+199 бонус

МИРАМИСТИН с насадкой-распылителем 0,01% 150 мл

3980 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Четвертичные аммониевые соединения
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Россия
  • Өндіруші: ООО «ИНФАМЕД К»
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
1 л препараттың құрамында: белсенді зат - бензилдиметил[3 - (миристоиламин)пропил]аммоний хлориді моногидраты (сусыз затқа шаққанда) - 0,1 г. қосымша зат: тазартылған су.
Қолданылуы
Әр түрлі инфекцияларға арналған емдік-профилактикалық дәрі ретінде. Оториноларингология: жедел және созылмалы отиттерді, синуситтерді, тонзиллиттерді, ларингиттерді, фарингиттерді кешенді емдеу. 3 жастан 14 жасқа дейінгі балаларда жедел фарингитті және/немесе созылмалы тонзиллиттің өршуін кешенді емдеу үшін қолданылады. Стоматология: ауыз қуысының инфекциялық-қабыну ауруларын емдеу және профилактикасы: стоматит, гингивит, пародонтит, периодонтит. Алмалы-салмалы протездерді гигиеналық өңдеу. Хирургия, травматология: іріңдеудің профилактикасы және іріңді жараларды емдеу. Тірек-қимыл аппаратының іріңді-қабыну процестерін емдеу. Акушерия-гинекология: босанғаннан кейінгі жарақаттардың іріңдеулерін, бұтаралық пен қынаптың жараларының, босанғаннан кейінгі инфекциялардың, қабыну ауруларының (вульвовагинит, эндометрит) профилактикасы және емдеу. Комбустиология: беткейлік және II және IIIA дәрежелі терең күйіктерді емдеу, күйік жараларын дерматопластикаға дайындау. Дерматология, венерология: пиодермия мен дерматомикоздарды, тері мен шырышты қабықтардың кандидоздарын, аяқ микоздарын емдеу және профилактикасы. Жыныстық жолмен берілетін аурулардың (мерез, соз, хламидиоз, трихомониаз, генитальді герпес, генитальді кандидоз және т.б.) жеке профилактикасы. Урология: жедел және созылмалы уретриттер мен спецификалы (хламидиоз, трихомониаз, соз) және спецификалы емес сипаттағы уретропростатиттерді кешенді емдеу.
Қарсы көрсетілімдер
- әсер етуші затқа аса жоғары сезімталдық - 3 жасқа дейінгі балалар, реактивті ларингоспазм қаупіне байланысты 3 жасқа дейінгі балаларға тамақты мен бадамша бездерді шаю үшін спрей түрінде препаратты қолдану ұсынылмайды.
Дозасы
Жергілікті немесе сыртқа. Оториноларингология Іріңді гайморит кезінде - пункция кезінде жоғарғы жақсүйек қойнауы препараттың жеткілікті мөлшерімен жуылады. Тонзиллиттерді, фарингиттерді және ларингиттерді тамақты шаю және/немесе бүріккіш саптаманың көмегімен тәулігіне 3-4 рет, 3-4 рет басып сулау арқылы емдейді. Бір шаюға арналған препараттың мөлшері 10-15 мл. 3 жастан асқан балаларда: жедел фарингит және/немесе созылмалы тонзиллиттің өршуі кезінде жұтқыншақты сулауды бүріккіш-саптаманың көмегімен жүзеге асырады. 