+301 бонус

МОКСИМЕРА 400 мг №7 таб

6020 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Моксифлоксацин
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Турция
  • Өндіруші: Дева Холдинг А.С.
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы Бір таблетканың құрамында белсенді зат - моксифлоксацин гидрохлориді, 436.4 мг (400 мг моксифлоксацинге баламалы), қосымша заттар: маннитол, натрий кроскармеллозасы, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, повидон К-30, микрокристалды целлюлоза, магний стеараты. Қабық құрамы: опадрай II 85F250020 Қызыл (поливинил спирті, титанның қостотығы Е171, макрогол/ПЭГ, тальк, темірдің қызыл тотығы Е172, темірдің сары тотығы Е172, FD & C Blue 2 индиго кармин алюминий көлі)
Қолданылуы
Моксимера үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалары, 400 мг, 18 жастағы және одан асқан пациенттерде моксифлоксацинге сезімтал микроорганизмдер туғызған келесі бактериялық инфекцияларды емдеу үшін көрсетілген. Келесі көрсетілімдерде моксифлоксацин, әдетте, осы инфекцияларды емдеуге ұсынылатын бактерияға қарсы басқа препараттарды пайдалану орынсыз жағдайларда ғана қолданылу қажет: - жедел бактериялық синусит - өкпенің созылмалы обструкциялық ауруының өршуі, оның ішінде бронхит Келесі көрсетілімдерде моксифлоксацин, әдетте, осы инфекцияларды бастапқы емдеуге ұсынылатын бактерияға қарсы препараттарды пайдалану орынсыз немесе тиімсіз болатын жағдайларда ғана қолданылу қажет: - ауруханадан тыс пневмония, ауыр жағдайларды қоспағанда; - тубоовариальді немесе жамбас абсцесімен асқынбаған ауырлығы жеңілден орташа дәрежеге дейінгі кіші жамбас ағзаларының қабыну аурулары (сальпингит пен эндометритті қоса, әйел жыныс жолдарының жоғары бөлімдерінің инфекциялары). Моксимера үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалары, 400 мг, ауырлығы жеңілден орташа дәрежеге дейінгі кіші жамбас ағзаларының қабыну ауруларында монотерапия ретінде қолдануға ұсынылмайды, және төзімділік жоққа шығарылған жағдайларды қоспағанда, моксифлоксацинге Neisseria gonorrhoeae төзімділігінің артуына орай бактерияға қарсы басқа тиісті препаратпен біріктірілімде (мысалы, цефалоспоринмен) қолданылуы керек. Моксимера үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалары, 400 мг, келесі көрсетілімдерде вена ішіне енгізуге арналған моксифлоксацинмен бастапқы ем аясында жақсаруы болған пациенттерді емдеу курсын аяқтау үшін де қолдануға болады: ауруханадан тыс пневмония терінің және тері асты шелінің асқынған инфекциялар Моксимера үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалары, 400 мг, терінің және тері асты шелінің кез келген инфекциясында немесе ауруханадан тыс ауыр пневмонияда бастапқы ем ретінде қолдануға болмайды Бактерияға қарсы препараттарды талапқа сай пайдалану жөніндегі ресми нұсқаулықтарды назарға алу керек.
