+87 бонус

МИЛУРИТ 200 мг №30 таб

1740 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Аллопуринол
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Венгрия
  • Өндіруші: Эгис Фармацевтический завод ОАО
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында белсенді зат - 100 мг, 150 мг, 200 мг және 300 мг аллопуринол Қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза, натрий карбоксиметилкрахмалы (А типі), желатин, магний стеараты, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы (150 мг, 200 мг, 300 мг дозалары үшін) лактоза моногидраты, картоп крахмалы, повидон к-25, тальк, магний стеараты, натрий карбоксиметилкрахмалы (А типі) (100мг дозасы үшін) Әрбір 100 мг таблеткасының құрамында 0,07 мг - 0,11 мг (0,003 - 0,005 ммоль) натрий бар Әрбір 150 мг таблеткасының құрамында 0,28 мг - 0,42 мг (0,0122 - 0,0183 ммоль) натрий бар. Әрбір 200 мг таблеткасының құрамында 0,37 мг - 0,56 мг (0,0162 - 0,0244 ммоль) натрий бар. Әрбір 300 мг таблеткасының құрамында 0,56 мг - 0,84 мг (0,024 - 0,037 ммоль) натрий бар
Қолданылуы
Ересектер: гиперурикемияның диетамен бақылауда ұстау мүмкін емес барлық түрлерінде, соның ішінде, шығу тегі әртүрлі салдарлы гиперурикемияда, және гиперурикемияның клиникалық асқынуларында, атап айтқанда, айқын подаграда, ураттық нефропатияда, сондай-ақ, несеп қышқылы кристалдарын еріту және несеп қышқылы (бүйрек тастарының) түзілуінің алдын алу үшін егер түрлі сұйықтықтарды қолдану, диета ұстау және сол сияқты шаралардың әсері болмаса, гиперурикемиямен қатар жүретін қайталанатын, аралас кальций оксалаты кристалдарын емдеу үшін. Балалар мен жасөспірімдер: шығу тегі әртүрлі салдарлы гиперурикемияда лейкозды емдеуде несеп қышқылынан туындаған нефропатияда туа біткен фермент жеткіліксіздігінде, Леш-Найхан синдромында (гипоксантин – гуанин - фосфорибозилтрансферазаның толық немесе ішінара жеткіліксіздігі) және аденин-фосфорибозил-трансфераза жеткіліксіздігінде.
Қарсы көрсетілімдер
әсер етуші затқа немесе қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
Дозасы
Ересектер Жағымсыз әсерлердің даму қаупін төмендету үшін емдеуді тәулігіне бір рет 100 мг бастапқы дозасынан бастау керек. Қажет болса, егер қан сарысуындағы несеп қышқылының деңгейі жеткіліксіз төмендесе, бастапқы дозасын біртіндеп арттырады. Егер бүйрек функциясы төмен болса, ерекше сақтық таныту керек («Бүйрек функциясының бұзылулары» қосалқы бөлімін қараңыз). Препарат дозасын таңдағанда келесі дозалау режимдерін пайдалану ұсынылады: - аурудың ауырлығы жеңіл дәрежеде болса тәулігіне 100–200 мг - ауырлық дәрежесі орташа жағдайларда тәулігіне 300–600 мг - ауыр дәрежелі жағдайларда тәулігіне 700–900 мг. Егер дозасын есептеуде пациенттің дене салмағына қарау керек болса, онда Милурит препаратының дозасы тәулігіне 2-ден 10 мг/кг дейінді құрауы тиіс. Пациенттердің ерекше топтары Балалар мен 15 жасқа толмаған жасөспірімдер Ұсынылатын дозасы тәулігіне 10–20 мг/кг. Төмен дозалары үшін 100 мг таблеткалар пайдаланылады, оларды сызығының көмегімен 50 мг-ден бірдей екі дозаға бөлуге болады. Ең жоғары тәуліктік дозасы - үш қабылдауға бөлінген 400 мг. Аллопуринол қатерлі онкологиялық ауруларда (әсіресе лейкемия) және кейбір ферментативтік бұзылуларда (мысалы, Леш-Найхан синдромы) балаларды емдеу үшін сирек қолданылады. Егде жастағы пациенттер Нақты деректер болмаған жағдайда қан сарысуындағы несеп қышқылы концентрациясының айтарлықтай төмендеуін қамтамасыз ететін ең төмен тиімді дозаларын қабылдау керек. Бүйрек функциясы бұзылған пациенттер үшін және 4.4 бөлімінде аталған кейбір басқа да жағдайларда препарат дозасын таңдаудағы ұсынымдарға айрықша назар аудару қажет. Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер Аллопуринол мен оның метаболиттері организмнен бүйрек арқылы шығарылатын болғандықтан, бүйрек функциясының бұзылуы әсер етуші зат пен оның метаболиттерінің организмде іркілуіне, кейіннен осы қосылыстардың қан плазмасынан жартылай шығарылу кезеңінің ұзаруына алып келуі мүмкін. Келесі сызба бүйрек функциясы жеткіліксіздігі кезінде дозасын түзету үшін бағдар қызметін атқара алады:

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.