3-6 жастағы балаларға: бүріккіш-саптаманың басын бір рет басу арқылы (бір сулауға 3-5 мл), тәулігіне 3-4 рет; 7-14 жастағы балаларға екі рет басу арқылы (бір сулауға 5-7 мл), тәулігіне 3-4 рет; 14 жастан асқан балаларға 3-4 рет басу арқылы (бір сулауға 10-15 мл), тәулігіне 3-4 рет. Емнің ұзақтығы ремиссияның басталу мерзіміне байланысты 4-тен 10 күнге дейін құрайды. Стоматология Стоматиттер, гингивиттер, пародонтиттер кезінде ауыз қуысын тәулігіне 3-4 рет препараттың 10- 15 мл шаю ұсынылады. Хирургия, травматология, комбустиология Профилактикалық және емдік мақсатта жаралар мен күйіктердің бетін сулайды, жаралар мен жыланкөз жолдарын жай тампондайды, препаратқа малынған дәке тампондарын бекітеді. Емдеу шарасы 3-5 күн ішінде тәулігіне 2-3 рет қайталанады. Препаратты тәулігіне 1 литрге дейін шығындап жаралар мен қуыстарды белсенді дренаждау әдісі аса тиімді болып табылады. Акушерия, гинекология Босанғаннан кейінгі инфекцияның профилактикасы мақсатында босанғанға дейін (5-7 күн) қынаптық сулау түрінде, әрбір қынаптық зерттеуден кейін босану кезінде және босанғаннан кейінгі кезеңде 2 сағат экспозициямен тампон түрінде 50 мл препараттан 5 күн бойы қолданылады. Қынаптық сулау ыңғайлы болу үшін гинекологиялық саптаманы қолдану ұсынылады. Құтының ішіндегісін гинекологиялық саптаманың көмегімен қынапқа енгізу және сулау керек. Әйелдерді кесарь тілігі арқылы босандыру кезінде операция алдында тікелей қынап, операция кезінде - жатыр қуысы мен оның тілігі өңделеді, ал операциядан кейінгі кезеңде препаратпен суланған тампондар 7 күн ішінде 2 сағат экспозициямен қынапқа енгізіледі. Қабыну ауруларын емдеу курспен 2 апта бойы препарат жағылған тампондарды қынап ішіне енгізу жолымен, сондай-ақ дәрілік электрофорез әдісімен жүргізіледі. Венерология Жыныстық қатынастан жұғатын аурулардың профилактикасы үшін препарат жыныстық қатынастан кейін 2 сағаттан кешіктірмей қолданылса тиімді болады. Құтының ішіндегісін урологиялық аппликатордың көмегімен несеп шығару өзегіне 2-3 мин: ерлерге (2-3 мл), әйелдерге (1-2 мл) және қынапқа (5-10 мл) енгізу керек. Ыңғайлы болу үшін гинекологиялық саптаманы пайдалану ұсынылады. Санның, қасағаның, жыныстық мүшелердің ішкі беткейлерінің терісін өңдеу керек. Емшарадан кейін 2 сағат бойы кіші дәретке шықпау ұсынылады. Урология Уретрит пен уретропростатитті кешенді емдеуде уретраға 2-3 мл препаратты күніне 1-2 рет бүркеді, курс - 10 күн. Пациенттердің ерекше топтары Балалар Препаратты 3 жасқа дейінгі балаларда қолданудың қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған. Егде жастағы пациенттер (65 жастан асқан). Шектеусіз. Бауыр және бүйрек функциясы бұзылған пациенттер. Шектеусіз. Енгізу әдісі мен жолы Дәрілік зат сулау, шаю және аппликация түрінде қолданылады Жалпы нұсқаулар Препарат қолдануға дайын. Бүріккіш саптамасы бар қаптаманы пайдалану жөніндегі нұсқаулар: Құтыдан қалпақшаны алып тастау, 50 мл құтыдан сондай-ақ урологиялық аппликаторды алып тастау керек. Берілген бүріккіш-саптаманы қорғаныс қаптамасынан алыңыз. Бүріккіш-саптаманы құтыға жалғаңыз. Бүріккіш-саптаманы қайта басу арқылы іске қосыңыз. Гинекологиялық саптамасы бар 50 мл қаптаманы пайдалану бойынша нұсқаулар: Құтыдан қалпақшаны алып тастаңыз. . Берілген гинекологиялық саптаманы қорғаныс қаптамасынан алыңыз. Гинекологиялық саптаманы құтыға урологиялық аппликаторды алып тастамай жалғаңыз

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.