Қарсы көрсетілімдер
моксифлоксацинге, басқа хинолондарға немесе препараттың қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - анамнезінде фторхинолондармен емдеу себебінен сіңір тарапынан болған аурулары және бұзылулары бар пациенттер - галактоза жақпаушылығы, Lapp лактаза тапшылығы немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясы сияқты сирек тұқым қуалайтын бұзылулары бар пациенттер - жүктілік кезеңі және бала емізу - 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер Моксифлоксацин әсер етуінен кейін QT аралығының ұзаруы түрінде жүректің электрофизиологиялық өзгерістері байқалды. Осыған байланысты, қауіпсіздік себептері тұрғысынан, моксифлоксацин мыналар бар пациенттерде қарсы көрсетілімді: - туа біткен немесе расталған QT аралығының ұзаруы - электролиттік бұзылулар, мысалы, емделмеген гипокалиемия - клиникалық мәнді брадикардия - сол жақ қарыншаның лықсу фракциясының төмендеуімен клиникалық мәнді жүрек жеткіліксіздігі - анамнездегі симптомдық аритмия Моксифлоксацинді QT аралығын ұзартатын басқа препараттармен бірге тағайындауға болмайды («Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі» бөлімін қараңыз») Клиникалық деректердің шектеулі болуына орай, моксифлоксацин бауыр функциясының бұзылуы (Чайлд-Пью бойынша С класы) бар пациенттерге және трансаминазалар деңгейі қалыптың жоғарғы шегінен 5 есе асып кететін пациенттерге қарсы көрсетілімді. Фторхинолонды антибиотиктер пайдаланылмауы тиіс: - ауыр сипатта болмайтын және бактерияға қарсы ем жүргізусіз өтуі мүмкін инфекцияларды (мысалы, ауыз-жұтқыншақ инфекцияларын) емдеуде - бактериялық емес инфекцияларды, мысалы, бактериялық емес (созылмалы) простатитті емдеуде - саяхатшылар диареясын немесе төменгі несеп жолдарының қайталамалы инфекцияларын (қуықтан тыс жерлерге таралмайтын инфекциялар) болдырмау үшін - егер әдетте ұсынылатын бактерияға қарсы басқа дәрілерді пайдалану мүмкін болмаса, орташа бактериялық инфекцияларды емдеу үшін Фторхинолонды антибиотиктерді, әсіресе, егде жастағы адамдарда, бүйрек аурулары бар пациенттерде; жүйелі кортикостероидтармен ем қабылдайтын пациенттерде; ағзалар трансплантациясынан кейінгі пациенттерде ерекше сақтықпен пайдалану керек. Осы науқастарда фторхинолонды және хинолонды антибиотиктермен емдеу нәтижесінде туындауы мүмкін сіңірлердің зақымдану қаупі жоғары болады.
Дозасы
Ересектер Моксимера препаратының ұсынылатын дозасы жоғарыда тізбеленген көрсетілімдер үшін тәулігіне бір рет (1 таблетка) 400 мг құрайды және одан асырылмауы тиіс. Ем ұзақтығы Моксимера препаратын келесі емдеу ұзақтығымен пайдалану қажет: Созылмалы бронхит өршуі 5-10 күн Ауруханадан тыс пневмония 10 күн Жедел бактериялық синусит 7 күн Кіші жамбас ағзаларының әлсіз - орташа дәрежедегі қабыну ауруы 14 күн Моксимера препараты 14 күнге дейінгі емде зерттелді. Сатылап емдеу (пероральді емге ауысумен венаішілік ем) Сатылап емдеудің клиникалық зерттеулерінде пациенттердің көпшілігі венаішілік емнен пероральді емге 4 күн (ауруханадан тыс пневмония) немесе 6 күн (терінің және тері асты шелінің асқынған инфекциялары) ішінде ауысты. Венаішілік және пероральді емдеудің ұсынылатын жалпы ұзақтығы ауруханадан тыс пневмония үшін 7-14 күн және терінің және тері асты шелінің асқынған инфекциялары үшін 7-21 күн құрайды. Жоғарыда тізбеленген көрсетілімдер үшін Моксимера препаратының ұсынылатын дозасынан (тәулігіне бір рет 400 мг) және емдеу ұзақтығынан асыруға болмайды. Пациенттердің ерекше топтары Бауыр және бүйрек функциясының бұзылуы Ауырлығы жеңілден ауыр дәрежеге дейінгі бүйрек жеткіліксіздігі бар және ұзақ уақыттық диализде, мысалы, гемодиализде және ұзақ амбулаторлық перитонеальді диализде жүрген пациенттерде дозаны түзету қажет емес. Бауыр функциясының бұзылулары бар пациенттерде деректер жеткіліксіз. Халықтың басқа ерекше топтары Егде жастағы адамдарда және дене салмағы төмен пациенттерде дозаға ешқандай өзгерту қажет емес. Балалар қауымы. Моксифлоксацин балалар мен 18 жасқа толмаған жасөпірімдерде қарсы көрсетілімді. Моксифлоксацин тиімділігі және қауіпсіздігі балалар мен жасөпірімдерде анықталмаған. Енгізу әдісі және жолы Препарат ішке қабылданады. Таблетканы сұйықтықтың жеткілікті мөлшерімен ішіп, бүтіндей жұтқан жөн. Ас ішуге байланыссыз қабылдай беруге болады.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.