+244 бонус

МОКСИМАК 400 мг №5 таб

4890 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Моксифлоксацин
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Индия
  • Өндіруші: Маклеодз Фармасьютикалз Лтд
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында белсенді зат – 436.34 мг моксифлоксацин гидрохлориді (400 мг моксифлоксацинге баламалы) қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза (рН101), лактоза моногидраты, L-гидроксипропилцеллюлоза, микрокристалды целлюлоза (рН102), натрий кроскармеллозасы (Ac-di-sol), магний стеараты, қабықтың құрамы: гидроксипропилцеллюлоза, полиэтиленгликоль 6000, титанның қостотығы (Е171), тальк, темірдің (III) қызыл тотығы (Е172).
Қолданылуы
Моксимак 18 жас және одан асқан пациенттерде моксифлоксацинге сезімтал микроорганизмдерден туындаған мынадай бактериялық инфекцияларды емдеу үшін көрсетілген. Келесі көрсетілімдерде моксифлоксацинді, әдетте ұсынылатын басқа бактерияға қарсы препараттарды мұндай инфекцияларды емдеуге пайдалану орынсыз болған жағдайда ғана қолдану қажет: жедел бактериялық синусит өкпенің созылмалы обструктивті ауруының, соның ішінде бронхиттің өршуі) Келесі көрсетілімдерде моксифлоксацинді, әдетте ұсынылатын бактерияға қарсы препараттарды мұндай инфекцияларды бастапқы емдеуге пайдалану орынсыз не тиімсіз болған жағдайда ғана қолдану қажет: ауыр жағдайларды қоспағанда, ауруханадан тыс пневмония; жеңілден орташа ауырлыққа дейінгі кіші жамбас мүшелерінің қабыну ауруы (сальпингит пен эндометритті қоса, әйелдің жыныс жолдарының жоғарғы бөліктерінің инфекциялары), тубовариальді немесе жамбас абсцессімен асқынбаған. Моксимакты жеңіл және орташа ауырлықтағы жамбас мүшелерінің қабыну ауруына монотерапия ретінде қолдану ұсынылмайды және және Neisseria gonorrhoea моксифлоксацинге төзімділігінің артуы салдарынан төзімділік жоққа шығарылған жағдайларды қоспағанда, басқа тиісті бактерияға қарсы препаратпен (мысалы, цефалоспоринмен) біріктірілімде қолданылуы тиіс. Моксимакты мынадай көрсетілімдер кезінде вена ішіне енгізуге араналған моксифлоксацинмен бастапқы ем аясында жақсарған пациенттерде емдеу курсын аяқтау үшін де қолдануға болады: ауруханадан тыс пневмония тері мен тері асты шелінің асқынған инфекциялары Моксимакты тері мен тері астындағы тіндердің кез келген инфекциясы немесе ауыр ауруханадан тыс пневмония үшін бастапқы терапия ретінде қолдануға болмайды. Бактерияға қарсы препараттарды тиісінше қолдану бойынша ресми ұсынымдарды назарға алған жөн.
Қарсы көрсетілімдер
- моксифлоксацинге, басқа хинолондарға немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық; - анамнезінде хинолондармен емдеуге байланысты сіңірлер тарапынан аурулары және бұзылулары бар пациенттер
Дозасы
Ересектер Моксимактың ұсынылатын дозасы күніне бір рет 400 мг (1 таблетка) құрайды. Сатылы (вена ішіне, содан соң пероральді) ем Пациенттердің көпшілігі 4 күн ішінде (ауруханадан тыс пневмония) немесе 6 күн ішінде (тері мен жұмсақ тіндердің асқынған инфекциялары) вена ішінен пероральді емге ауысады. Венаішілік және пероральді емдеудің ұсынылатын жалпы ұзақтығы ауруханадан тыс пневмония үшін 7-14 күнді және тері және жұмсақ тіндердің асқынған инфекциялары үшін 7-21 күнді құрайды. Жоғарыда аталған көрсетілген көрсетілімдерге препараттың ұсынылатын дозасы (тәулігіне 1 рет 400 мг) мен емдеу ұзақтығын асырмау керек. Пациенттердің ерекше топтары Бүйрек/бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер Орташа және ауыр дәрежедегі бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде, сондай-ақ үздіксіз гемодиализдегі және ұзақ амбулаториялық перитонеалдық диализдегі пациенттерде дозалау режимін өзгерту талап етілмейді. Бауыр функциясы бұзылған пациенттер үшін деректер жеткіліксіз. Егде жастағы/дене салмағы төмен пациенттер Егде жастағы адамдарда және дене салмағы төмен пациенттерде дозаны түзету талап етілмейді. Балалар мен жасөспірімдер Моксифлоксацинді 18 жастан кіші балалар мен жасөспірімдерге қолдануға болмайды. Моксифлоксациннің тиімділігі мен қауіпсіздігі 18 жастан кіші балалар мен жасөспірімдерге анықталмаған. Енгізу әдісі мен жолы Ішке қабылдау үшін. Таблетканы ас қабылдауға қарамастан. жеткілікті мөлшердегі сұйықтықпен ішіп, тұтастай жұту керек. Емдеу ұзақтығы Моксимакты келесі емдеу ұзақтығымен қолдану керек: - созылмалы бронхиттің өршуі - 5-10 күн - ауруханадан тыс пневмония - 10 күн - жедел бактериялық синусит - 7 күн - ауырлық дәрежесі жеңіл немесе орташа жамбас мүшелерінің қабыну аурулары - 14 күн

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.