+208 бонус

МОКСОНИДИН-ЛФ 0,4 мг №30 таб

4170 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Моксонидин
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Беларусь
  • Өндіруші: Лекфарм СООО
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
белсенді зат - моксонидин 0.2 мг немесе 0.4 мг, қосымша заттар: кросповидон (В типі), магний стеараты, лактоза моногидраты, қызғылт опадрай II (85F240029) (0.2 мг дозасы үшін), қызыл опадрай II (85F35222) (0.4 мг дозасы үшін); қабықтың құрамы қызғылт опадрай II (85F240029): поливинил спирті, титанның қостотығы (Е171), полиэтиленгликоль, тальк, темірдің (III) қызыл тотығы (Е172), темірдің (III) сары тотығы (Е172); қабықтың құрамы қызыл опадрай II (85F35222): поливинил спирті, титанның қостотығы (Е171), полиэтиленгликоль, тальк, темірдің (III) қызыл тотығы (Е172), темірдің (III) сары тотығы (Е172), темірдің (III) қара тотығы (Е172).
Қолданылуы
Артериялық гипертензияда
Қарсы көрсетілімдер
- әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - синус түйінінің әлсіздік синдромы, II және III дәрежелі синоатриалдық және атриовентрикулярлық блокада, айқын брадикардия (тыныш жағдайдағы жүректің жиырылу жиілігі (ЖЖЖ) минутына 50 соғудан аз), III және IV класс (NYHA жіктемесі бойынша) созылмалы жүрек жеткіліксіздігі - тұрақсыз стенокардия - анамнездегі ангионевротикалық ісіну - үшциклді антидепрессанттармен бір мезгілде қабылдау - тұқым қуалайтын галактоза жақпаушылығы, лактаза тапшылығы және глюкоза-галактоза мальабсорбциясы. Бүйрек функциясы бұзылған пациенттер: созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі кезінде қолдануға болмайды (креатинин клиренсі 30 мл/мин кем, креатинин 160 мкмоль/л артық). Бауыр функциясы бұзылған пациенттер: бауырдың ауыр жеткіліксіздігінде қолдануға болмайды. Жүктілік және емшек емізу кезеңі: жүктілік және лактация кезеңінде қолдануға болмайды. 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер: 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерде қолдануға болмайды. Сақтықпен: Паркинсон ауруы (ауыр түрі), эпилепсия, глаукома, депрессия, «ауыспалы» ақсақтық, Рейно ауруы, I дәрежелі атриовентрикулярлық блокада, созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі (креатинин клиренсі 30 мл/мин астам, бірақ 60 мл/мин аз), миокард инфарктісін өткергеннен кейінгі цереброваскулярлық аурулар, I және II класс (NYHA жіктемесі бойынша) созылмалы жүрек жеткіліксіздігі, гемодиализде жүрген науқастарға; қолдану тәжірибесінің жеткіліксіздігіне байланысты – орташа бауыр жеткіліксіздігі (Чайлд-Пью жіктемесі бойынша 9 балдан астам).
Дозасы
Дозалану режимі Көп жағдайларда, дұрысы таңертеңгі сағаттарда, моксонидиннің бастапқы дозасы бір қабылдауға тәулігіне 0.2 мг құрайды. Емдік әсері жеткіліксіз болған жағдайда дозаны 3 аптадан кейін 2 немесе бір рет қабылдау үшін 0.4 мг дейін арттыруға болады. Ең жоғары бір реттік доза 0.4 мг құрайды. Ең жоғары тәуліктік доза 0.6 мг құрайды, оны 2 қабылдауға бөлген жөн. Моксонидин қабылдауды күрт тоқтату ұсынылмайды. Моксонидин қабылдауды 2 апта бойы біртіндеп тоқтату керек. Пациенттердің ерекше топтары Бауыр функциясы бұзылған пациенттер Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде моксонидинді қолдану бойынша зерттеулер жүргізілген жоқ. Бүйрек функциясы бұзылған пациенттер Бүйрек жеткіліксіздігі орташа пациенттерде (ШСЖ 30 мл/мин астам, бірақ 60 мл/мин аз) моксонидиннің бір реттік дозасы 0.2 мг және моксонидиннің тәуліктік дозасы 0.4 мг аспауы тиіс. Гемодиализде жүрген пациенттерде бастапқы дозасы тәулігіне 0.2 мг құрайды. Қажет болғанда және жақсы жағымдылығында дозасы тәулігіне 0.4 мг дейін ұлғайтылуы мүмкін. Егде жастағы пациенттер: Бүйрек функциясы қалыпты егде жастағы пациенттердегі дозалау ұсынымдары ересек пациенттерге арналғандай мөлшерде болады.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.