+77 бонус

МОКСИЛЕН 0,25 N20 КАПС

9:00-ден кейін қолжетімді
1550 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Амоксициллин
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: КИПР
  • Өндіруші: Медокеми Лтд.
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір капсуланың құрамында: белсенді зат – 287.00 мг және 574.00 мг амоксициллин тригидраты (250.00 мг және 500.00 мг амоксициллинге баламалы), қосымша заттар (250 мг доза үшін): магний стеараты, титанның қостотығы (Е171), темірдің (ІІІ) қара тотығы (Е172), желатин, эритрозин (FD&Қызыл №3) Е127, темірдің (ІІІ) қызыл тотығы (Е172); қосымша заттар (500 мг доза үшін): магний стеараты, титанның қостотығы (Е171), желатин, бриллиантты көк FCF (FD&Көк №1) Е133, эритрозин (FD&Қызыл №3) Е127, кармоизин Е122.
Қолданылуы
Моксилен ересектердегі келесі инфекцияларды емдеу үшін көрсетілген: - жедел бактериялық синусит - жедел ортаңғы отит - жедел стрептококктық тонзиллит және фарингит - созылмалы бронхиттің асқынуы - ауруханадан тыс пневмония - жедел цистит - жүктілік кезіндегі симптомсыз бактериурия - жедел пиелонефрит - іш сүзегі және паратифоз - дентальді абсцес және флегмон - протездеуден кейін буындардың инфекциясы - Helicobacter pylori эрадикациясы (біріктірілген терапияның бөлігі ретінде) - Лайма ауруы - эндокардиттің профилактикасы. Бактерияға қарсы дәрілерді тиісті қолдану жөніндегі ресми нұсқаулықты қарастырған жөн.
Қарсы көрсетілімдер
- әсер етуші затқа, пенициллиндердің кез келгеніне немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - анамнезінде басқа бета-лактамды агентке (мысалы, цефалоспориндер, карбапенемдер немесе монобактамдар) жедел типтегі аса жоғары сезімталдықтың ауыр реакциясы (мысалы, анафилаксия) - қалқанша без патологиясы - 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер
Дозасы
Жеке инфекцияны емдеу үшін таңдалған амоксициллин препаратының дозасы төмендегіні ескеруі тиіс: - күтілетін патогендер және олардың бактерияға қарсы агенттерге ықтимал сезімталдығы - инфекцияның ауырлығы мен орны - пациенттің жасы, салмағы және бүйрек функциясы; төменде көрсетілгендей Емнің ұзақтығы инфекцияның түрімен және пациенттің реакциясымен анықталуы тиіс және, әдетте, мүмкіндігінше қысқа болуы керек. Кейбір инфекциялар ұзақ емдеу кезеңдерін қажет етеді. Ересектер ≥40 кг

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.