердің кеңесінсіз 3 айдан астам уақыт бойы пайдалануға болмайды. Емдеудің қайталау курсын тағайындау және емдеу ұзақтығы туралы шешімді емдеуші дәрігер әрі қарай әр пациентке жекелей қабылдайды. Момат А, мұрын спрейі, жасөспірімдер мен 12 жасқа дейінгі балаларға қолдануға ұсынылмайды, өйткені аталған жас тобында қауіпсіздігі мен тиімділігі зерттелмеген. Енгізу әдісі және жолы Мұрын ішіне қолдануға арналған. Мұрын спрейін пайдалану жөніндегі нұсқаулық: Құтыны сілкіңіз және қорғаныш қалпақшасын шешіңіз (1-сурет) (1-сурет) 2. Момат А мұрын спрейін алғаш рет пайдаланар алдында мұрын аппликаторын сұқ және ортаңғы саусақтармен басып, құтының түбін бас бармақпен демеп тұрып, сорғымен сорыңыз (2-сурет). Мұрын аппликаторын тесуге болмайды. Сорғыны 6 рет немесе аздап бүрку пайда болғанға дейін басып және жіберіңіз. Көзге бүрікпеңіз. Енді сорғы пайдалануға дайын. Сорғыны пайдаланылмаған күйінде қайта толтырусыз 1 аптаға дейін сақтауға болады. Егер спрей 1 аптадан астам пайдаланылмаса, 2 рет немесе аздап бүрку пайда болғанға дейін бүрку арқылы калибрлеуді қайталау керек. (2-сурет) 3. Танауды тазалау үшін абайлап сіңбіріп алыңыз. Бір танауды жабыңыз. Басты алға сәл еңкейтіп, құтыны тігінен ұстаңыз, мұрын аппликаторын екінші танауға абайлап қойыңыз (3-сурет). Мұрын қалқанына (екі танаудың арасындағы қабырғаға) тікелей бүрікпеңіз. (3-сурет) 4. Содан соң ауызбен дем шығарыңыз. 5. Басқа танаумен қайталаңыз. 6. Мұрын аппликаторын таза сүрткімен сүртіп, қорғаныш қалпақшасын кигізіңіз.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.