+77 бонус

МИЛОФЕН 100 мг/5 мл 100 мл сусп

1550 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Ибупрофен
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Болгария
  • Өндіруші: ДАНСОН-БГ ООД
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы 5 мл суспензия құрамында: белсенді зат - ибупрофен, 100 мг, қосымша заттар: полисорбат 80, глицерин, сұйық мальтитол, натрий сахаринаты, лимон қышқылы моногидраты, натрий цитраты, ксантан шайыры, натрий хлориді, домифен бромиді, «тутти-фрутти» хош иістендіргіші, тазартылған су.
Қолданылуы
Өмірінің 3 айынан 12 жасқа дейінгі балаларға симптоматикалық қызу түсіретін және ауыруды басатын дәрі ретінде (ауырлығы жеңіл және орташа дәрежедегі ауырсыну синдромында) келесі жай-күйлерде: екпеден кейінгі реакцияларды қоса, дене температурасының көтерілуімен қатар жүретін инфекциялық-қабыну ауруларында жедел респираторлық ауруларда (суық тию, тұмау) тамақтың ауыруы және тіс жару кезіндегі ауырсынулар отит, бас және тіс ауыруында созылулар кезіндегі ауырулар және басқа ауырсыну түрлері
Қарсы көрсетілімдер
әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық анамнезде ацетилсалицил қышқылын (АСҚ) немесе басқа қабынуға қарсы стероидты емес препараттарды (ҚҚСП) қабылдаумен байланысты бронх түйілуі, бронх демікпесі, ринит, ангионевроздық ісіну немесе есекжемнің болуы анамнезінде ҚҚСП емімен байланысты асқазан-ішек қан кетуі немесе тесілуі бар пациенттерге белсенді фазадағы немесе анамнездегі қайталамалы пептидтік ойық жарасы/қан кетуі (анамнезде расталған ойық жара ауруының немесе қан кетудің екі немесе одан көп білінетін көрінісі) бар пациенттерге цереброваскулярлық немесе басқа белсенді қан кетуі бар пациенттерге ауыр бауыр жеткіліксіздігі немесе ауыр бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерге ауыр жүрек жеткіліксіздігі (NYHA жіктеуі бойынша функционалдық IV класс) бар пациенттерге шығу тегі түсініксіз қан түзілуінің бұзылулары бар пациенттерге жүктіліктің III триместрі айқын дегидратациясы бар пациенттерге (құсу, диарея немесе жеткіліксіз сұйықтық ішу нәтижесінде) 3 айлық жасқа дейінгі нәрестелер 5 кг-ден аз дене салмағы тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы
Дозасы
Егер препаратты ұзаққа созылмайтын уақыт аралығында симптомдарды жоюға қажетті ең төмен тиімді дозада қабылдаса, жағымсыз әсерлерінің туындау қаупін барынша азайтуға болады. МИЛОФЕН препаратының тәуліктік дозасы әр 6-8 сағат сайын бөлінген дозаларда дене салмағына 20-30 мг/кг құрайды (қабылдаулар арасындағы ең қысқа аралық - 4 сағат). Дозалау үшін өлшеу шприцін қолданыңыз.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.