+89 бонус

МИСТИНИН-DF 0,01% Спрей 100мл

1790 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Четвертичные аммониевые соединения
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Казахстан
  • Өндіруші: ТОО "DOSFARM"
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы Бір л ерітіндінің құрамында: белсенді зат: бензилдиметил [3-(миристоиламин)пропил] аммоний хлориді моногидраты (сусыз затқа шаққанда) – 0,1 г. қосымша заттар: тазартылған су.
Қолданылуы
Кешенді ем құрамында профилактикасы және емдеу: хирургия және травматологияда іріңді жаралар, тірек-қимыл аппаратының іріңді-қабыну үдерістері акушерлік және гинекологияда босанудан кейінгі жарақаттар, іріңдеген бұтаралық аймақ және қынап жаралары, босанудан кейінгі инфекциялар, қабыну аурулары (вульвовагинит, эндометрит) комбустиологияда II және IIIA дәрежедегі беткейлік және терең күйік, күйік жараларын дерматопластикаға дайындау дерматологияда пиодермия және тері мен шырышты қабықтардың дерматомикозы, кандидозы, табан микозы венерологияда соз, хламидиоз, трихомониаз, генитальді герпес, генитальді кандидоз урологияда негізі спецификалық және спецификалық емес уретриттер және уретропростатиттер (хламидиоз, трихомониаз, гонорея) оториноларингологияда жедел және созылмалы отит, гайморит, тонзиллит, ларингит стоматологияда стоматит, гингивит, пародонтит, периодонтит және алмалы-салмалы протездерді гигиеналық өңдеу
Қарсы көрсетілімдер
әсер етуші затқа (заттарға) немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
Дозасы
Хирургия, травматология, комбустиология. Профилактикалық және емдік мақсатта жара мен күйіктің беткейін суландырады, жараларды және жыланкөздерді жұмсақ тампондайды, препаратқа малынған дәке тампондарды бекітеді. Емдеу шаралары тәулігіне 2-3 рет 3-5 күн бойы қайталанады. Жаралар мен қуыстарға тәуліктік шығыны 1 л препарат болатын белсенді дренаждау әдісінің тиімділігі жоғары. Акушерлік-гинекология. Босанудан кейінгі инфекция профилактикасы мақсатында қынаптық суландыру түрінде босануға дейін (5-7 күн), босанғанда әрбір қынаптық зерттеуден кейін және босанудан кейінгі кезеңде 50 мл препараттан препаратпен суландырған тампон түрінде 2 сағ. экспозициямен 5 күн бойы қолданылады. Кесарь тілігін жасау арқылы босандыру кезінде тікелей операция алдында қынапты, операция кезінде – жатыр қуысы мен ондағы кесілген жерді өңдейді, ал операциядан кейінгі кезеңде препаратпен суландырған тампонды 2 сағ. экспозициямен 5 күн бойы қынапқа енгізеді. Қабыну ауруларын емдеу препаратқа малынған тампондарды қынап ішіне енгізу, сондай-ақ дәрілік электрофорез әдісімен 2 апта бойы курспен жүргізіледі. Венерология. Препарат венерологиялық аурулар профилактикасы үшін, егер ол жыныстық қатынастан кейін 2 сағаттан кешіктірмей қолданса ғана, тиімді. Құтының ішіндегісін урологиялық аппликатордың көмегімен несеп шығару өзегіне 2-3 минутқа енгізу керек: еркектерге (2-3 мл), әйелдерге (1-2 мл) және қынапқа (5-10 мл). Санның ішкі беткейлері терісін, қасағаны, жыныс мүшелерін өңдеу керек. Емшарадан кейін 2 сағат ішінде дәретке баруға болмайды. Әйелдерге қынапты суландыру үшін МИСТИНИН-DF 50 мл-ден гофрланған құтыда арнайы құрылғымен жиынтықта шығарылады. Қолданар алдында дайын ерітіндімен құтының қалпақшасын арнайы құрылғыға ауыстырып, қынапқа енгізу және құтының түбін басып, 5-10 мл ерітіндіні 2-3 минут бүрку керек. Урология. Уретриттер мен уретропростатиттерді кешенді емдеуде 2-3 мл препаратты уретраға бүркуді күніне 1-2 рет, курсты – 10 күн жүргізеді. Оториноларингология. Іріңді гаймориттерде – пункция кезінде жоғарғы жақ сүйек қойнауы препараттың жеткілікті мөлшерімен шайылады. Тонзиллит, фарингит және ларингитті тамақты тәулігіне 3-4 рет шайып емдейді. Препарат мөлшері бір шаюға 10-15 мл. Стоматология. Стоматит, гингивит, пародонтит кезінде ауыз қуысын шаю ұсынылады, 10-15 мл препарат тәулігіне 3-4 рет. Дәрілік препаратты стандартты қолдану кезінде көрініс беретін жағымсыз реакциялар сипаттамасы және осы жағдайда қабылдау керек шаралар Жиі: 15-20 секундтан кейін өздігінен өтетін енгізген жерде аздап ашыту сезіну байқалады және препаратты тоқтатуды қажет етпейді (кейбір жағдайларда) Сирек: аллергиялық реакциялар Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК http://www.ndda.kz

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.