+1025 бонус

МИНИРИН МЕЛТ 120 мкг №30 таб

9:00-ден кейін қолжетімді
20500 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Десмопрессин
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Великобритания
  • Өндіруші: Каталент Ю.К. Свиндон Зидис Лтд
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір лиофилизаттың құрамында белсенді зат - Десмопрессин 0.060 мг, 0.120 мг және 0.240 мг (препараттың әр дозасында 60 мкг, 120 мкг немесе 240 мкг десмопрессин ацетаты бар, десмопрессиннің бос негізіне баламалы) қосымша заттар: желатин, маннитол, сусыз лимон қышқылы.
Қолданылуы
- орталық генездегі қантсыз диабет - гипофизэктомиядан кейін немесе гипофиз тұсына жасалған хирургиялық операциядан кейінгі полиурия/полидипсия. - бастапқы түнгі энурезді емдеу
Қарсы көрсетілімдер
- десмопрессинге немесе препараттың басқа компоненттеріне аса жоғары сезімталдық - туа біткен немесе психогенді полидипсия (несеп түзілу көлемі 40 мл/кг артық/24 сағат), маскүнемдік - этиологиясы әртүрлі ісінулер - жүрек функциясының жеткіліксіздігі және несеп айдайтын препараттарды тағайындауды талап ететін басқа да жағдайлар. Минирин МЕЛТ артериялық қысымының деңгейі қалыпты пациенттерге ғана қолданылуы керек. - гипонатриемия - бүйрек функциясының жеткіліксіздігі (креатинин клиренсі 50 мл/мин төмен) - антидиурездік гормонның адекватты емес секреция синдромы - 5 жасқа дейінгі балалар (орталық генездегі қантсыз диабет және бастапқы түнгі энурез) - 65 жастағы және одан үлкен пациенттер, егер десмопрессин никтурия мен бастапқы түнгі энурезді емдеу үшін пайдаланылса
Дозасы
Қолдану жөніндегі нұсқаулар Емнің басында препараттың оңтайлы дозасын дәрігер несептің осмолярлығы мен көлемін ескере отырып, жекелей анықтайды. Емді екі параметрге сәйкес жүргізу керек: ұйқының қажетті ұзақтығы және теңдестірілген су теңгерімі. Препаратты тамақ ішкеннен кейін біраз уақыттан кейін қабылдайды, өйткені тамақ ішу препараттың сіңірілуіне және оның тиімділігіне әсер етуі мүмкін. Орталық генездегі қантсыз диабет Гипофизэктомиядан кейін немесе гипофиз тұсына жасалған хирургиялық операциядан кейін полиурия/полидипсия. Дозаны әрбір пациент үшін жекелей анықтайды. Балалар мен ересектер үшін ұсынылған бастапқы дозасы тәулігіне 3 рет 60 мкг құрайды, тіл астына. Доза пациенттің реакциясына байланысты жекелей реттеледі. Орташа тәуліктік дозасы 120 мкг - 720 мкг құрайды. Пациенттердің көпшілігі үшін оңтайлы емдеуге күніне 3 рет 60 - 120 мкг Минирин МЕЛТ препаратын қабылдағанда қол жеткізіледі. Пероральді лиофилизатты жұтар алдында 10 секунд бойы тіл астында ұстау керек. Сұйықтықтың іркілу симптомдары және/немесе гипонатриемия туындаған жағдайда емдеуді тоқтату және дозаны түзету қажет. Сәбилер: Сәбилерге қолданылмайды. Бастапқы түнгі энурез. Тиімді терапиялық доза жеке көрсеткіштерге байланысты өзгереді және емдеуге реакцияға сәйкес түзетіледі. Бүйректің қалыпты концентрациялық қабілеті бар балалар (5 жастан асқан) және ересектер (65 жасқа дейін): ұсынылған бастапқы дозасы - ұйықтар алдында 120 мкг, тіл астына. Әсері жеткіліксіз болған жағдайда доза 240 мкг-ға дейін артуы мүмкін. Емдеу кезінде түнгі уақытта сұйықтықты қабылдауды шектеу қажет. Судың іркілу/гипонатриемия белгілері пайда болған жағдайда емдеуді тоқтату және дозаны түзету қажет. Емдеу мерзімі - 3 айға дейін. Одан әрі емдеу қажеттілігін емдеуді кейін кемінде 1 апта мерзімге тоқтатқаннан қайта қарастыру керек. Егер тиісті дозаны қабылдаудың бір апта ішінде адекватты клиникалық әсерге қол жеткізілмеген болса, емдеуді тоқтату керек.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.